- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
Лексикалық тақырып:
Халықаралық қатынастар
Қазақстан дипломатиясы
Бизнес тілі
1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулерді, акциялар мен түрлі ресми әрекеттерді түсінеміз. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, Мәселен, жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат.
БҰҰ құрылымы белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ қызметі халыкаралық-құқықтық шеңберде болады.
1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғасы артықшылықтары мен құндылығын, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.
БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда күш қолдануға бағытталған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан, ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жекелей үзу түрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің әрекетін пайдалануға өкілетті".
БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мәселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды.
БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттық әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. (Ғаламтор материалдарынан)
Сұрақтар:
Қазіргі халықаралық катынастар дегеніміз не?
Халықаралық катынастардың субъектілеріне кімдер жатады?
Халықаралық қатынастардың негізі не?
Халықаралық катынастарды реттеуші кімдер?
Біріккен ұлттар ұйымы қандай қауымдастық және ол не үшін қажет?
Біріккен ұлттар ұйымының міндеттері нелер?
БҰҰ-ның басты мақсаты не?
БҰҰ органдарын атаңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз сыртқы саясат -
басымдық берілетін бағыттар -
географиялық орналасуы -
ұлттық мүдде -
ғаламдану процесі -
экономикалық құрылым -
аймақтық деңгейде -
халықаралық ынтымақтастық -
түзетулер енгізу -
жаңа көзқарас -
іске асыру -
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді. Көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
4-тапсырма. Қазақстанның сыртқы саясатының мәнін оқып, ой толғау жазыңыз.
Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.
Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттардағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді және кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ірі көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы – осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт. («Егемен Қазақстан» газетінен)
4-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олардың әрқайсымен сөйлем құрастырыңыз.
Политика, внутренняя войска, вооруженные силы, граница, ответственность, перед Родиной, психическая атака, результаты, задача, гражданин своей страны, особая роль, стратегические планы, быть начеку, подтянуты, долг, статус, исторический.
5-тапсырма. Отан туралы ұлы адамдар толғауын дәптеріңізге жазып, жаттап алыңыз.
Адам табиғатындағы аса жоғары әрі аса тамаша сезім - туған жерге деген махаббат, өз отанының заңдары аясында өзіңді еркін де тәуелсіз сезіну (И. Гете)
Өлерін ойламаған патшаның елі ойран болады (Ә. Hayаи)
Еліне жапа көрсеткен өмірден опа көрмейді (С.Сараи)
Өз жүрегін тазарта білген бүкіл елді де ұры-қарыдан қорғай алады (Рашид-ад-Дин)
Мемлекет ісінің бір парасы – сабырлықты, енді бір парасы - біле тұрып білмеуді, көре тұрып көрмеуді талап етеді (Әмір Темір)
Елін, елінің тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты өз тілін де шет тілдердің мойынтұрығынан құтқаруға тиіс, құтқара алады да (Ата Түрік)
СӨЖ № 6
6-тапсырма. «Отаным – берік қамалым» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.
7-тапсырма. Отан туралы алты-жеті мақал жаттаңыз.
