Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұтынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

2-тапсырма Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сұрақтар құрастырыңыз

3-тапсырма Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз

О достоинствах человека суди по тому, как он начал дело, а не по тому, как ему удалось завершить его.

Как ни прекрасна мысль, пройдя через человеческие уста, она тускнеет.

Человек дитя своего времени. Если он плох, в том виноваты и его современники.

Х модуль:көркем сөз – көркем өнер

1-сабақ Лексика: Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы

Грамматика: Жалқы есімдер

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз

жалғастыру – продолжать

қазақ жұртшылығы үшін – для казахского народа

саналы өмір– сознательная жизнь

тыйым салынды– запрещалось

шығармашылық мұра – творческое наследие

2-тапсырма Мәтінді оқып, түйіндеме (резюме) жазыңыз

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды.

Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, «Абай» журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әртүрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап, Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

  

3-тапсырма Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазылу ерекшелігін түсіндіріңіз

4-тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1 Жүсіпбек Аймауытұлы қашан және қандай жанұяда дүниеге келген?

2 Қазақ жұртшылығы үшін Ж.Аймауытұлының орны қандай?

3 Ж.Аймауытұлының еңбектері жайлы не білесіздер?

4 Ж.Аймауытұлы шығармаларының маңызы?

5-тапсырма Төмендегі сөз тіркестерімен жалқы есімдерді қолдана отырып, сөйлем құрыңыз

Ауыл молдасы, алаш қозғалысы, саяси жұмыстар, шығармашылық мұра, ақындық сезім.

6-тапсырма Төмендегі тақырыптардың біреуін таңдап, сол бойынша реферат дайындаңыз

1 Ж. Аймауытұлының психология және әдістеме туралы жазған еңбектері

2 Ж. Аймауытұлының зерттеу еңбектері

3 Ж. Аймауытұлы шығармаларының кейіпкерлері

2-сабақ Лексика: М.Әуезов – суреткер

Грамматика:Қысқарған сөздер, оларға қосымшаның жалғануы

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1Мұхтар Әуезов кім?

2 Қандай шығармаларын атап бере аласыз?

3 Қайда туған?

4 Қандай ғылыми дәрежесі бар?

5 Қандай драмалық шығармаларын білесіз?

6 Қазақ театрын ең алғаш ашқан пьесасы қалай аталады?

7 Қазақтың ұлы ақыны Абай өміріне не арнады? Ол шығармасы неше тілге аударылды және қандай сыйлыққа ие болды?

2-тапсырма Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей қалалық мұғалімдер семинариясына оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде киіз үй сахнасына шығарады.

М. Әуезов мұраcының аса үлкен бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялықпроблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелді. Жазушы өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.

М. Әуезовтің «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

«Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар.

Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай»романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Роман-эпопея дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы»топтамасында екі том болып басылды.

3-тапсырма Мәтінде айтылған қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы не білесіз? Хабарлама жасаңыз.

4-тапсырма Мәтіннен кірме сөздерді табыңыз, оларға жалғанған қосымшалар туралы айтыңыз

5-тапсырма«М. Әуезовтің суреткер жазушы» екеніне дәлел ретінде бір шығармасынан үзінді жазыңыз

Үлгі:Қонақ үйде,дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр.Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп,кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішініАбайға жартылай ғана көрінеді.Түсі суық. Қарасұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зордаусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдерайтылып кетеді.

6-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, қысқарған сөздердің емлесін түсіндіріңіз

Сөз өнері

«Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Бұл сөзді қадірлеу керектігін білдіреді. Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты болады. Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көңіл ісі – түю. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек. Мұны мынадан байқауға болады: орыс ақыны А.С. Пушкин өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Л. Толстой шығармасын баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен.

Сөздік

сөз қадірі – цена слова

аңдау – догадаться, понимать

меңзеу – направить, намекнуть

түю – сделать заключение

айтуға жарау – выразить

айтып білдіруге – чтоб передать

7-тапсырма Қысқартылған сөздерді толық жазыңыз

Қаз АТУ, ЕҰУ, БҰҰ, ТМД, РФ, СӨЖ, ҚазҰУ, КСРО

8-тапсырма «Мен Мен М.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыз

3-сабақ Лексика: О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы

Грамматика: Ауыспалы мағына. Метафора

1-тапсырма Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз

Қаламгер (писатель); тілші(корреспондент); жерлес(земляк); өр мінезді (принципиальный); сағыныш (тоска); шыншыл(правдивый).

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған. О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса, сөзі өткір, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ашық кісі болған.

О.Бөкей 1961 жылы С. Торайғыров атындағы орта мектепті бітіріп, сонда тәлімгер, кейін «Алтай» ауылында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, өз өңіріндегі Большенарым ауданында «Еңбек туы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Жиырма бес жасында О. Бөкеев Алматыға келіп, «Лениншіл жас” (бүгінгі «Жас алаш») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.

1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. О. Бөкеев «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) жинақтарын шығарды. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы көрініп тұрады. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді.

Қай шығармасын алсаңыз да, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

3-тапсырма Пейзаж туралы ойды жалғастырыңыз

Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Ол тақырыпты толығырақ ашу үшін қолданылады. Пейзажда суретшінің сезімі, көңіл күйі, түсінігі, табиғатқа деген эстетикалық, этикалық көзқарасы аңғарылады...

4-тапсырма «Дала кемесі, сары алтын, меңіреу дала, жасыл кілем» тіркестерінің ауыспалы мағынада (метафоралық тіркес) берілуін түсіндіріңіз, әрқасысымен сөйлем құраңыз

5-тапсырма О. Бөкейдің бір шығармасынан табиғат көрінісі суреттелген үзінді жазып, ауыспалы мағынадағы сөздерді табыңыз