- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
XIX модуль ұлылық ұлыдан
Лексикалық тақырып:
Ұлылардан қалған сөз
Халықаралық сыйлықтың лауреаты
Ұлық адам қызық адам
1-тапсырма. Аристотель жайлы мәтінді оқып, оның ұлағатты сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз және өзіңіздің ол айтылғандарға деген көзқарасыңызды білдіріңіз.
Аристотель біздің дәуірімізге дейін 384-322 жылдар шамасында өмір сүрген ұлы философ және данагөй ғалым. Ол Афинада Платоннан дәріс алған. Өзі Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқырнайынның) ұстазы болған. Аристотельдің шығармашылығы сол замандағы барлық білім салаларын кеңінен қамтиды. Аристотельдің айтқан ұлағатты сөздерінен үзінді:
Үміт – өңіңдегі түсің.
Өмір қозғалысты қажет етеді.
Жеке адамда және жалпы барлық адамдарда белгілі мақсат болады, сол мақсатқа жету жолында олар бір нәрсеге ұмтылады, бір нәрседен жырақтайды.
Ақиқатты жалғандықтан арашалау үшін ең қымбаттың мен ең жақыныңнан да бас тарту – адамгершілік парызың.
Ұзақ уақыт қозғалыссыз жата беру адамды аздырады және тоздырады.
Сапасыз көп жұмыс бітіргенше сапалы бір істі тындырған абзал.
Білімді адам мен білімсіздің айырмашылығы тірі мен өлінің айырмашылығына пара-пар.
Тәрбие – бақытты кезіңде басыңа көрік береді, бақытсыз кезіңде басыңа пана болады.
Кез келген адам қателеседі, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін ешқашан мойындамайды.
Ақылыңа ақыл қосатын сөзді есту ғанибет.
Ғылымда алға шыққанымен, адамгершілік жағынан тонала бастаған адам ілгері емес, кейін кетіп бара жатқан адам.
Әрнеден тек күлкі іздеп отыру, ұсақтықтың белгісі. Өйткені күлкі шақыратын жағдай көбірек сияқты, әрненің тек бетін ғана қалқитындар соны ғана байқайды.
(«Тіл кабинеті» әдістемелігінен)
2-тапсырма. Төменде берілген даналық сөздерді оқып, мәнін ашыңыз.
Дән көтерген құмырсқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой (Фирдоуси).
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық (Абай).
Өмірді сүйсең уақытты оздырма, ол – тіршілік арқауы (Венналин Франклин).
Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалай-тын адам ғана қиналып, қынжылады (Иоганн Гете).
Уақытты қысқартқың келсе, бос қара да отыр (Антон Чехов).
Төзім тамаша қасиет, бірақ ұзақ төзуге уақыт жоқ (Мұхтар Әуезов).
Дүниеде үш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн – қайтып оралмайды (Даумер).
3-тапсырма. Қытайдың ұлы ойшылы Конфуцийдың даналық ойларын мәнерлеп, оқып, өзіңіздің өмірлік ұстанмдарыңыз не екенін айтыңыз. Өзіңіздің жақсы қасиеттеріңіз бен жаман жақтарыңызды дәптерге жазып, жаман жақтарыңызбен қалай күресуге болатынын ойланыңыз.
Конфуций ілімінің қысқа әрі нұсқа тұжырымы Қытайдағы Ци мемлекеті патшасының «елді қалай билеуге болады?» деген сұрағына берген мына жауабынан айқын көрінеді:
- Патша – патша болуы керек, етікші – етікші, әке – әке, бала – бала болуы тиіс. Әркім өз орнын білсе жеткілікті, - деген екен ол.
Сол дәуірлерде ғұмыр кешкен Цзи Вэнь Цзы есімді шәкірті әр ісін үш рет ой елегінен өткізіп барып, іске кіріседі екен дегенді естігенде, Конфуций «екі рет ойланса да аз емес» депті.
Конфуцзий күнделікті тіршілігінде тәртіпті ұнатады екен. Біреудің баспана есігі алдындағы төсеніші жөнсіз жатқанын байқаса, ол үйге бас сұқпай өтіп кететін болған.
Ұлы ойшыл бірде шәкірттеріне:
- Адамдар үшін от пен судан гөрі бір-біріне деген шынайы ықылас, сыйластық қымбат. Мен суға батып бара жатқан немесе өртенгендерді құтқару үшін дереу от пен суға бас қоя еніп, көз жұмғандарды көрдім. Бірақ адамдарды жақсы көргеннен қайтыс болғандарды кездестірмеппін, -депті.
Конфуций саналы ғұмырында төрт нәрседен қашық болуға тырысқан:
Бос қиялға берілмеген.
Пікірін ешқашан үзілді кесілді айтпаған.
Бірбеткей болудан сақтанған.
Тәккапарсынуды қаламаған, өзін қарапайым ұстаған.
(«Тіл кабинеті» әдістемелігінен)
4-тапсырма. Мәтінді оқып, досыңызбен ақын жайлы сұхбаттасыңыз. Өзіңіз білетін ақындар жайлы не айтар едіңіз.
Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шетелдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
5-тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді нақышына келтіре оқыңыз да, олардың мағынасын түсіндіріңіз.
Жердің көркі – орман, тоғай, бұлақ,
Елдің көркі – қала, қыстақ, тұрақ.
Ағаш жапырағымен көрікті, жер топырағымен көрікті.
Арық қазған су ішер, араздасқан у ішер.
Қыс – қыс сияқты болсын, қыз – қыз сияқты болсын.
Жаман көлдің суы ащы, жаман әйелдің тілі ащы.
Тау мен тасты сел бұзар, адамзатты сөз бұзар.
6-тапсырма. Ұлылар мен ұлылық туралы айтылған даналық сөздерді оқып, олардың мәнін ашыңыз.
Ұлы адамға да жағдай керек, онсыз оның орны бос қалуы мүмкін.
Ұлының өзімен кездеспесең де, сөзімен кездесуге асық, көңіл қиялындағы арманына жетесің.
Ұлы адам періштеден ары болмаса, кем емес.
Ұлы адамдардың өзі біртұтас әлем, көрген сайын көре бергің келеді.
Ұлы адамның белгісі, біз елемегенге көп мән беріп, көрмегенді көріп көрікті етуінде.
Ұлылардың есімін ғана жаратқанның есімімен қатар қою керек, бұл тарихи әділеттілік.
Ұлы дәуірдің адамдары да ұлы, мысалы: М.Әуезов, Ш. Айтмағамбетов, Қ. Сәтпаев, О. Сүлейменов, М. Мақатаев, Д. Қонаев, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, т.б. Қазақ елі ұлыларға толған сайын көркейе бермек.
Ұлы адамдарда көрінбейтін қанат бар, әлемді шарлап кетеді.
Осалдық болмай, ұлылық жоқ. Кемшілік ұлы адамдарды іздеп жүреді.
Келешекті жақсартуды, жақындатуды ұлы адамдардан үйрену керек.
Қай салада болмасын, еңбек етіп, сол еңбегінің нәтижесін көріп, ал ол нәтиже халық игілігіне айналса, сол адамдарды ұлы деймін.
Ұлының бір еңбегінен мың адам ризығын тауып жүр.
Кемеңгерді уақыт күтеді, кемеңгер уақытты күтпейді.
Ұлы адамның еңбегінің соңына түс, оқы, ізден, үйрен, түсінетін сәтің келеді.
Ұлылықтың дауы көп.
