- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
V модуль:салауатты өмір салты
1-сабақ Лексика: Дені саудың – тәні сау
Грамматика: Шығыс септік. Құрмалас сөйлем
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1 Денсаулық дегенді қалай түсінесіздер? 3 Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз? 4 Салауаттылық – өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?
5 Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?
6 Зиянды әрекеттерге нелер жатады? 7 Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?
8.Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны? 9 Нашақорлық зардаптары? 10 Жұқпалы аурулар жайлы не білесің? 11 Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыздар? 12 Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек
2-тапсырма Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз
Крепкий иммунитет, здоровый образ жизни, крепкое здоровье, ежедневная зарядка, вечерная прогулка,физические нагрузки, правильное питание, саблюдение диет, здоровый сон, режим сна, режим питания, чистый воздух.
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Дені саудың – жаны сау
Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін ең алдымен деніміз сау болуы керек.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік. Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Қазіргі уақытта денсаулықты сақтап қалу - өте өзекті мәселелердің бірі. Өйткені қазір адам бойындағы ауруларға қарсы тұра білу әлсіреп барады. Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста өмір сүрді. Жазда жайлауда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.
Қазіргі медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз. Оларды қадірлей білейік!
4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
5-тапсырмаЕсте сақтайық!
“Денсаулықтың он құпиясы”: 1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр 2. Біздің тыныс алуымызда 3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі 4. Дұрыс тамақтану 5. Күлкі 6. Дем алу 7. Тұлғаны түзу ұстай білу 8. Сенім күші 9. Сүйіспеншілік күші 10. Таза қоршаған орта
2-сабақ Лексика: Ауру – астан
Грамматика: Жіктік жалғау. Етістіктің жіктелуі
1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз
1 «Ас – адамның арқауы» дегенді калай түсінесіздер?
2 Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
3 Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?
4 Қандай тағам түрлерін білесіздер?
5 Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?
2-тапсырмаДиаграмманы толтырыңыз
