- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи –мәдени қорық мұражайы 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Яссауи сәулет кешені мұражайы» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы болып қайта құрылды.
Қазақстан жерінде ора ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Яссауи әулие кесенесін мұражайландыруда қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібектовтың еңбегі ерекше. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш. Қорық мұражайдың құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш мұражайландырылып халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражайы. XIY ғасыр. Экспозициялық алаңы 654,98 шаршы метр
Қылует жер асты мешіті мұражайы. XII ғасыр. 702 шаршы метр
Жұма мешіті мұражайы. XIX ғасыр. 603,6 шаршы метр
Шығыс моншасы мұражайы. XYIғ. 130 шаршы метр
Түркістан тарихы мұражайы. XIX ғасыр. 1050 шаршы метр
Археология және этнография мұражайы. XIX ғасыр. 140 шаршы метр
Рабия Сұлтан бегім кесенесі мұражайы. XY ғасыр. 62 шаршы метр
Түркістан көшесі мұражайы. XIX ғасыр. 452 шаршы метр
Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи көз жұмған соң ХІІ ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы XІYғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр.Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметрі 18,3 метр.Тайқазанды 1239 жылы Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды.
«Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми - жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды.
«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:
қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады
қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі.
халқымыздың имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Яссауидің мұрасы насихатталады.
(Ж.М.Төлеужанова, С.М. Айдарбекова.
Қазақ тілі әдістемелік кешен)
4-тапсырма Мәтіннен бойынша сұрақтарға жауап беріңіз
1) Әзірет Сұлтан қорық мұражай қай жылы құрылған?
2) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды?
3) Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз.
4) Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?
5-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар
«Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан .... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы .... 1500 жылдың мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық .... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз ... тұрады.
Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат
6-тапсырма Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімдер бар:
а.ғылыми-зерттеу бөлімі
в.ғылыми кітапхана
с.ғылыми қор бөлімі
д.тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі
Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық ескерткіштерді зерттеу бөлімі, этнография бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени – көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары. «Әзірет Сұлтан» қорық - мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады.
7-тапсырма Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
Мазар Қозы Көрпеш-Баян сұлу – памятник архитектуры Х-ХІ вв. Расположен на берегу реки Аягуз. Мазар героев лиро-эпической поэмы, является одним из древнейших памятников в Казахстане, дошедших до наших дней. Общая высота 11,65 м. Памятник – символ бессмертия трагической любви юноши и девушки, высоты их человеческого духа.
№ 12 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақстанның тарихи орындары»тақырыптарын мазмұндау
2-тапсырма Досыңыздың басқа бір жерлерге жасаған саяхаты туралы сұрап, сұхбат құрастырыңыз
3-тапсырма Мына өлеңді жаттаңыз
Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің тәңір берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең ауыр ой бергендей.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Шер батса кім іздемес туған елін?
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқаның ардагері қалың алаш
Тұран да, біле берсең, сенің жерің!
М.Жұмабаев
