- •5. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
- •Бағалау жүйесі
- •2 Аудиториялық сабақ тақырыптары және оның мазмұны
- •3.1 Оқытушының студентпен бірге жүргізетін өздік жұмысы
- •3.2 Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
- •4 Емтихан сұрақтары:
- •5 Әдебиеттер
- •І модуль: отан отбасынан басталады
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Іі модуль: қазіргі тұрғын үй
- •Қазақ халқының ежелгі үйі - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Ақ босаға
- •Отбасы– ошақ қасы
- •Әйелдер жақ
- •Ерлер жақ
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •2Сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Іv модуль: уақыт және адам
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қолөнер түрлері
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Viiiмодуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Іх модуль:өлең – сөздің патшасы
- •Грамматика: Кірме сөздер, оларға қосымшаның жалғануы. Толықтауыш
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Грамматика: Қос сөздер, емлесі
- •Грамматика: Жақты және жақсыз сөйлемдер
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Х модуль:көркем сөз – көркем өнер
- •Хі модуль: адам және табиғат - егіз
- •Табиғат
- •Адам және табиғат егіз
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Грамматика: Сын-қимыл үстеу. Қимыл-сын бағыныңқы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Хіі модуль:туған жерге саяхат
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Хііі модуль: менің мамандығым
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастар және қоғамдық ұйымдар
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан және ғылым мен техника
- •Қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •Қр азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары
- •Отбасы құқығының негіздері Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •Жеке адамның құқығы
- •XVII модуль әлеуметтік зейнетақы ұйымдары
- •XVIII модуль Жарнама және бәсеке
- •XIX модуль ұлылық ұлыдан
- •XX модуль қазақстан және сыртқы саясат
- •XXI модуль түгел сөздің түбі бір
Iіі модуль: мінез және келбет
1-сабақ Лексика: Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.
Грамматика: Сапалық және қатыстық сын есімдер. Хабарлы сөйлем
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1 Адам мінезі қандай болады?
2 Мінездің ұнамды белгілері?
3 Байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл адаммен сырласуды жақсы көресіз бе?
4 Адамның қандай мінезі тіл табысуды қиындатады?
5 Әдептілік сезімі дегеніміз не?
6 Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың?
7 Мінездің жақсы, жаман қасиеттерін атап бере аласыз ба?
8 Қызғаншақ жақсы мінез бе?
9 Қайсар, өжет, батыл адам деп кімдерді айтар едіңіз.
10 Сіздің ойыңызша идеал деген кім? Ол қандай адам болуы керек?
2-тапсырмаСұхбатты жалғастырыңыз
Жандос, сенің ең жақын досың бар ма?
- ...................................................................
- Досыңның қандай мінезі саған ұнайды?
- .....................................................................
- Досыңның мінезінде қандай кемшілік бар?
- ......................................................................
- Сен ашулансаң, досың не істейді?
- ......................................................................
- Ал досың ашуланып, ренжитін жағдайлары бола ма?
- .......................................................................
- Ондай жағдайда сен қандай мінез көрсетесің?
- ........................................................................
- Жақсы. Сенен үйренетін мінез-құлықтар көп екен.
-...................................................................................
- Ия, адам адамнан жақсы мінезді, жағымды әдетті үйрену керек.
-...................................................................................
3-тапсырма Жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз
адам мінезі - характер человека
сабырлы - спокойный
шыдамсыз - нетерпеливый
қызғаншақ - ревнивый
байсалды - спокойный
көпшіл - общительный
ақкөңіл - чистосердечный
кешірімді – простительный
жомарт - щедрый
жағымсыз – неприятный, противный
сабырсыз – нетерпеливый
кекшіл - злопамятный
көңілсіз – без настроения
қылық – выходка
сырлас – близкий
4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Мінез және келбет
Адам мінезі әртүрлі болады. Біреуі – сабырлы, біреуі – шыдамсыз, енді біреуі – қызғаншақ. Кез-келген адам қоғамда, ұжымда өмір сүреді. Сондықтан, мінезіне қарай басқа адаммен тіл табысып, мінезі арқылы ұжымға танылады. Егер адам мінезі байсалды, сабырлы, көпшіл, ақ көңіл болса, басқа адамдар да онымен дос болып, сырласуға, ақыл-кеңес сұрауға жақын тұрады. Кешірімді болу, адам бойындағы жомарттық, кішіпейілдік те мерейіңді өсіріп, алғысқа бөлентеді.
Кейбір адамдардың сыртқы келбеті әдемі болғанымен, жағымсыз мінездерімен ортасын жалықтырып, өзгемен тіл табысуын қиындатады. Шыдамсыз, сабырсыз, қызғаншақ, кекшіл болсаң, сен достарыңнан алыстап кетесің. Үнемі жалғызсырап, көңілсіз өмір кешесің. Сондықтан жаман қылықтан аулақ болып, неғұрлым мейірімді, сабырлы мінез көрсетсең, саған өкпесі бар адамдардың өзі сырлас досыңдай болып кетеді. Жұмсақ мінез, ұстамдылық, сыпайылық - өзіңді де, отбасыңды, досыңды да бақытқа бастар жолдың тетігі. Халқымызда «Жақсы адам – қазына» деген нақыл сөз бар. Оның астарында адам мінезі жайлы ой айтылған.
(Қ.Ж.Серғазина, Ж.А.Құсайынова. Қазақ тілі ОӘК)
5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
6-тапсырма Мінез-құлыққа байланысты мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз
