Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

І модуль: отан отбасынан басталады

1-сабақ Лексика: Отбасы – шағын мемлекет

Грамматика: Ілік септік пен тәуелдік жалғау. Сөз тіркесі

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз:

1 Отбасы дегеніміз не?

2 Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

3 «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенді қалай түсінесіз?

4 Неліктен «Отбасы – шағын мемлекет»  дейміз?

5 Отбасындағы ата-ананың міндеттері қандай?

6 Отбасында қанша бала болу керек деп ойлайсыз?

7 Баланың міндеттері қандай?

2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз:

Отбасы мүшелері

3-тапсырма Сөйлемдерді толықтырыңыз:

А там атамның

Әжем әжемнің

Әкем әкемнің

Анам анамның

Қарындасым ... жаста Менің қарындасымның жасы ...

Інім інімнің

Ұлым ұлымның

Қызым қызымның

атам

әжем

әкем ... -те

анам ... -та

Менің қарындасым ... -да

інім ... -де

ұлым

қызым

4-тапсырма Сөйлемдерді аяқтаңыз:

Менің атым __________________________ .

Жасым ______________________________ .

Менің отбасым _______________________.

Әкем ________________________________.

Оның жасы ___________________________ .

Шешем ______________________________.

Оның жасы ___________________________.

Інім ________________________________.

Оның жасы _________________________ .

Қарындасым _________________________.

Оның жасы _________________________ .

5-тапсырмаТөменде берілген туыстық атауларды аударып, олармен сөйлем құрастырыңыз:

Дедушка, бабушка, отец, мать, старший брат, дядя, старшая сестра, тётя, младший брат, братишка, младшая родная или двоюродная сестра,зять, жена старшего брата,сноха, невестка, дитя, мальчик, ребенок, внук, правнук.

8-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз:

Отбасы – шағын мемлекет

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

9-тапсырма Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз:

Үлгі: Отбасының берекесі неде?

10-тапсырма Отбасы, жанұя туралы мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз:

Үлгі:Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.Мағынасы: Баласы бар үйде өте көңілді, қызықты, ал баласы жоқ үйде тып-тыныш, көңілсіз, жабырқау.

2-сабақ Лексика: Отбасы және ұлттық құндылықтар

Грамматика: Зат есімнің жасалуы. Тұйық етістік

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз:

1 Отбасыңызда мереке, атаулы күндерді қалай тойлайсыздар?

2Өз ұлтыңыздың салт-дәстүрі туралы не білесіз?

3Жанұяңызда ұлттық дәстүрлерді ұстанасыздар ма?

4Ата-анаңыздың отбасылық достары туралы не айта аласыз?

2-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз және мазмұндаңыз