Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры

1-сабақ Лексика: Айтыс өнері

Грамматика: Етіс формасы. Ортақ етіс

І –тапсырмаСұрақтарға жауап беріңіз

1 Айтыс дегеніміз не?

2 Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

3 Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

4 Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

5 Айтыстың қандай түрлері бар?

6 Айтысқа қандай талаптар қойылады?

2-тапсырма Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)

Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі

Айтыс

Ұлттық өнер Екі ақынның өлеңмен

тартысы

Халық өмірінің көрінісі Өнер жарысы

Сөз сайысы

3-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып– тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан -внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Айтыс өнері

Айтыс- біріншіден әдеби жанр, екіншіден өнер түрі, үшіншіден жарыс, төртіншіден талас, бесіншіден- сөз барымтасы, алтыншыдан пікірталас түрі.

Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырыпсалма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.Бәдік. 2)Жар-жар. 3)жануарлар мен адамның айтысы. 4)Өлі мен тірінің айтысы. 5)Жұмбақ айтыс. 6) Салт айтыс. 7) қыз бен жігіт, ақындар айтысы. Осы күнгі айтыс деп жеті түрге бөледі.

Қазақ айтыскерлері:

Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

Зерттелуі: Қазақ айтыстарының жиналуы, жарық көруі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Академик Радлов бастаған орыс зерттеушілері мен Ы.Алтынсарин, А.Сейдалин, Шайхысламов тәрізді жинаушылар совет өкіметі тұсында Диваев, С.Сейфулин, І.Жансүгіров. Айтыстың 3- томдығын алматы баспасынан дайындады.

Ал айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеген Ш.Уәлиханов одан кейін М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қаратаев, Кенжебаев.

Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсынбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.

Даму сипаты: Соңғы жылдары атаулы мерекелерге (Тәуелсіз күні, Тіл, Желтоқсан), белгілі қоғам қайраткерлерінің құрметіне орай жүргізіледі. Салт айтыс соның ішінде ақындар айтысы мен қыз бен жігіт айтысы өте жақсы дамыған.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма«Венн» диаграммасы . Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар

Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс

Халық ауыз әдебиетінің түрі, көр-кемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері

Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,

жариялылық басым, мерейтой иесіне

әлеуметтік мәселелер, арналады, бір-бірін

елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым

7-тапсырма Кестені толтырыңыз

Білетінім

Үйренгенім

Нені білгім келеді

2-сабақ Лексика: Күй атасы – Құрманғазы

Грамматика: Септік жалғаулары. Тұрлаулы мүшелер.

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1 Құрманғазы Сағырбайұлы кім? 2 Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің? 3 Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді? 4 Құрманғазының ұстазы кім болған? 5 Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

6 Күй дегеніміз не? 7 Күй нешеге бөлінеді? 8 Қандай күйшілерді білеміз?

2-тапсырмаЖаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз 

Күйші - исполнитель кюя.

Жетілдіру - совершенствовать.

Қарапайым - простой.

Зеректік - способность.

Ұсыну - вручить.

Жеткіз - донеси

Қақпай еркін өсірген - воспитывал свободно

3-тапсырмаМәтінді қазақ тіліне аударыңыз