- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Қазақстан
3– тапсырмаСәйкестігін табыңыз
Елтаңба Әнұран Мемлекет Заң Үкімет Халық Отан Астана Шекара Тәуелсіздік Қала Ту |
независимость город правительство герб государство родина гимн граница столица закон флаг народ |
4 - тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Тәуелсіз Қазақстан
Біздің Отанымыз, туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Еуропа мен Азияның картасын қарасақ, біздің мемлекет ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылып жатқан кең өлке.
Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 700 шақырым. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте – Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығыста – Қытаймен шектеседі.
Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130 ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан көптеген мемлекеттермен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз. 16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.
1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы – Президенттің сайлауы болды. Содан бері мемлекетімізде алғаш сайлаған Президентіміз Н. Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды.
Конституция біздің – Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды. Осы конституцияда балалардың да құқығы мен міндеттері туралы жазылған. Бірнеше мемлекет бірігіп «бала құқықтары туралы» Конвенция қабылдады. Бұл Конвенцияның мақсаты балалардың білім алуына, мәдениет жетістіктерін пайдалануына, демалыс пен бос уақыт құқысын жақсы өткізуіне жағдай жасайды.
Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Бұл күнде біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Біздің көгілдір туымыз Америкадағы БҰҰ Ғимаратының алдындағы Салтанат алаңында басқа мемлекеттің туларымен бірге желбіреп тұр. Сонымен қатар ҚР көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл дегеніміз ҚР өзге елдердің назарын өзінің жетістігімен аудара білуде. Бүгінде жер шары мазасыздыққа толы. Оған кей елдердегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, ұлтаралық қақтығыстар, діни көзқарастар себеп болуда. Ал, біз Елбасымыздың саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды.
Қазақстан экономикасы нарық жағдайда дамуда. Президент, Үкімет қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына көп мән береді.
1997 жылы Президенттің Республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда.
Қазір еліміз қарыштап дамып келеді. Болашақта Қазақстан мәдениеті жоғары, білімді елге айналады.
Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды кұрметтейміз.
5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
2-сабақ Лексика: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
Грамматика: Болымсыз етістік. Қарсылықты бағыныңқы
1 – тапсырма Сұраққа жауап беріңіз
ҚР қашан тәуелсіз ел болды?
Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?
Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіздер?
Қазақстанның ауа-райы қандай?
Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырмаСөздер мен сөз тіркестерін аударыңдар
Суверенный – Общий – Луч – Свобода – Летящий тулпар – Все народы – ООН – Единство народов
Воля –
3– тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақ, ұйғыр,өзбек және өзге де ұлт өкілдері өмір сүруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін,салт дәстүрін,мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде...
4– тапсырмаМәтінге қатысты сұхбат құрастырыңыз
5-тапсырмаТөменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз Қазақ тілі, іссапар, хатшы, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу, iс қағаздар жүргiзу, мемлекеттiк орган, елбасы, мемлекеттік тіл мәселесі, мемлекеттік басқару, заң шығару, мемлекеттік қызметшілер, тілді меңгеру, ұлттық мүдде, қазақ диаспорасына, азаматтық парыз.
6-тапсырма Мақал - мәтелдердің жалғасын табу а) Отан ... да ыстық. б) Отансыз адам - ... бұлбұл. в) Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде... бол. г) Туған жердей жер болмас, Туған... ел болмас.
3-сабақ Лексика: Қазақ елі – бай ел
Грамматика: Шартты рай. Шартты бағыныңқы
1 – тапсырма Берілген сөздерді аударып сөйлем құрастырыңыз
Көп ұлтты егеменді мемлекет, ұлттардың өкілдері, жер көлемі,мәдениетті және білімді елге айналу,пайдалы қазбалар, көмір, мұнай, газ, темір, алтын, мыс, тұз, әктас, саз, алюминий
2 – тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз
Қазақ елі – бай ел
Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.
Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б.
Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.
Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.
Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі.
"Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады.
Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады.
Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.
3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
4-тапсырма Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай?
№ 6 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын мазмұндаңыз
2-тапсырма «ҚР рәміздері » туралы хабарлама жазу.
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндау
