- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсеткен.
Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:
бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;
магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;
докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.
Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс-тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).
Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30- ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы–қалыптасқан дәстүр бойынша–1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.
(“Кредиттік оқыту жүйесі бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр.” С.Әбдіманов. Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университеттінің ректоры, профессор,“Егемен Қазақстан”. Қазан, 2004ж. )
4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
5-тапсырма Сөздікті пайдалана отырып, қазақшаға аударыңыз. Сөз тіркестерін қосып, сөйлем құраңыз
Современный мир, настоятельно требует, от высших учебных заведений, обеспечить такое образование студентам, который воспитывает в них хорошо информированных, глубоко мотивированных граждан, способных к критическому мышлению, поиску и решению проблем, способных брать на себе социальную ответственность, выполнить множество различных ролей в обществе, гибкость образовательной системы, должна сочетаться со стремлением, к реализации высоких стандартов, подготовки современного специалиста.
6-тапсырма Мына даналық сөздерге өз пікіріңізді білдіріңіз
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы (Әл -Фараби)
Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі (В.Белинский)
Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?(А.Байтұрсынов)
ХVI МОДУЛЬ ЗАМАН ЖӘНЕ ЗАҢ
Лексикалық тақырып:
Адам басты құндылық
Адамның құқықтық қорғалуы
ҚР-ның «Тілдер туралы» Заңы
Грамматикалық тақырып: Сын есім: негізгі және туынды сын есім
Сын есім тұлғасына қарай негізгі және туынды сын есім болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімге түбір сын есімдер жатса (мыс.: кең, қызыл, жылы, таза, т.с.с), туынды сын есімге басқа сөз таптарына немесе түбір сын есімге сын есім тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сын есімдер жатады.
Туынды сын есімнің жасалуы:
Зат есім мен үстеу сөздерге -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары жалғану арқылы туынды сын есім жасалады. Мысалы: қыс+қы, сырт+қы, арт+қы, іш+кі, түп+кі, жаз+ғы, соң+ғы, күз+гі, төмен+гі, т.с.с.
Зат есімге –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: тау+лы (жер), сүт+ті (сиыр), атақ+ты (ғалым), ақыл+ды (бала), т.с.с.
Зат есімдерге –сыз, -сіз жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: ана+сыз (бала), үй+сіз (адам), білім+сіз (жан), ақыл+сыз (бала)
Тұйық рай тұлғалы етістіктерге –шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: беру+ші (адам), көру+ші (көз), жөн сілтеу+ші (маман), саулану+шы (кандидат), т.с.с.
Зат есімдерге –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: аға+лық (көмек), ай+лық (ақша), азамат+тық (парыз), т.с.с.
Етістік пен зат есімдерге –ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: аш+ық (есік), орта+қ (іс), бөл+ек (сөз), қорқ+ақ (бала), т.с.с.
Зат есім мен есімдіктерге –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: әкең+дей (адам), тау+дай (талап), мына+дай (іс), сен+дей (қыз), т.с.с.
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, жоспар құрастырыңыз және сол бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.
Заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер кешені. Демек, заң дегеніміз сол мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани отбасылық, және т.б. қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол (заң) мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістерінің негізгісі болып табылады.
Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік Конституциядан кейінгі жоғарғы заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иленеді.
Заң жобасы – елдегі заң шығарушы органның қарауы үшін немесе бүкілхалықтық референдумға салу үшін әзірленген заңның қабылдауға ұсынылатын мәтіні. Заң жобасын әзірлеу ісі белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастар аясын реттеу немесе мұндай реттеуді өзгерту қажеттігін, қолданыстағы заңдар мен оларды қолданудың тәжірибесін талдауды, жобаны әзірлеу туралы шешім қабылдауды, бастапқы жобаны талқылап өңдеуді, мүдделі органдар мен ұйымдардың бәрімен келісіп алуды қамтиды. Заң жобасы әзірленіп біткен соң, ол заң шығару бастамасы тәртібімен заң шығарушы органның қарауына немесе бүкіл-халықтық референдумға салуға беріледі.
Заң шығарушы бастамасы – елдегі заң шығарушы органның қарауына белгіленген рәсімдемеге сәйкес заң жобысын ресми түрде енгізу құқығы; заң шығару процесінің алғашқы сатысы.
Заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган.
(Қазақстан «Ұлттық энциклопедия». 4 том.
– Алматы, -2002ж. Б.-720. (-163-166 б))
2-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге сүйеніп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз және мәтіннен туынды сын есімдерді табыңыз.
Заң дегеніміз не?
Заң жобасы дегеніміз не және заң жобасын кімдер әзірлейді?
Заң жобасы қалай бекітіледі?
Заңды кімдер шығарады және ол қалай бекітіледі?
Заң шығарушы органның міндеті не?
3-тапсырма. Мәтінді оқып, туынды сын есімдерді анықтаңыз және мәтін бойынша бірнеше сұрақтар құрастырыңыз.
