Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 мет каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.14 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

Хирургиялық стоматология модулі

Пәні – Хирургиялық стоматология HS 5306.

МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»

Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа

Тақырып№ 4: «Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттануы. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы, жақ-бет аймағы жарақатталған науқастардың күтім ерекшеліктері. Жақ-бет аймағы жарақатталған науқастарды медициналық куәләндіру».

КУРСЫ: 5

семестрі – 9,10

2013 ж.

Құрастырушы:

Модуль отырысында талқыланды

Хаттама № 1 « 27 » тамыз 2013 ж.

Бекіткен:

Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі

М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.

1.Тақырып № 4. Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттануы. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы, жақ-бет аймағы жарақатталған науқастардың күтім ерекшеліктері. Жақ-бет аймағы жарақатталған науқастарды медициналық куәләндіру.

2. Мақсаты

Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттануының клиникалық көрінісі, түрі, сипаты, зерттеу тәсілдері, медициналық куәләндіру шарттары туралы білім негізін қалыптастыру.

Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттануының хирургиялық емінің, дегазацияның, дезактивацияның тәжірибелік біліктілігі мен білімін қалыптастыру.

Жақ-бет аймағы жарақатталған науқастар күтімі ұйымдастырылудағы тәжірибені қалыптастыру. Бұл науқастардың тамақтан ерекшеліктері. Қолданысқа жана терминдер енгізу: біріккен аралас жарақат, медициналық куәләндіру.

Құқықтық компетенцияны қалыптастыру: жақ-бет аймағының біріккен жарақатының емі мен диагностикасының, науқастың медициналық куәләндіру қаулысын қарастыру.

Студенттерде аралас дисциплинаны оқытуды дамытуға түрткі болу: отоларингология, офтальмология, нейрохирургия.

3. Оқыту тапсырмалары:

1.Жақ-бет аймағы жарақатының патогенезінің негізін ашу. Жақ-бет аймағы жарақатталған науқастарды медициналық куәләндіру, күтім және тамақтану ерекшелігімен таныстыру.

2.Жақ-бет аймағы жарақатталған науқастарды медициналық куәләндәру әдістерін үйрету.

Терминдерге анықтама беру: біріккен жарақат, антидот, дегазация, дезактивация, бірге тарылу синдромы, ВВК.

3.Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттарын диагностикалауды, науқастардың күтімі мен тамақтану ерекшелігін ескере отырып, кешенді емдеу жоспарын құруды меңгеруге көмектесу.

4.Жақ-бет аймағының біріккен жарақаттарын рационалды әдіс хирургиялық әдісті таңдау арқылы емдеу жоспарын құруды үйрету.

5.ЖБА біріккен жарақаты туралы әдебиеттермен, науқастарды медициналық куәләндірумен, науқас күтімімен және тамақтану ерекшелігімен таныстыру.

Негізгі түсініктер:

Біріккен жарақаттанулар

Бірге тарылу синдромы

Дегазация, Дезактивация

ВВК

Науқастардың күтімі мен тамақтану ерекшелігі мен заңдары

Науқастарды медициналық куәләндіру

Біріккен радиационды жарақаттардың хирургиялық емдеу ерекшелігі

Жаңа түсініктер:

1.Біріккен жарақаттанулар екі немесе одан да көп жаракаттаушы факторлардың организмге әсерінен дамиды (толқын және сәулелену, ұрыстық уландырушы заттардың әсерімен оқ жарақаты).

2. Барлық біріккен жарақаттар дамуына байланыссыз кейбір жалпы белгілерімен көрініс береді:

-Біріккен тарылу синдромы (бір закымдану екінші закымдануды ауырлатады немесе керісінше)

-тек медициналық көмек кана емес арғы емдеу емі де қиындатылады

-жиі қанағаттанарлықсыз функционалдык ем нәтижесі байкалады.

3. Дегозация-уландыру затын алып тастау

4. Дезактивация-радиациялык зақымдануды алдын алу ушін радиактивті заттарды алып тастау

5. Біріккен радиациялық закымдаудың хирургиялык емінің ерекшелігі;

6. Э.Д.М.- әскери дәрігерлік мүшелер, баска министрлік және емдік мекеменің шарты бойынша емдік алдын алу мекемесінің негізінде құрылады. Бакылау және қайта куәләндіру де осы тәртіпке сай жүргізіледі. Куәләндіру мына дәрігер-мамандармен: хирург,терапевт,невропатолог,окулист,оториноларинголог және керек болса басқа мамандармен жүргізілінеді.