- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Халықтық қолөнер
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Қазақ жерінде ХVIII ғасырларда қолөнер қатты дамыған. Әсіресе, жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды тұскиіздер, алқызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шапан, т.б. Сонымен бірге қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы, т.б. металдар өндіріледі.
Қолөнер түрлері
Ұста– темірден бұйымдар жасайтын шебер;
Зергер – асыл тастан әшекей бұйым жасайтын шебер;
Тігінші – киім тігетін шебер;
Тоқымашы – тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер;
Етікші – аяқкиімдер тігетін шебер;
Өрімші – қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер;
Үйші – киіз үй сүйектерін жасайтын шебер;
Бәдізші – тасқа ою-өрнек салатын шебер;
5-тапсырма Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз
6-тапсырма Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал-мәтелдерді
оқып, мағынасын түсіндіріңіз
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.
Жігіт көркі – өнер.
Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем.
Ата өнері – балаға мұра.
Ұстаны соққан пышағынан таниды.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Қол өнері - кілемде,
Сөз өнері - өлеңде.
Шеберді шеге қағысынан таны.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Асыл тастан шығады,
Өнер жастан шығады.
Өнер өрге жүзгізеді.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2-сабақ Лексика: Қазақ театры және кино өнері
Грамматика: Жалғаулық шылаулар. Ыңғайлас салалас
1-тапсырмаСұрақтарға ауызша жауап беріңіз
1Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады? 2 Саған отандық кино ұнай ма, әлде шетелдік кино ұнай ма? 3 Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай? 4 Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады?
5 Театр деген не?
6 Театрдың қандай түрлері бар?
7 Қазақстан аумағында алғашқы театрлар қашан құрыла бастады?
8 Сіз театрға барғанды ұнатасыз ба?
2-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз Қазақстанның мәдени өмірі – культурная жизнь Казахстана Шежіре – летопись Күйреу – падение Жаңа белестерге көтеріле бастады – поднимается на новые ступени
Қойылым – постановка
Актерлердің ойыны – игра актеров
Жоқтау – оплакивание умершего, плачь
Киношежіре – летопись кино
Оқиға-событие Шын сүйген- по-настоящему любил Бейнесі-образ
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Қазақ театр және кино өнері
Кино – көп өнердің бір түрі.Киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі. Кино – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазіргі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін ұтымды пайдаланатын көп салалы өнердің түрі. Кино туындысын, яғни фильмді жасауға әртүрлі мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодрамматург, режиссер, актер, оператор,суретші, композитор,продюссер,каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады.
Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В. А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі саналатын – Түркістан – Сібір темір жол магистрінің құрылысы жайлы «Түрксіб» атты деректі фильмін қойды. 1934 жылы Алматыда «Кеңестік Қазақстан» киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. «Ленфильм» студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен «Амангелді» (1938ж. Реж.М. З. Левин) көркемфильмін жасады. Қазақ көркем фильмінің тарихы осы туындыдан басталды. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда бірігіп, «Біріккен орталық киностудия» деген атпенөзінің қызметін бастады.
Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценарийін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.
Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған фильмдерді де атап өткен жөн.
Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.
4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
5-тапсырма Берілген мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыз
Казахский Государственный академический театр драмы им. М. Ауэзова можно назвать первым профессиональным театром Казахстана. 13 января 1926 года он поднял свой занавес в городе Кызыл-Орда.
Спустя два года театр переехал в Алматы. В основной состав театра с самого начала вошли знаменитые режиссеры страны, а первые актеры быстро достигли высокого уровня мастерства. В 30-е годы ХХ века в театре происходило много изменений:здесь стали работать русские профессиональные режиссеры, произошло разделение на театр драмы и музыкальную студию. Театр получил название Академического театра драмы.
После Второй Мировой Войны театр заработал с новой силой, и на протяжении второй половины ХХ века был участником многих международных фестивалей, проходивших в Европе, Америке, Азии и Африке. А в 1961 году театру было присвоено имя великого казахского писателя-драматурга М. Ауэзова. Сегодня театр продолжает свои лучшие традиции, постоянно готовит новых актеров, участвует в международных фестивалях. И по нынешний день он остается одним из ведущих театров Казахстана. Спектакли идут на казахском языке с синхронным переводом.
6-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз
Актер шеберлігі, қойылым, театр тарихы, үздік қойылым, режиссер, драма театр, кинотеатр, опера және балет театры, қоюшы, гримдеу өнері, басты рөл, халықаралық кинофестиваль.
7-тапсырма Берілген сөздер қай өнер түріне қатысты? Кестелерге жазыңыз
Ескерткіш, қобыз, сурет, оркестр, портрет, әдебиет, қарындаш, шешен, сазгер, қылқалам, шебер, сазбалшық, күй, шеберхана, бояу, монумент, тіл, көрме, әнші, шығарма, опера, өлең.
Cөз өнері |
Саз өнері |
Мүсін өнері |
Бейнелеу өнері |
|
|
|
|
|
|
|
|
8-тапсырма Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар
Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.
9-тапсырма Төмендегі кестені толтырыңыз
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 7 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Халықтық қолөнер. Қазақ театр және кино өнері» тақырыптарын мазмұндау
2-тапсырма Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз
1. Фильмді түсірген жыл ----------------------------------------
2. Бас режиссері ---------------------------------------------------
3. Басты рөлде ойнағандар ------------------------------------------
4. Басты кейіпкерлер -------------------------------------------------
5. Жағымды кейіпкерлер ------------------------------------------------
6. Жағымсыз кейіпкерлер -------------------------------------------------
7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз
3-тапсырмаСөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз
1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.
2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.
3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.
4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.
5. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.
4-тапсырма Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
Казахское кино стремительно вышло на мировую арену. Многие фильми получили престижные призы на различных международных кинофестивалях. Особо я хотел бы остановиться на фильме «Суржекей – ангел смерти». Режиссер фильма Д. Манабаев – один из обладателей Гран-при смотра-конкурса. Это первая киноправда о голоде 31-32 годов, о национальной трагедии нашего народа.
5-тапсырма «Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.
