- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
3-тапсырма Жаңа сөздерді есте сақтаңыз!
қоршаған орта – окружающая среда
ластану-загрязнение
дауыл-буря; ураган; шторм; сильный ветер
су тасқыны- наводнение
жер сілкінісі- землетрясение
жанартаудың атқылауы-
өрт- пожар
4-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.
қоршаған орта –
ауқымды –
туған жер –
орман-тоғайлар –
жанартаудың атқылауы –
табиғат құбылыстары –
күн мен түннің тұтылуы –
5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Қазақстанның экологиясы
Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің "Эко-Ойкос" деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.
Әлемдегі ең қауіпті экологиялық мәселе-биосфераның ластануы. Ластану-жер шарының физикалық,химиялық,биологиялық сапасының төмендеуі. Оған әсерт ететіндер: ірі дауылдар, су тасқыны, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, өрт сияқты аппаттар теңіз,мұхит суының көтерілуі,төмендеуі адамның іс-әрекеті.
ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елеңдеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр. Оның бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс.Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн.тонна шаң-тозаң, 5 млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.
Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.
6-тапсырмаТөмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар
1 "Эко-Ойкос" сөзінің мағынасы не?
2 Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?
3 Қазіргі таңдағы басты проблема не?
4 Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен?
5 Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша?
3-сабақ Лексика:Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау
