Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі жастар.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

3-тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

4-тапсырма Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіз

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы

  1. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте керек емес

  1. Жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі емес

  1. Жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды

  1. Олар саясатта да шешуші рөл атқара алмайды

5-тапсырма Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыз

  1. Табиғатына, және, мінез, жарасатын, болу, мұндай

  2. Тұра, азаматтық, білдірмей, ұстанымын, алмайды

  3. Олар, аяқталмай, істерді жатқан, мәреге, бүгінгі, жеткізді

  4. Отыр, олардың, бүгінгі, онға, 1998, саны, жылы, жетпейтін, асып, отыр, елуден, бүгінгі, күні

6-тапсырма Мына етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз

Ұйымдастыру , өркендеу, еліктеу, өзгерту , қолдау, талқылау, дайындау.

3-сабақ Лексика: Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Грамматика: Көсемше, фомалары

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1 Қазақстандағы білім беру жүйесі неге негізделген?

2 Оның ең маңызды процестері қандай?

3 Кредиттік оқу жүйесі қай елдерде қолданылады?

4 Қазақстандағы оқу жүйесі қандай?

5 Студенттің білімі қандай бірліктермен өлшенеді?

6 Оқу жылы неше аптадан тұрады?

7 Неше кезеңнен тұрады?

2-тапсырма Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырыңыз

Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заиан талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз