Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

XXI модуль түгел сөздің түбі бір

Лексикалық тақырып:

  1. Көне түркі жәдігерлері сыр шертеді

  2. Көне түркі жазуын меңгереміз.

  3. Орта ғасыр ойшылдары

1-тапсырма. Көне түркі жәдігерлері туралы мәтінді оқып, әл Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари және Х.Дулати жайлы, олардың еңбектері жайлы деректерді жазып алыңыз.

Ортағасырлық жазба ескерткіштер ешқашан нақты бір елдің еншісіне жазылған, ия меншіктелген емес. Ол жалпыға ортақ дүние саналып келеді. Сондықтан да біз оны «көне жәдігерлер» деп те, «түркі жәдігерлері» деп те атаймыз. Тіпті олардың кейбіреулері әлемдік дүниелер қатарына жатқызылады. Мысалы, Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген, «Шығыстың Аристотелі» атанған ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің (870–950 жж.) еңбектері – әлемдік деңгейдегі ортақ мұра саналады. Оның философия, логика, астрономия, медицина, география, геометрия, этика, педагогика, тіл білімі, акустика және т.б. ғылыми мәселелерді қамтыған трактаттары ғылым бұлағының бастауы болған еңбектер. Ал ХI ғасырда өмір сүрген аса көрнекті ғалым Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидің (шама. 1015–1075 жж.) «Құтты білік» (һ.ж. 462/1707 ж.) шығармасы көне түркі тілдес халықтардың тарихынан, қоғамдық-саяси өмірінен, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінен құнды мағлұматтар беретін дерек. Жүсіп Баласағұнидің замандасы – Махмұд Қашқаридің (1029–1101 жж.) «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбегі түркі тілінің грамматикасын түзеген, түркі тілінің өрісін кеңейткен энциклопедиялық анықтамалық шығарма. Сондықтан бұл аталған еңбектер барша түркі жұртының бәріне ортақ мұралар.

Сол секілді әлемдік ортағасыр әдебиетіне озық үлгілі екі шығарма қосқан Мырза Хайдар Дулатидің де түркі тіліндегі «Жаһаннама» атты поэмасы мен парсы тіліндегі «Тарих-и Рашиди» (1499 –1551 жж.) еңбегі кәсіби тарихшылар мен зерттеушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие мұра. «Тарих-и Рашиди» Шыңғыс ханның, оның ұрпақтары – Шағатай мен Жошының билігі жайлы, сол дәуірдегі саяси-қоғамдық тағдыры баяндалған,  Қазақ хандығының қалыптасу тарихы сөз болған құнды тарихи шығарма. Тарихтан өзге жағрафиялық, тілдік, пәлсапалық және т.б. мағлұматтары да аса жоғары бағаланатын туынды.

Осы аталған шығармалардың қолжазба нұсқалары шетелдік мұрағаттарда сақтаулы. Мысалы, «Тарих-и Рашидидің» парсы және түрік тілдеріндегі бірнеше қолжазба нұсқалары Британия мұражайында, Тегеран университетінің кітапханасында, Ташкенттегі Ә.Бируни атындағы шығыстану институты қолжазбалар қорында, Душанбе жазба деректер институтындағы қолжазба қорында, Мәскеу қаласындағы Азия халықтары институтының шығыс әдебиеттер бөлімінде, Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербург қаласындағы шығыстану институтының қолжазба қорында  сақтаулы.

Бұны айтып отырғанымыз, бүгінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі түбірлі өзгерістер, ең алдымен тарихи білім жүйесін жаңартуды өткір қойып отырғанда, тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор. Қазақ тарихына қатысты барлық құнды деректер түпнұсқадан текстологиялық талдау жасалып, жаңа көзқараспен қайта қаралу керек. Олай дейтініміз, деректердің тиянақты зерттелуі – егеменді елдің жаңа тарихы мен болашақтағы тарихи таным, ұстанымның қалыптасуына көмектеседі.

2-тапсырма. Көне түркі жазуы туралы деректерді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Көне Түркі жазуы –біздің заманымыздан бұрынғы (бұдан былай б.з.б.деп қысқартылып беріледі) V ғасыр - б.з. X ғасырында Орта Азия түркі тайпалары қолданған жазу. Бұл жазулар алғаш рет Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы) табылды. Сондықтан да оны басқаша «Орхон-Енесей жазба ескерткіштері» деп атайды. Кейде оны «руник жазбасы», «руникалық жазбалар» деп те атайды. Бұл жазбаларға «Алтын ғасыр» кезіндегі (б.з. VIII ғ.) әліппеге 38 таңба және сөз бөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке және жуан дыбыстылары жазуда айырмашылық жоқ. Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығыХазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары қолданып жүрген Латын және Кирилл әліпбилерін қолданыла бастады.

Сұрақтар:

  1. Көне Түркі жазуын кімдер қолданған?

  2. Көне Түркі жазба ескерткіштері қайдан табылды?

  3. Көне Түркі жазуы қандай қағандық тұсына сай келеді?

  4. Көне Түркі жазуының таралу аймағы қандай?

  5. Қазақ жазуының тарихын атаңыз.   

3-тапсырма. «Мұны білгеніңіз дұрыс!» атты мәтінді оқып, қазақтың кей сөздерінің мәнін түсініңіз.

Біздің заманымыздан бұрынға (әрі қарай б.з.б.) 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде (Мысалы: қазақ тілінде) «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. ІІІ ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. ІІІ және б.з. Ү ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. ІІ-І ғасырларға жатады.

4-тапсырма. Көне түркі жәдігерлерінің авторлары жайындағы деректермен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Жүсіп Баласағүни (1015-1075 жылдары) XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағұни ғылымның табиғаттануматематикаастрономия, тарихарабпарсы тіл білімі сияқты салаларымен де айналысқан.

Жүсіп Баласағұни аты-жөніне қарағанда Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын ол Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған. Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. «Хас Хажиб» деген үлкен атақ бас уәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек.

Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", - деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады. Бұл кітап ел арасына тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің «жарық жұлдызы» деп атарлық әдеби мұра.

Махмұд Қашқари – түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген.

Кейіннен ол бір кездегі әдебимәденирухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясыауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті өз еңбегін араб халқына таныстыру мақсатымен араб тілінде жазған.

Оның Бағдатта тұрып, өз шығармасын түркі тақырыбына арнауының өзі тегін емес. Махмұд өмір сүрген дәуір, бір кездегі гүлденген араб дүниесінің дәурені өтіп, тасы кері кете бастаған кезі болатын. Оның үстіне, Махмұд түркілер тарапынан өз туындысының ескерусіз қалмайтындығын да пайымдаған. Сондықтан да ол өз еңбегінің атын мазмұнына сай етіп "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") деп атаған. Бұл "жинақ" "орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы" деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.

Қожа Ахмет Йассауи - халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақынфилософдін уағыздаушы. Орта ғасыр Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын. Осы заманда ел бірлігін, халықтың татулығын, имандылықты өз шығармаларына арқау еткен бір топ ақын-шайырлар тарих сахнасына шықты. Олар – Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани еді.

Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық, діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI-XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған.

Қожа Ахмет ата-анасынан ерте айырылған, бірақ өте талапты, дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстан баб және Жүсіп Хамаданидан тәлімбілім алады. Одан соң білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырады. Көп ұзамай Ахмет оқымысты, діндар адам болып Йасы қаласына оралады.

Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі – "Диуани хикмет" – "Даналық кітабы". Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған. Бұл еңбектің бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған. Бұл көшірмелер Алматыда, Стамбулда,

ҚоқандаТашкенттеМәскеуде сақтаулы.

Ахмет Йасауидің бұл шығармасы – діни сопылық еңбек. Исламның ішіндегі сопылық бағыт VIII ғасырда пайда болған. Сопылық, өнеге, ұстамдарға халықтық жоғары мораль, адамның ішкі, сыртқы тазалығы, Аллаға сана арқылы ғана емес, өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән.

Ахмет Йасауидің өлеңмен жазылған "Даналық кітабындағы" жеңіл және түсінікті тілмен әсерлі жеткізілген осы қағидалар орта ғасырлардағы түркі халықтарының діни дүниетанымының, моралінің қалыптасуына үлкен әсері болды. Йасауиден кейінгі қазақ жырауларының, ақындарының, ойшылдарының еңбектерінен сопылық ықпал, өнеге анық байкалады.

Ахмет Йасауи 63 жасқа келгеннен кейін: "Енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбар жасынан аспақ күнә", - деп, өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада (қылует) өткізеді. Сонымен Қожа Ахмет Йасауи - XII ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімге, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.

(Уикипедия http://kk.wikipedia.org/wiki)

Сұрақтар:

  1. «Құтадғу біліктің» авторы кім?

  2. Бұл еңбегін ғалым кімге сыйға тартқан?

  3. Жүсіп Баласағүни қай дәуірдің ғалымы?

  4. Жүсіп Баласағүни қай жылдар аралығында өмір сүрді?

  5. Жүсіп Баласағұнның толық аты қалай?

  6. Хас Хажиб деген нені білдіреді?

  7. Баласағұнидың туған жері?

  8. Жүсіп Баласағұни атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегінде қандай ақпарат бар?

  9. Ол бұл еңбегін қайда жазды?

  10. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі не?

  11. Махмұд Қашқари қай ғасырда өмір сүрген?

  12. Махмұд Қашқаридің атақты еңбегі қалай аталады және ол қашан жазылған?

  13. Махмұд Қашқари өз еңбегін неліктен араб тілінде жазылған?

  14. «Диуани лұғат ат-түрік» не жайында?

  15. Қожа Ахмет Йассауи кім және оның еңбегі қалай аталады?

5-тапсырма. Төменде берілген ақпартты оқып, негізгі мәліметтерді жазып алыңыз.

Қорқыт (VIII ғасырда өмір сүрген) — мәшһүр ақын, асқан күйші, аты аңызға айналған кемеңгер, ойшыл. Қазақ музыкасының тарихында ән-күй өнерінің атасы болып есептеледі. Қорқытқа байланысты аңыз-әңгімелер көп. Соның бірі "Қорқыт ата кітабы". Оның авторы, жазылған уақыты не қайда жазылғаны туралы мәлімет жок. Шығарманың екі түрлі колжазбасы бар (Дрезден және Ватикан кітапханаларында сақталған). Олар кейінірек XV ғасырда жазылған. Көптеген тілдерге аударылған. Түпнұсқасы үш рет басылып шықты (Стамбулда, Анкарада, Римде). Орыс тілінде де бірнеше реті жарық көрді, ең бастысы академик В.Бартольд аударған нұсқа (1950 ж. Баку; Москва — Ленинград).

Әл-Фараби (Муххамед ибн Узлаг Тархани Әбунасыр әл-Фараби, 870—950 жж.) — дүниежүзілік білім мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі тарихында "екінші ұстаз" атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым, өнер зерттеушісі, ақын, сазгер (композитор). Сыр бойында, Отырар қаласында (казіргі Шәуілдір ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) туып, Димашик шаһарында қайтыс болған. Әкесі әскербасы болған. Өзі әуелі аулында, сонан соң Шығыстың әйгілі елдерінде (Ирак, Мысыр, Шам, т.б.) оқып білім алған. Араб тілінде көптеген еңбектер жазған, олар дүние жүзінде талай тілдерге аударылып, жан-жақты зерттеліп жүр. Батыс Еуропа елдерінің көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындарында олар (әл-Фараби еңбектері) XVIII ғасырға дейін тұрақты оқулық есебінде қолданылған.

Р.Хорезми (туған, өлген уакыты белгісіз) Ақ Орда (XIV ғ. аяғы мен XV ғ. басында) әдебиеті мен жазба (дәстүрлі алтынордалық) әдеби тілдің көрнекті өкілі, атақты ақын. Оның бізге 1353 жылы жазылған "Мухаббат-наме" ("Махаббат жыры") деген еңбегі мәлім. Еңбек Өзбек ханның баласы Мухаммед Қожабек (1342—1357 жж. Алтын Орданы билеген) ханның сұрауымен жазылған.

Шығарманың бізге екі көшірмесі жеткен: бірі 1508-1509 жж. араб жазуымен, екіншісі 1432 ж. көне ұйғыр жазуымен Йезде каласында жазылған. Екеуі де Лондонда сақтаулы. Біріншісі 47 бет, онда 474 бәйіт (948 жол өлең) бар. Ол – ғашық жігіттің сүйген қызына арнап жазған он бір сәлем хатының жинағы.

(Ә.Құрышжанов. "Ескі түркі жазба ескерткіштері)

6-тапсырма. М.Қашқаридың ел аралап жинаған мақал-мәтелдеріне қазақтың қандай мақал-мәтелдері сәйкес келеді? Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз. Ондағы айтылған ойға жазбаша түсінік беріңіз.

  1. Қорада лақ туса, өрісте оты өнеді.

  2. Сарттың /саудагердің/ азығы адал болса, жол бойы жейді.

  3. Дайын асты алдына тосса, /қонақ оны/ жоқ екен деп ойламайды.

  4. Күн жүзінде сызат жоқ, Бек сөзінде қайту жоқ.

  5. Ерінбегеннің ерні май болады, Ерінгеннің басы қан болады.

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

Государственый язык, тюркские языки, тюркоязычный народ, история казахского языка, к древнетюркским языкам, политический, научный, художественые литературы, представители народов.

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Қазақ халқының мәдениеті - ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан-ұрпаққа, жаңа, рухани

СӨЖ № 7

9-тапсырма. Орта ғасыр ойшылдары жайлы ақпарат дайындаңыз.

10-тапсырма. Төмендегі ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

А.Байтұрсынұлы.

Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Ғ.Мүсірепов.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

М.Әуезов.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

Н.Назарбаев.

  1. Ана тілі ой өсіреді,

Ана сүті бой өсіреді.

2. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3. Сөз тас жарар, тас жармаса бас жарар.

4. Басқа пәле тілден

5. Сөз де ара сияқты

Балы да бар, зәрі де бар

6. Өнер алды –қызыл тіл

7. Сөйлесе білген – үйлесе біледі

8. Сөздің көркі – мақал

Атасы – ақыл

Анасы – тіл

9. Білім кілті - тіл

10. Тіл – қылыштан өткір

11. Піл көтермегенді тіл көтереді

11-тапсырма. Мына афоризмдерді жаттап алыңыз.

1. Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады. (Асан Қайғы)

2. Кей сөздердің асыл шақпақ тасқа шаққандай боп әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар. (М.Әуезов )

3. Тіл де мәдениетпен қатар өркендейді. А.Н.Толстой 4.Ысылмаған ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады. (Ғ.Мұстафин) 5.Данышпанның сөзі дәулеттен артық. ( Сахиб Жамал) 6.Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі. (К.Маркс) 7.Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны және күрделісі. (О.Бальзак)

8.Сөз - өмірдің ұлы қаруы. (В.Г.Короленко) 9.Жақсы айтылған сөз, қай тілде айтылса да, жаттық қылмайды. (Лопе де Вега)

10.Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. (Ғ.Мұстафин) 11.Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, саналы сөзімен сәнді. (Ә.Науайи) 12.Сөз – ұлы нәрсе. Ұлы дейтін себебіміз – сөзбен адамды достастыруға да болады, жауластыруға да болады... Адамдарды бір-бірімен алшақтататын сөзден сақтан. Л.Н.Толстой

13.Сөз – барлық фактілердің, барлық ойдың киімі. М.Горький

14. Тіл өнері – дертпен тең. (Абай). 15.Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. (Ғ.Мұстафин)

Лексикалық тақырып: Нобель сыйлығының лауреттары

  1. Нобель сыйлығының лауреаты.Альфред Нобель сыйлығы

  2. Мен білетін ұлы ғалым.

  3. Нобель сыйлығын алмаған ғұлама.

1-тапсырма. Нобель сыйлығы жайлы ақпаратты оқып, ол жайында сұхбат құрастырыңыз.

Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. Бұл сыйлық 1895 жылы Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған және ол әдебиет, физика, химия, физиология және медицина саласының өкілдеріне және бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет етушілерге беріледі.

Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.

1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 миллион швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті. Жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі: Физика – 1901жылдан бастап, Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология – 1901 жылдан бастап, Швеция Экономика – 1969 жылдан бастап, Швеция Әдебиет – 1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап.

2-тапсырма. «Мен білетін ұлы ғалым» атты мәтінді оқып, мәтін бойынша сұхбат құрастырңыз.

  Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Оның шын аты Мұхамедханафия. Оны Шоқан деп еркелетіп атап кеткен анасы Зейнеп Шорманқызы еді. Шоқанның балалық шағы табиғаты көркем Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарған. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары да осал емес — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Мұса Шорманов орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.

Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Ол сурет салуды да ерте үйренді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті. Олар Уәлихановтардың отбасында жиі болып тұратын. Болашақ ғалымның дүниеге көзқарасының қалыптасуына жиі-жиі қонаққа келіп тұратын декабристер де ықпал етті. Олар бәрін білуге құмар жас баланың бойында ғылымға, әдебиет пен өнерге деген құштарлықты күшейте түсті.    Шоқан жас кезінен халық ауыз әдебиетінің үлгілеріне ерекше ден қойды. Ол бала кезінің өзінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Көкше» сияқты басқа да дастандардың бірнеше нұсқасын жазып алды.

3-тапсырма. Академик Қаныш Сәтбаев туралы мәтінді оқып, төмендегі сауалдарға жауап беріңіз. (1899- 1964 жж.)

Қ. Сәтбаев - аса көрнекті қазақ совет геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның түңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, казақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 12 сәуірде 1899 бұрынғы Семей губерниясына қарасты Павлодар уезіндегіндегі Ақкелін болысының төртінші аулында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында) дүниеге келген.

Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. 1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түседі, ал 1914 жылы Семей семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды. Семинарияны бітірген соң 1918-1919 жылдары Қаныш Семей қаласындағы екі жылдық педагогика курсының оқытушысы болып тағайындалып, онда жаратылыстану пәнінен сабақ береді.

1926 жылы Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін геология барлау мамандығы бойынша бітіреді. Екінші курстан кейін ол өз ұстазы М.А. Усовпен бірге дала жұмыстарына қатысады.

1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақбай трестерінде геология бөлімінің жетекшісі және бас геологы. 1941-1964 жылдары СССР Ғылым Академиясы Қазақ филиалы құрамындағы геология ғылымдары институтының директоры, СССР Ғылым Академиясының Қазақ филиалы президиумы иредседателінің орынбасары, кейін председателі, Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті. Сәтбаев - рудалық кендер геологиясы саласындағы көрнекті маманы. Пайдалы қазындыларының болжам карталарын құрастырудың принциптерін айқындаудағы Сәтбаевтың еңбегі өте зор. Қаныш Сәтбаев - Одақтағы металлогения ғылымын жасаушылардың бірі және Қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Сәтбаев қалдырған бай ғылыми мұралардың ішінде әсіресе Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік жэне болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына

Сұрақтар:

  1. Қаныш Сәтбаев кім?

  2. Қ. Сәтбаев қай жердің тумасы?

  3. Қаныш қайдан және қандай білім алған?

  4. Қаныш Сәтбаевтың еңбек жолын атаңыз?

  5. Сәтбаевқа академик атағы не үшін берілді?

4-тапсырма. «Нобель сыйлығын алмаған ғұлама» мәтінін оқып, ой-түйін жасаңыз.

Мені бір таңғалдырғаны, ілуде біреуге ғана бұйыратын сыйлықты таза еңбегінің арқасында еншілеген тұңғыш қазақ жайында туған халқының бейхабар болуы, білмеуі. Белгілі бір топтың төңірегінде қалып қойған бұл хабар бүкіл елге ақпарат құралдары арқылы сүйіншіленбегені түсініксіз жайт. Бәлкім бір-екі рет айтылған да, жазылған да шығар. Сонда да жеткіліксіз, бұқара халық Достай Раманқұловтың кім екенін дұрыс білмейді. Иә, әлемдегі ең бағалы сыйлық – Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов! Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университеттің түлегі. Әріптесіміз Сәлімгерей Сұлтанғалиевтің жазуынша, еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» (Казатомэнергопром) Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Совет Татамбаевтың «Атом империясының радиоактивті мұрасы немесе радиациялық экология» атты еңбегінен Достайға қатысы бар мына бір жолдарды кездестіргенін алға тартады. Онда: «…Бүкіл дүниежүзі бойынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның Бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталды. Айта кететін бір қуанышты жайт, МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов бар. Д.Раманқұлов – бұрын Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінде, кейінірек Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде қызмет атқарды, қазір МАГАТЭ-нің жауапты қызметкері. Нобель сыйлығының Қазақ елінен шыққан бірінші лауреаты. Ең кереметі – берілген жалпы сомасы 1,3 миллион АҚШ долларын құрайтын сыйлықтың 50 пайызы әл-Барадейге тиесілі еді, бірақ ол қаражатты түгелімен Мысырдың жетім балалар үйлеріне, қалған 50 пайызын лауреаттар толығымен ісік ауруымен күреске аударыпты! Нобель сыйлығын алушылардың қатарына Раманқұлов Достайдың қосылуы Қазақстан Республикасының қазіргі және келешектегі атом энергетикасы саласындағы алатын алдыңғы қатардағы орнының бір көрінісі деп те білуге болар» деп жазылыпты.

СӨЖ № 8

5-тапсырма. Нобель сыйлығының лауреттары жайында ақпарат дайындап, презентациялаңыз.

6-тапсырма. Өз мамандығыңыз саласындағы атақты адамдар туралы ақпарат дайындаңыз.