Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.64 Кб
Скачать

2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Грамматика: Синонимдер. Бірыңғай мүшелер

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Сыртқы келбет, сымбаттылық дегенді қалай түсінесіз?

2 Адам сымбатының бұзылуына не себеп болады?

3 Омыртқа жотасының қисаюы неге байланысты болады?

4 Сыртқы келбеттің дұрыс қалыптасуы неге байланысты?

2-тапсырма Берілген сөздердің аудармасын сәікестендіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз

ауырлық күші –

қимыл-қозғалыс –

қоршаған орта –

ғылыми ой –

сипат –

дара өзгешеліктер –

қайталанбастық –

эмоцияға берілу –

тұрақтылық –

ұнамды –

жарасымды –

өнімді –

сымбатты –

жан дүние –

характеристика

стройный

душа; внутренний мир

неповторимость

усилие; нагрузка

продуктивный

научные умы

привлекательный

движение

окружающая среда

передоваться эмоциям

индивидуальные особенности

постоянство

приятный

3-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен жалғастырыңыз

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Адамның сыртқы келбеті мінез-құлқымен тығыз байланысты. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы үш түрге бөлінеді. Олар:

1 Астениктер. Бұлар – тар сүйектілер.

2 Нормастениктер. Бұлар – кең сүйектілер.

3 Гиперстениктер. Бұлар – өте кең сүйектілер.

(М. Сүлеймен. Адамның сыртқы келбеті. Астана айнасы)

4-тапсырма Көпнүктенің орнына қажетті жалғауларды қойыңыздар

Адамның ...... келбеті, сымбаты – дегеніміз қалыпты ..... және жұмыс кезінде адамның ..... әдетпен өз денесін дұрыс ..... .... айтады. ..... адамның денесі ұнамды, сыртқы келбеті және ...... ісі өнімді .... .

(Қажетті сөздер: сымбатты, сыртқы, жағдайда, жарасымды, ұстай білуін, болады, күнделікті)

5-тапсырма а)Көркем – сөзінің синонимін тауып сөйлем құрастырыңыз

ә)Досыңыздың сырт келбетін сипаттап жазыңыз

6-тапсырма «Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті» тақырыбында сұхбат құрастырып, сұхбат бойынша рөлдік ойын ойнаңыздар

7-тапсырма Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз

  • Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу

  • Сөзі райлының – жүзі шырайлы

  • Жаманның сөзі – түйеден түскендей

  • Жылтырағанның бәрі – алтын емес

  • Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық

3-сабақ Лексика: Замандас келбеті.Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер.

Грамматика: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Антонимдер.

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

2 Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

3 Атаққұмарлық, мансапқорлық дегенді қалай түсінесіз?

4 Өзімшілдік дегеніміз не?

2-тапсырма Төменде берілген сөздері орыс тіліне аударыңыз

тәкаппарлық -

іштарлық -

екіжүзділік -

жағымпаздық -

қызғанушылық -

өзімшілдік -

жемқорлық -

жалақорлық -

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз