- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Грамматика: Қос сөздер, емлесі
1-тапсырма Мәтінді оқып, жоспар құрып, мазмұндаңыз
Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі.
Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер жарыстырып, қырғыздың көл-көсір поэзиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.
Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл –интернационалист ақын.
2-тапсырма Мәтіннен қос сөздерді тауып, жазылу ерекшелігіне мән беріңіз
3-тапсырма Бос орынға керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз
Жамбыл – қазақ ......... әйгілі ...... . Қазақстан ........ ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік ........... тарихи ......... үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен .............. .
Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.
4-тапсырма Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз
Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.«Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы
5-тапсырма Қос сөздердің мағынасын түсіндіріңіз
Ата-ана, өлең-жыр, ақын-жазушы, бала-шаға, ақын-жырау.
3-сабақ Лексика: Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы
Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.
Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.Жеті жасында әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды.
Шәкәрім араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).
1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).
2-тапсырма Шәкәрімнің «Өзімшілдік»ғибадатын оқып, өз ойыңызды жақты, жақсыз сөйлемдермен жазбаша білдіріңіз
Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.
Жаңа сөздер:тыртық– шрам; қарату – здесь: лечить; соқыр қалпында қалғаны– оставаться слепым
3-тапсырма Шәкәрімнің төменде берілген ғибадатын оқып, пікіріңізді ауызша білдіріңіз
Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.
Жаңа сөздер:тастақ – каменистый; жалаң аяқ – босяком; дәйім – постоянно; жұмсау – посылать; тобық – еңбектеу – ползать; жоңқа – дерево башпақ – обувь; әбден әдеттену – очень привыкать; мүсәпір – инвалид.
4-тапсырма «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың жоғарыда берілген мәтінге қандай қатысы бар?
№9 СӨЖ тапсырмасы:
1-тапсырма Абайдың «Отыз бірінші» қара сөзін жаттап алыңыз
