Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 метод каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.71 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Хирургиялық стоматология модулі

Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.

МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа әдістемелік нұсқау

9 Тақырып: «Бет жақ аймағының жаңа түзілістерінің түрлері. Эпидемиологиясы . Ісіктердің халқаралық жіктелуі. Негізгі диагностикалау әдістері. Онкологиялық күдіктену. Бет жақ аймағында ісіктері бар науқастарды диспансерлеу».

Академиялық сағаттардың көлемі – 3 академиялық сағат

КУРСЫ: 5

семестрі – 9-10

2013ж.

Құрастырушы: м.Ғ.К. Даулетхожаев н.А.

Модуль отырысында талқыланды

Хаттама № 1 « 27 » тамыз 2013 ж.

Бекіткен:

Хирургиялық стоматология модулінің жетекшісі

М.Ғ.К., доцент __________ Даулетхожаев н.А.

1. Тақырыбы: Бет жақ аймағының жаңа түзілістерінің түрлері. Эпидемиологиясы . Ісіктердің халқаралық жіктелуі. Негізгі диагностикалау әдістері. Онкологиялық күдіктену. Бет жақ аймағында ісіктері бар науқастарды диспансерлеу.

2. Мақсаты:

1). Білім қалыптастыру:

- ісіктердің халықаралық жіктемесі туралы;

- бет-жақ аймағының ісіктерінің дамуына әкеліп соғатын факторлар, эпидемиология жайлы;

- БЖА ісіктері бар науқастарға арнайы комек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары;

- онкологиялық науқастарды арнайы қараудың түрлері.

2). Операциональді дағдыларды қалыптастыру:

- Онкологиялық күдіктену дағдысы.

3). Коммуникативті дағдыларды дамыту:

- Жаңа тепминдер мен түсініктерді енгізу жолымен: «Республиканың бас стоматологымен басқара ҚР ДСМ жанындағы онкологиялық көмегін басқару. Онкологиялық институт. Онкологиялық диспансер. Ауруханалардың онкологиялық бөлімшелері. Онкологиялық кабинет.»

- онко-стоматологиялық профильді науқасты қарау кезінде вербальді және вербальді емес коммуникациялар.

4). Кұқықтық компетенцияны

- БЖА ісіктері бар науқастың медициналық құжаттарын жүргізу, емдеу протоколдарын

оқыту арқылы қалыптастыру.

5). Студенттердің «Бет жақ аймағының жаңа түзілістерінің түрлері. Онко-стоматологиялық науқасты зерттеудің негізгі және қосымша әдістері. Медициналық құжаттарды жүргізу ережелері.» тақырыбын оқу ынтасын дамыту.

3.Оқыту тапсырмалары:

  1. Жаңа терминдерді енгізу "обыр, саркома,онкологиялық күдіктену". Оларға анықтама бере отырып, ауру тарихын жазғанда қолдана білу

  2. Бет жақ аймағының онкологиялық ауруларының эпидемиологиясын қарастыру(проблеманың актуалдығы,уақытына байланысты диагностикалау )

  3. ҚР онкологиялық қызмет көрсету ұйымымен таныстыру

  4. Ісіктердің халықаралық жіктелуімен таныстыру

  5. Онкологиялық науқастарды негізгі диагностикалау әдістерімен таныстыру

  6. Бет жақ аймағының ерте диагностикаланған ісігіндегі стоматолог дәрігердің ролі,онкологиялық күдіктену әдістері

  7. Онкологиялық науқастарды тексеру әдістерін көрсету

  8. Емдеу протоколымен таныстыру,медициналық құжаттарды енгізу(ауру тарихы,амбулаторлық карта)

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бет-жақ аймағының қандай ерекшеліктері ісіктің ерте диагностикалануына әсері бар.

  2. Қазіргі кезде бет жақ аймағының ісіктерін қалай ерте диагностикалайды?

  3. Онкологиялық күдіктенуді қалай түсінесіз?

  4. Онкологиялық науқастарды диагносьтикалаудың қандай негізгі әдістерін білесіз?

  5. Диагнозды нақтылау үшін қандай арнайы әдістерді қолдану керек?

  6. ҚР онкологиялық көмекті ұйымдастыру.

  7. Онкологиялық науқастарды тіркеу қағидалары.

  8. ҚР ДСМ 25.04.86ж. «Қатерлі жаңа түзілістерді алдын алуды, ерте диагностикалауды және емдеуді ары қарай жақсарту шаралары жайлы» №590 бұйрық.

  9. Бет жақ аймағының локолизациясы бар онконауқастарды тексеру құрылымы.

  10. Цитологиялық зерттеуге материалды алу әдістері

  11. Өмірге өабілетті тіндік затты цитологиялық зерттеуге алу қалай аталады және ол қалай жүргізіледі?

  12. Онконауқастарды диспансерлік тіркеудің негізгі топтастырылуы

  13. Онкологиялық науқастарды емдеу әдістері

  14. Радикалды, симптоматикалық,паллиативті ем дегеніміз не?

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, муляжбен жұмыс, тест түрінде тапсырмаларды шешу, кіші топтарда жұмыс: мұғаліммен бірге тақырыптық науқасты қарау.

Оқыту тәсілі: «БЖА жаңа түзілістерінің түрлері» мультимедиялық презентация, іс-қимылдың бағыттама кестесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]