- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Хііі модуль: менің мамандығым
1-сабақ Лексика: Университет – білім ордасы
Грамматика: Жіктеу есімдігі
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз.
ЖОО дегенді қалай түсінесіз?
Сіз қандай ЖОО-н білесіз?
Сіз қандай ЖОО түсуді армандадыңыз
Сіз білім алып жатқан университет қай жылы ашылған?
Бұл ЖОО С.Сейфуллин есімі қашан берілді?
2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Университет – білім ордасы
Университет – (лат.universitas –жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан – жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік - оқу және ғылыми – зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы университет ХII ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет – Мәскеу университеті. (1755ж.) Байырғы университеттерге Львов(1661ж, алғашқыда академия ретінде құрылған), Тарту(1802ж.), Вильнюс (1803ж.), Қазан (1804ж.), Харьков (1805ж.), Санкт –Петербург (1819ж.), Киев (1834ж.), университеттері жатады. Орталық Азияда 1920жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ(1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті(1972ж.) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жекеменшік университеттер бар.
КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен 3 қазан 1957 жылы Ақмола қаласында құрамында агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру факультеттері бар ауыл шаруашылығы институты ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1996 жылы 7 мамырда Ақмола ауыл шаруашылығы институты Ақмола аграрлық университеті болып қайта ұйымдастырылып, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин есімі берілді.
Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Қазақстан астанасының бірінші жоғары оқу орны, Қазақстандағы ең ірі білім және ғылым орталықтарының бірі.
55 жыл ішінде білім ордамыз Қазақстанның алыс және жақын шет елдердің аграрлық секторларында, халық шаруашылығының түрлі салаларында жемісті еңбек етіп жатқан 55 мыңнан астам мамандар дайындады. Бүгінгі күнде университет түлектері Қазақстан Республикасының және еліміздің елордасы - Астана қаласының құрылысына тікелей ат салысып отыр. Олардың ішінде ерен еңбектері үшін үкіметтік марапаттауларға ие болған Министрлер, Президент аппараты мен Премьер –Министрдің кеңсе қызметкерлері, Парламент депутаттары, облыс, аудан және қала әкімдері, ірі кәсіпорын жетекшілері, елшілер, көрнекті ғалымдар, үлкен бизнестегі адамдар бар.
Қазіргі кезде университеттің 43 кафедрасында 600- ден аса оқытушы, соның ішінде 280-нен аса ғылым кандидаты, 68 ғылым докторы оқу-ғылым және тәрбие сапасын үнемі арттыру жолында еңбек етеді.
Университеттің 9 факультетінде 9 мыңға жуық студент оқиды. Оқу 37 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар арнайы орта және жоғары білім базасында қысқартылған бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Университетте оқу үдерісін қазіргі заман деңгейінде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 11 оқу ғимараты, жастар орталығы, ақпараттық технологиямен оқыту орталығы, 40 компьютерлік класс, шаруашылық есеп тәжірибеcі стансасы, 7 студенттік жатақхана, оқу -өндірістік шеберхана, 900 мыңдай кітап қоры бар кітапхана, редакциялық баспа бөлімі, оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Ғылым хабаршысы» жорналы мен «Менің университетім» газеті басылып шығарылатын баспахана бар.
Қазақстан республикасының 30 техникалық жоғары оқу орындарының арасынан ІІІ орынға ие болды.Университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінің 7 бөлімі жұмыс істейді. Онда студенттер таңдаған мамандығымен қатар түрлі бағыттағы шығармашылық таланттарын шыңдай алады.
Университеттің спорт клубында 18 секция: қазақша күрес, ауыр атлетика, армреслинг, футбол, баскетбол т.б. жұмыс істейді.Студенттер сонымен қатар әскери дайындықтан өтіп, мотоатқыштар және әскери автомобиль түрлері бойынша лейтенант атағын алады.
3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
4-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз
Международный университет, национальный университет, бесплатное обучение, Министерство Образования и Науки РК, Центр тестирования, рубежный контроль, летняя сессия, зимняя сессия, национальная библиотека, общественная деятельность, лучший преподаватель, частный ВУЗ, программа «Болашак», бакалавриат, магистратура, ученая степень, должность, успеваемость студента.
2-сабақ Лексика: Мен таңдаған мамандық
Грамматика: Есімше (-ған/-ген/-қан/-кен)
1–тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
Сен қандай жоғары оқу орнын таңдадың?
Қандай мамандық саған ұнайды?
Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?
Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?
Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?
Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?
Қандай мамандық саған ұнайды? Несімен ұнайды?
Білімді маман дегенді қалай түсінесіз?
Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?
2–тапсырма «Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?
(Топтастыру әдісі арқылы)
Т
оптастыру.
