- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
Жастардың тән, жан саулығы - елдің стратегиялық қоры және оның қазіргі дамуының шешуші факторы. Жасөспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс. Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді. Жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет. Зорлық-зомбылықты, қатігездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою - мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір
кезек күттірмейтін шаралары.
3-тапсырма « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыз
XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
1-сабақ Лексика: Қазақстандағы білім беру жүйесі
Грамматика: Аралас құрмалас сөйлем
1-тапсырма Сәйкестікті көрсетіңіз.
ғылым ертеңі білім жүйесі қағида мемлекеттік емес міндетті орта білім тегін өз еркі оқулық әдістемелік ең маңызды мәселе жеке меншік |
обязательный цель среднее образования будущее система образования своя воля не государственный учебник наука бесплатно самая главная проблема собственность методический
|
2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Қазақстандағы білім беру жүйесі
2007 жылдың 27 тамыз айында «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды. Жаңа Заңның ерекшелігі – білім беру құрылымының халықаралық білім стандарттарына сәйкестендірілуі. Жаңа Заңда білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы халықаралық білім сыныптамасы білім беру бағдарламалары өлшемдеріне сәйкестендіріледі. Заңда 12 жылдық білімінің құрылымы анықталады. Ол – бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар аралығы;
- негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар аралығы;
- жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар аралығы ;
Бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған. Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.
Жаңа Заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы елеулі өзгертілді.
Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10сынып) және кәсіптік лицейлерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептердегі жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басты міндеті - әмбебап және икемді дағдыларға ие, үздіксіз білім беруге қатыса алатын мамандарды даярлау болып табылады.
Кредитік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат, магистратура, докторантура, PһG) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандартарға сәйкес келеді.
Жалпы бiлiм беретiн мектеп – бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу, бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже;
гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейімдері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
кәсiптiк лицей - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi кадрларын даярлау жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi;
университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет - екi және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметi саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын оқу орны.
3-тапсырма Мына сұрақтарға жауап беріп, шағын әңгіме құрастырыңыз
1 Қазақстанның білім беру жүйесі қандай типті басшылыққа алған?
.........................................................................................................................
2 Кредиттік оқытудың ерекшелігі ?
.........................................................................................................................
3 Мектеп бітірген соң, білім алу қалай белгіленеді?
........................................................................................................................
4 Кредит сөзінің мағынасы не?
........................................................................................................................
5 Мектепті компьютерлендіру толығымен қашан аяқталды?
...............................................................................................................
4-тапсырма Төменде берілген сұхбатты жалғастырыңыз
- Жанерке, шетелдерде жеке меншік оқу орындары көп пе?
Осыған қатысты қандай деректер білесіз?
-.......................................................................................................................
-Мен ғаламтор ақпараттарынан шетел студенттерінің базасы мықты жеке меншік университеттерінде оқығысы келеді дегенді естіп едім. Оның сыры неде?
- .......................................................................................................................
- Шетелден келген білім жүйесі негізінде «магистр», «бакалавр» сияқты терминдерді естідік. Ол жайында не білесің?
- ..........................................................................................................................
2-сабақ Лексика: Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында
Грамматика: Сұраулық шылау. Сұрау есімдігі
1-тапсырма Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз
Намысшылдық, адамгершілік, белсенділік, серіктестік, кәсібилік, ең белсенді бөлігі, жастар саясаты, жастар қозғалысы, басты құжаттар, бағдарлама, заңды құбылыс, әлеуметтік топ, жастар ұйымдары,саясат, қоғамдық келісім, тұрмыстық - әлеуметтік қозғалыс, құжаттың қабылдануы.
2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
