- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Студенттің бос уақыты
Адамдар бос уақыттарын әр түрлі өткізеді. Бірулер үйде тыныштықта отырып демалғанды жақсы көреді. Көбінесе теледидар қарайды, музыка тыңдайды, кітап оқиды немесе өздерінің сүйікті ісімен айналысады. Ал кейбір адамдар табиғатқа шығады, жағажайға, саяжайға, тауға, демалыс үйлері мен сауықтыру кешендеріне барады.
Жазда адамдардың көбін жағажайдан кездестіруге болады. Жаздың ыстық күндері оларға суға түсу, күнге күю, жүзу ұнайды. Қазіргі кезде жағажайларда адамдардың демалуына көп жағдай жасалған.
Демалыс орындарының бірі – кинотеатр. Кинотетрларға келген жаңа фильмдер туралы теледидардан берілген жарнамалардан, газетке шыққан хабарландырулардан білеміз. Бұл күндері кинотеатрларда тек кинозалдары ғана емес, сонымен қатар би залдары , ойын бөлмелері, дәмхана бар. Сол себепті қазіргі кинотеатрларды ойын-сауық, демалу, көңіл көтеру орталығы деуге де болады.
Бос уақытта мәдени орындарға яғни театрға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін көрген дұрыс. Мұражайға барып, суретшілердің өнерін тамашалған да жақсы.
Сонымен қатар бос уақытта таза ауада қыдыруды, мұз кешенінде сырғанақ тебуді, саябақта, қаланың көрікті жерлерінде серуендеуді, спортпен айналысуды әдетке айналдырса, кез-келген адамның бос уақыты қызықты өтері сөзсіз.
Ал студенттің демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі -білім алып жатқан оқу орнындағы тәрбие ісімен тығыз байланысты. Біздің оқу орнымыз студенттердің бос уақыттарын мәдени шараларға: қаламыздың көрікті жерлеріне, тарихи-мәдени орындарға апарып, спорттық ойындарға, мазмұнды мерекелерге қатысуын ұйымдастырып тұрады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі байқаулар, фестивальдар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кiтапхана қорында студентке қажетті кітаптар, ғаламтор, электронды оқу құралдары да жетерлік. Кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат сегізден, кешкі сағат тоғызға дейін. Университетімізде білім нәрімен сусындаймын деген студенттерге барлық жағдай жасалынған.
5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
6-тапсырмаУақыт туралы нақыл сөздерді есте сақтаңыз
Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.
Уақыт ойымыздан да жүйрік.
Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.
Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.
Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.
Уақыт – керемет ұстаз, алайда шәкірттерін өлімге қиятыны жаман.
Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.
Әр күнің – жаңа өмір.
7-тапсырма «Менің күн тәртібім» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз
№ 4 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма«Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбын мазмұндаңыз
2-тапсырма Қазақ халқының ұғымындағы киелі сандар туралы
3-тапсырма Уақыт, заман, сағат, мезгілге байланысты мақал-мәтел жазыңыз
4-тапсырма «Уақытты үнемдеу де - өнер» тақырыбына шығарма жазыңыз
5-тапсырма Білгенге маржан
Бізге берілетін уақыттың әрсекундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз.
1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың.
1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың
1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың.
1 сағаттың қадірін білгің келсе бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың
1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың
1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың
1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың.
Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.
Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.
Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.
Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.
Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!
Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.
