Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 метод каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.82 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Хирургиялық стоматология модулі

ПәніХирургиялық стоматология HS 5306.

МАМАНДЫҒЫ: 051302 «Стоматология»

Әдістемелік нұсқау тәжірибелік сабаққа

Тақырып № 1: «Стационарда хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Медициналық құжаттар, жақ бет аймағындағы жұмыс анализі және есебі».

КУРСЫ: 5

семестрі – 9,10

2013 ж.

Құрастырушы: м.Ғ.Д. М.О. Профессор Мырзақұлова ұ.Р.

Модуль отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «27» тамыз 2013 ж.

Бекіткен:

Хирургиялык стоматология модулінің жетекшісі

М.Ғ.К. __________ Даулетхожаев н.А.

1. Тақырыбы № 1.Стационарда хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Медициналық құжаттар, жақ бет аймағындағы жұмыс анализі және есебі.

2. Мақсаты:

1) Жақ бет аймағы хирургиясы бөлімінің стационарын қамтамасыздау және ұйымдастыруды; медициналық құжаттарды, жақ бет аймағы хирургиялық бөлімінің стационарындағы жұмыс анализін және есебін жүргізуді үйрету.Хирургиялық стоматологиялық араласуларда асептика, антисептика ережелерін білу.

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауға байланысты заңдар мен нормативті құжаттары туралы құқықтық компетенцияны қалыптастыру;

3)Студенттердің профессиональды ақпараттандырып, өзіндік жұмыстарының мотивациясын өмірлік ағымында үздіксіз шыңдануына себепкер болу;

4)Студенттердің БЖА бөлімінде операциялық дағдыларын медициналық құжаттармен жұмыс қорытындыларын дұрыс толтыруында қолдана білуін қалыптастыру;

3. Оқыту тапсырмалары:

1. Жақ бет аймағының хирургиясы бөліміндегі стационарды ұйымдастырудағы және қамтамасыздаудағы нормативті құжаттауды білу.

2. Стационардың операциялық бөлмесіне, таңу бөлмесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптарын меңгеру.

3. Стационардағы операциялық бөлменің, таңу бөлмесінің қамтамасыздануын қарастыру.

  1. Техника қауіпсіздігі ережесін үйрену.

  2. Стоматологиялық аспаптардың тағайыдалуын және түрлерін қарастыру.

  3. Стоматологиялық аспаптармен жұмыс істеу ережелерін үйрену.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жақ-бет аймағы стационары дегеніміз не? Стационардағы хирургиялық қабылдауда тұрғындарға көрсетілетін көме трлері?

2. хирургиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастырудағы негізгі қағидалар.

3. Дәрігердің, орта және кіші медициналық персоналдың гигиеналық жағдайына, киіміне, сырт келбетіне қандай талаптар қойылады?

4. Жақ-бет аймағындағы хирургиясы стационардағы медициналық құжаттарды атаңыз.

5. Стацтонардың қабылдау бөліміндегі медициналық құжаттардың тізімі.

6. Палаталардағы, операциялық бөлімдегі ауа температурасына, еденіне, төбесіне, қабырғаларына, жарықпен қамтамасыздануы туралы нормативті құжаттарда қандай талаптар тіркелген?

6. Хирургиялық бөлмеде томатологиялық кресло мен қондырғыны орнату үшін қанша шаршы метр аудан қажет?

7. Операциялық бөлімде,таңу бөлмесіндеоперациялық үстелді орнату үшін қанша ш.метр аудан қажет?

8. Стационарда жүргізілетін жоспарлы операцияларды атаңыз.

9. Стационарда жүргізілетін жедел операцияларды атаңыз.

10. Асептика дегеніміз не? Түрлері.

11. Антимептика дегеніміз не? Түрлері.

12. Операцияға қолдарды дайындау түрлері.

5. Оқыту және үйреті әдістері: ауызша сұрау, тест түріндегі тапсырмалар, аз топтағы жұмыс істеу: хирургиялық бөлімдердің, стационардың;хирургиялық бөлімнің медициналық құжаттарының жұмыс есептемелерін, хирургиялық стоматологиядағы араласулардың асептика және антисептикалық әдістерді, операциялық бөлімшелерінің ұйымдастырылуы және қамтамасыздандыруымен таныстыру.БЖА бөлімінде сырқатнамаларын дұрыс толтыру дағдыларын үйрету.

6. Оқыту құралдары: БЖА бөлімі,қабылдау бөлімі, таңу бөлмесі, ауру тарихы, науқастардың келіп түскендердің есеп журналы, операционалды журналы және т.б.