- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Мамандық
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
"Мамандық" сөзі латын тілінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді. Мамандық – қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болған жоқ. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, түрлі мамандықтар келді.Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б.
4-тапсырмаМәтінде берілген мамандық иелері атауларының орысша баламасын тауып,қандай істермен айналысады? Олар туралы өз пікіріңізді жазыңыз
Үлгі:Зергерлік – әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста
5-тапсырма Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан сұхбат алуға қажетті сұрақты ойластырып, жазыңыз
6–тапсырма Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
–шы/–ші
Зерттеу_____, жазу_____, кен_____, теңіз_____, балта_____, мақта_____, егін_____, мүсін_____, орман_____, бояу_____, тіл_____, жорнал_____, тігін_____, трактор_____, балық_____, сату_____, құрылыс_____, қой_____, жылқы_____, есеп_____, сурет_____, жүргізу_____, жұмыс_____, пошта_____, ән_____, би_____, аударма_____, хат_____, аң_____, әдебиет_____, ем_____, ел_____, қобыз_____, мал_____, өтірік_____.
3-сабақ Лексика: Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі
Грамматика: Септеулік шылаулар
1–тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1 Еліміз қазіргі уақытта қандай мамандықтарға зәру?
2 Қазіргі кезде қандай мамандық сұранысқа ие?
2–тапсырма Мәтін оқып, сұрақ құрастырыңыз
Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша, сарапшылырдың қатал сынынан іріктеліп өткен талапкерлер шет елдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай – ақ шет елден келіп жұмыс істеп жатқан ірі – ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.
“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.
Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай мамандарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”.
Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.
3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
4–тапсырмаМәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз
5–тапсырмаСөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз
Қазақстанның мұнайы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.
6–тапсырмаМақал-мәтелдердің мәнін түсініңіз
◊ Өнерлі өрге жүзеді. |
◊ Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар. |
◊ Өнерлінің өрісі ұзақ. |
◊ Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. |
◊ Ұстаздан шәкірт озар. |
◊ Көргеннен көрмегенін көп, Білгеннен білмегенін көп. |
◊ Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. |
◊ Білім ауысады, Ырыс жұғысады. |
◊ Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп. |
|
№ 13 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыптарын мазмұндау
2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу
3-тапсырма Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздерЕңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кетер.
Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.
Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке.
Жас кезіңде бейнет бер,
Қартайғанда дәулет бер.
