Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Отбасының қоғамдағы орны

Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Қоғамда отбасының алатын орны үлкен. Әрбір отбасы мүшесі – қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар. Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан, 1993 жылдан бастап 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні болып аталады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.

3-тапсырма Сұхбатты аяқтаңыз

-Менің атым – Елена, ал сенің атың кім?

-Менің атым – Әділ.

-Сенің отбасың бар ма?

-Иә, бар.

-Үлкен бе?

-Жоқ, үлкен емес, шағын: ...............................

-..........................................................................

-..........................................................................

-.........................................................................

-.........................................................................

4-тапсырмаСөйлемдерді қалпына келтіріңіз.

1. аты, менің атым, Мейіржан, әкемнің, Алуа.

2. оқимын, мен, С. Сейфуллин атындағы, Қазақ агротехникалық, университетте.

3. мектепте, ол, қаласындағы, №15, пәнінің, Астана, биология,мұғалімі.

4. ауылда, зейнеткерлер, әке мен шешем, істейді, ағаларым, жұмыс.

5. жездесі, кісі, Жұлдыздың, бұл.

6. шағын, емес, отбасымыз, үлкен, біздің

5-тапсырма Төмендегі сөздерге ІІІ жақта тәуелдік жалғауларын жалғаңыз.

Ата-ана, ата, әже, әке, ана, бала, күйеу бала, қыз, ұл, тұңғыш, ортаншы, кенже, ата, апа, келін, жеңге, жезде, немере, сіңлі,қарындас, іні, аға, жиен, бөле, нағашы, ағайын, бауыр.

3-сабақ Лексика: ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

Грамматика: Сын есімнің жасалуы. Жай сөйлем

1-тапсырма Мәтінді оқып, ондағы ойды жалғастырыңыз

Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді.

Әлеуметтік қорғау – бұл қолайсыз жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

- негізгі әлеуметтік қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

- азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтары мен қызметтерге қол жеткізуі.

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.

Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесі заңнаманың толық жүйелілігінің, атаулылының жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен және күрделілігімен сипатталады.

2-тапсырма Мәтіннен -дық/-дік; -тық/-тік; -лық/-лік жұрнақтарымен жасалған зат есімдерді бір бағанға, сын есімдерді екінші бағанға теріп жазыңыз

Үлгі: Кәрілік – Әлеуметтік

3-тапсырма Берілген сөздерге -лы/-лі; -ды/-ді; -ты/-тіжұрнақтарын жалғап, сын есім жасаңыз

Білім, ақыл, сый, ақы, құрмет, бас, отбасы, ата, бала, ғұмыр, аяз, жел.

4-тапсырма Төмендегі зат есімдерісын есімдермен тіркестіріңіз

Үлгі: Жүйрік ат. Ауыр жүк. Жақсы адам.

Бал. Қыз. Жігіт. Ата. Әже. Әке. Аға. Жылқы. Ит. Мысық. Дәрігер. Сөз. Дәптер.Кітап. Үй. Қағаз. Бор. Орман. Үстел. Қалам. Шай. Жаттығу. Ойыншық.Қарындас. Доп. Көзілдірік.

5-nапсырма Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз

Әдепті аспан

Кең көйлек

Ашық көше

Терең тау

Қысқа бала

Биік өзен

1 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Отбасы – шағын мемлекет» тақырыбын мазмұндау.

2-тапсырма«Отбасы ұлт бақыты»тақырыбында эссе жазу.

3-тапсырма «Жас отбасы бюджеті», «ҚР демографиялық мәселелер», «Жас отбасынының негізгі шығындары», «ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі» тақырыптарында пікірталас жүргізуге дайындалу.

4-тапсырмаӨлеңді жаттап алыңыз: