- •Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.6 Оқыту нәтижелері
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Баға туралы ақпарат
- •Рейтинг-деңгей
- •1.10 Курстың саясатымен процедурасы (оқу барысында магистранттарға қойылатын талаптар мен ұсыныстар)
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары Барлығы (несиелер) 2
- •4 Тақырып. Сталин және сталинизм
- •9 Тақырып. Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер
- •10 Тақырып. Қазақстандағы сталиндік-голщекиндік геноцид
- •11 Тақырып. Жаппай саяси қуғын-сүргін.
- •12 Тақырып. Соғыстан кейінгі жылдарда тоталитарлық тәртіптің күшеюі
- •13 Тақырып. Қазақстан сталинизмнің дағдарысы жылдарында
- •14 Тақырып. Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі
- •15 Тақырып. Қазақстан тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейін
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары.
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын магистранттардың өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.6. Магистранттардың өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •3. Үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. Жаппай қуғын-сүргін.
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе.
- •1.Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus………........3
- •1.2 Пән туралы мәліметтер.................................................................3
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Тарих мамандығы үшін
мамандық: - Магистратура - 6М020300 –Тарих
Оқу түрі – күндізгі
Қарағанды 2012
Құрастырған: Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы» атты арнайы курс бойынша оқу-әдістемелік комплексінде пәннің мазмұны, лекция жоспары мен тезистері, семинар сабағының жоспары, семинар абақтарында дайындық үшін әдістемелік нұсқаулар, оқытшының басқаруымен магистранттардың өзіндік жұмыстарының жоспары, жазбаша жұмыстарының тақырыптары берілген.
«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы» пәні бойынша тарих факультетінің магистранттарына арналған оқу-әдістемелік кешен /Дайынд. т.ғ.к., доцент Қ.С.Өскембаев Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. – 91 бет.
@ Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер
Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы т.ғ.к., Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті.
Жұмыс телефоны 77-04-09, E-mail. k.uskembayev@gmail.com;
1.2 Пән туралы мәліметтер
Пән атауы: «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы»
Өткізу орны. №3 оқу корпусы.
Несие саны – 3
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс |
Семестр |
Кредит |
Дәріс |
Семинар |
МОӨЖ |
МӨЖ |
барлығы |
Бақылау түрі |
1 |
1 |
3 |
10 |
20 |
60 |
- |
90 |
Емтихан (ауызша) |
1.3 Пререквизиттері:
Университеттік «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы» курсын меңгеру үшін магистрант:
- Қазіргі заман тарихы бойынша мектеп бағдарламасы көлемінде нақты материалдарды білуі;
- деректі құжаттардың фрагменттерімен жұмыс істеуге деген бейімділігі;
-тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстылығын айқындай алатын қабілеттілігі керек.
1.4 Постреквизиттері:
«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы» курсын оқу барысындағы білімдарлық келесі пәндерді игеруге қолданылады және тиімді жұмыс істеуге мүмкіншілік береді:
- Құқық және мемлекет тарихы
- Қазақстан экономикасының тарихы
- Әлеуметтану
- Мәдениеттану
- Саясаттану
- Философия
1.5 Курстың қысқаша мазмұны: «Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы» (мамандық пәнін) тереңдете меңгеру үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихынан», «Қазақстан халықтары мәдениеті тарихынан (ХХ ғасыр)», «КСРО тарихынан», «Алаш қозғалысы», «Саясаттану» пәндерінен білім деңгейі болуы керек. Қазақстанда орныққан тоталитарлық жүйе мен саяси қуғын-сүргін қазақ елінің өсіп өркендеуіне, әлемдік өркениеттен өз орнын алуына тосқауыл қойды. Тоталитарлық жүйе ұлт зиялыларын, ғұлама ғалымдарды саяси қуғын-сүргінге салып, ақыл ойдың ғарыштап дамуын да тежеді. Оның ұлт болмысына кері әсері боды. пәннің тереңдей қарастыратын негізгі тақырыбы – Қазақстанда тоталитарлық жүйе орнығуының тарихы. Тоталитарлық жүйенің саяси-әлеуметтік және экономикалық негіздерінің қалыптасуы: себептері, барысы, күйреуі. тақырыпты ашу мақсатында тарихи деректер мен ғылыми тұжырымдарға, қазақ зиялыларының шығармаларының түпнұсқаларына ерекше мән беріледі.
