Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

Іv модуль: уақыт және адам

1-сабақ Лексика: Уақыт алтыннан да қымбат

Грамматика: Сан есімнің түрлері. Бұйрықты сөйлем

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Сіз уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз бе?

2 Бос уақытта немен шұғылданған пайдалы?

3 Қызығатын іс-әрекетпен айналысқанда, қандай күйде боласыз?

4 Бос уақытта мәдени орындарға баруды ұнатасыз ба?

5 «Уақыт алтыннан да қымбат» дегенді қалай түсінесіз?

6 Жер планетасындағы уақыт айырмашылықтары қандай?

7 Уақыттың негізгі бірліктеріне не жатады?

8 Уақыт, мезгіл, тәулікке қатысты қандай атауларды білесіз?

9 Уақытыңызды қалай үнемдейсіз?

2-тапсырма Екі бағанды сәйкестендіріңіз

уақыт кестесі

тыңғылықты

өзіне

бос уақыты

рухани

жүйке

қуаты

қызығушылық

тау

кесте

тоқыма

мәдени орындар

жаныңызға

жылылық

свободное время

исполнительный

духовный

расписание времени

себе

гора

душе

культурные места сила

тепло

вышивка

интерес, забава

нерв

вязать

3-тапсырмаЖаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз

құн – цена

сәт – момент

даналық – мудрость

өзін-өзі қадағалау – самоконтроль

дерт – болезнь

еріншектік – ленивость

шашылу – трата

үнемі – регулярно, постоянно

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Уақыт алтыннан да қымбат

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өткізбеу керек. Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек.

Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек.

Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні - жылға азық», - дейді халық. Ендеше жастықтың бір күні - сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Уақыт бар ғой деп бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма.

Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды. Адам жайбарақат күйде болғанда уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады, сондай-ақ уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қояды.

Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.

Француз зерттеушісі Мишель Сифр 1960 жылы тәжірибие жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана білген жөн. 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Оқыңыз, есте сақтаңыз. Уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз, уақытыңыздың жауларынан сақ болыңыз

а) Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз;

ә) Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі;

б) Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш жігер бастауы;

в) Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл – жастық құпиясы;

г) Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі;

ғ) Достық үшін уақыт табыңыз, бұл – бақыттың шарты;

д) Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға барар жол;

е) Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің шынайы қуанышы;

ж) Көңіл үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені;

Уақытымыздың жаулары

а) түсініксіз мақсаттар;

ә) тыңдай білмеу;

б) «жоқ» - деп айта алмау;

в) телефонмен ұзақ сөйлесу;

г) асығыс шешімдер;

ғ) ұмытшақтық;

д) жұмыс уақытында кофе, шәй ішуге кететін үзілістер;

е) жоспарлай білмеу;

  1. инуттық дәріс және студент

2-сабақ Лексика: Студенттің бос уақыты

Грамматика: Мезгіл үстеу. Пысықтауыш

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Бос уақытыңызды қалай пайдалана аласыз? (демалыс күніңізді)

  2. Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

  3. Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

  4. Әр күнге жоспар құрасыз ба?

  5. Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

  6. Уақыт – алтыннан қымбат дейді, неге?

  7. Уақытты басқару дегеніміз не?

  8. Уақытты меңгеру не үшін керек?

  9. Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

2-тапсырма Сөздердің антонимдерін жазыңыз

Басталу, кешігу, таңертең,бүрсігүні, ертең, ерте.

3-тапсырма Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.

4-тапсырмаМәтінді оқып, өз ойыңызбен бөлісіңіз