- •Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа
- •Құрастырушы: м.Ғ.Д. Ибрагимова р.С.
- •М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.
- •3.Тапсырмалар:
- •4. Оқу және оқыту тәсілдері: аралас
- •6. Хронометраж
- •7. Білім алушылардың базалық және қорытынды деңгейін анықтауға арналған сұрақтар:
- •Үшкіл нервтің невралгиясы бар науқастарды тексеру негізінде бағдарлау әсерінің негізгі кестесі:
- •Ситуациялық тапсырма:
- •8. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырмалар, жаттығулар)
- •Жаттығулар:
- •9. Ұсынылған әдебиеттер
7. Білім алушылардың базалық және қорытынды деңгейін анықтауға арналған сұрақтар:
1.Нейростоматологиялық аурулардың жіктелуін мінездемелеу
2.Үшкіл нервтің анатомиясын, оның тармақтарының жолдарын мінездемелеу
3.Бет нервінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістерін мінездемелеу
4. Үшкіл нервтің невралгиясының патогенезі,этиологиясы
5. Үшкіл нервтің невралгиясының диагностикасы, клиникасы және жіктелуі
6. Үшкіл нервтің невралгиясының салыстырмалы диагностикасы
7. Үшкіл нервтің невралгиясының емдеу міндеттері
8. Үшкіл нервтің невралгиясының кешенді емдеу альгоритмі
Үшкіл нервтің невралгиясы бар науқастарды тексеру негізінде бағдарлау әсерінің негізгі кестесі:
Тексеру кезеңдері |
Белгілері |
Өзіндік бақылау көрсеткіштері (сау адам) |
1.Науқасқа сұрау жүргіңіз Шағымдары: А)Жергілікті
Б)Жалпы
Ауру анамнезі
Өмір анамнезі |
Ауру сезімі беттің бір немесе бірнеше аумағында ұстама тәріздес ашық аралықпен (мүмкін тұрақты)
Ауру сезімі бет аймағының жекелей жеңіл қоздырғыштарымен сипатталады
Көзден жас ағу, мұрыннан сұйықтық ағу, ұстама кезінде беттің қызаруы
Депрессия немесе қозу, ұйқының бұзылуы, амал жоқтық
Ауру ұзақтығы 2-3 күннен бірнеше жылға дейін
Күрделі тіс жұлуға байланыстыруы мүмкін
Кәсіби позициялық ауыртпалық
Кейінге қалдырылған және қосалқы аурулар, тұқым қуалаушылық, әлеуметтік жағдайы |
Байқалмайды
Байқалмайды
Байқалмайды
Фондық аурулармен байланысы немесе байқалуы, анықтау қажет
Алдында жүргізілген тексеруді анықтау, емі, оның нәтижелілігі
Байқалмайды
Туберкулкзге, ЖИТС-қа аса көңіл аудару |
2)Жүргізіңіз: Қарап тексеру
Ауыз ішілік тексеру
Визуализация әдістерімен көрсеткіштері бойынша тексеру жүргізу |
Ішкі көрінісі ешқандай өзгеріссіз болуы мүмкін, бірақ кейде науқастар бетке тигізбей жатып локальді ауру сезімі бар жерге нұсқайды
Валле нүктесінде ауру сезімі болуы мүмкін
Бетті тексеру кезінде ұстамалы ауру сезімі болуы мүмкін
Мінездемелік ерекшеліктерсіз ауыз қуысында жалпы қабылданған әдіс бойынша тексеру, одонтогенді ошақтар, пародонт патологиясы болуы мүмкін
Ортопантограммада одонтогенді ошақ көріністері, пародонт патологиясы, жаңа түзілімдер т.б. көріністер болуы мүмкін. МРТ-да жоғары жақ синуситі, ЖБА жаңа түзілім немесе бас миы және басқалар.
Доплерография кезінде үйқы бассейнінде және омыртқа артерияларында қан айналымы бұзылуы мүмкін
|
Ішкі қарап тексеру нәтижесі сау адамдікіндей
Байқалмайды
Байқалмайды
Бет нервінің патологиясы болуы мүмкін
Байқалмайды
Байқалмайды |
