Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Ақ босаға

            Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шекара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.

Отбасы– ошақ қасы

            Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.

ТӨР

   Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.

Әйелдер жақ

            Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді.Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар ағаштөсек тұрады.

Ерлер жақ

            Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Венн диаграммасы арқылы киіз үй мен қабатты үйді салыстыру

Қабатты үй – жарық, терезе, балкон, еден, бұрыш, қабырға, төбе

Киіз үй

Түндік көшпелі, жинайды, құрады

Ұқсастығы - жылы, адамдар тұрады, есігі бар, ішінде жиһаз болады

 

7-тапсырма Үй, баспана туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

8-тапсырма Сөзжұмбақ шешу

1 Киіз үйдің негізгі қаңқасы?

2 Уықтың кереге басына байланатын жағы?

3 Ең ұзын кереге желісі?

4 Киіз үй жабуы?

5 Шаңырақ бөлшегі?

6 Кереге, уық, шаңырақ-бұл киіз үйдің несі?

к

и

і

з

ү

й

2 СӨЖ тапсырмасы

1 «Тұрғын үй құрылысы» мәтінін ауызша баяндаңыз.

2 Тұрғын үй дизайны туралы хабарлама жасаңыз.

3 Қала, ауыл үйлерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы пікірталасқа дайындалып келу.