Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Хіі модуль:туған жерге саяхат

1-сабақ Лексика: Өз өлкеңді таны

Грамматика: Өздік есімдігі, түрленуі

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Өлке сөзін қалай түсінесіз?

2. Туған жер, туған ел тіркесін қалай түсінесіңдер?

2-тапсырма Мәтінді оқып, ат қойыңыз. ­­­­­Өз ойыңызбен жалғастырыңыз

Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар. Қазақ туған елін атамекенатақоныс деп бекер атамайды. Өйткені бұл жерге ата-бабаларымыздың қасық  қаны, маңдай тері сіңген. Қайда жүрсең де өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерлерде сенің балалық шағың, жастық кезің өтті.

Әрине, жас кезіңде жер бетін аралап, көргің келеді. Бірақ өз туған еліңді ұмытпа!

Туған жер өз үйімізден басталады. Әр адам өз туған жерін  құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер оның Отаны болып саналмайды.  Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны түсінде де көреді.

          «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет.Сонда ғана адам бақытты  өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде  «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген мақалды  дана  халқымыз жайдан жай айтпаған болар.

3-тапсырма Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

1.Отан – отбасынан басталады. 2. Ер – елінде, гүл жерінде. 3. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол. 4. Ит – туған жеріне, ер – туған жеріне. 5. Өз елім, өлең төсегім. 6. Ел іші – алтын бесік. 7. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 8. Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің. 9. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары. 10. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді. 12. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

4-тапсырмаӘріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңыз

1.МАТЫАЛ

2.АНАТСА

3.ЫДНАҒАРАҚ

4.ЕКТНМЫШ

5.НЕСӨМЕК

5-тапсырма. Қазақстанның тауларына байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

2-сабақ Лексика: Қазақстанның көрікті жерлері

Грамматика: Қос сөздер

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?

  2. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіз?

  3. Өздерің тұрған жерде емдеу-сауықтыру, демалыс орындары бар ма?

2-тапсырма Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз

Шипалы су, емдік балшық, ғажап, емдеу-сауықтыру, ем қабылдау,

күш-қуатты,бұлақ көздері, көрікті, емдік қасиеті бар.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастады. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

4-тапсырма Сөйлемді жалғастырыңыз

1) Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде … .

2) Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы… .

3) 1920-1925 жылдар аралығында… .

4) Қазір Республикамызда 120-дан астам… .

5) Минералды сумен емдейтін санаторийлерге…

3-сабақ Лексика: Қазақстанның тарихи орындары

Грамматика: Көнерген сөздер. Неологизмдер

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба?

2. Егер саяхатқа шықсаңыз, қай жерлерге барар едіңіз?

3. Сіз Қазақстанның табиғаты көрікті қай жерлерінде болдыңыз?

4. Тарихи ескерткіштері бар жерлерді аралап көргіңіз келеді ме?

5. Түркістан қаласында болдыңыз ба?

2-тапсырма Сәйкестікті көрсетіңіз

Рухани – приказ

Ғылыми – основной

Адалдық – агитация

Мұра – центральный

Орталық – честность

Насихат – духовный

Негізгі – нравственность

Бұйрық – научный

Адамгершілік – наследие

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз