Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2 апта лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
284.16 Кб
Скачать

Дәріс мазмұны:

  1. ҚР конституциялық құқығы ұғымы мен жүйесі. (ҚР КҚ).

  2. Конституция ұғымы мен түрлері. ҚР конституциясы қағидалары.

  3. ҚР конституциялық құрылысы ұғымы. ҚР егеменді мемлекет. ҚР- құқықтық, әлеуметтік, зайырлы, демократиялық мемлекет.ҚР- пезиденттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымы мен түрлері. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері.

  4. Азаматтық ұғымы. Азаматтық алу мен тоқтатудың негіздері.

1-2 сұрақ Конституция сөзі (латынның conctilutio бекіту, орнату деген сөзі). Конституция ұғымының қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты.Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та,сонан соң 1789 жылы Францияда қабылданды.Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстындарын бекітіп береді. Қазақстан Республикасындағы қолданылып жүрген 1995 жылғы Конституциясы оның таптық сипаттылығын қабылдамады,1995 жылғы Конституцияда басқа бағыт, айталық жалпы демократиялық сипат қаланған.Өзінің қайнар көзіне қарай-ел халықтық конституция болып табылады,өйткені халықтың қатысуымен референдумда қабылданды. Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926,1937,1978,1993,1995ж.ж).Кейінгі екеуінің алдынғылардан елеулі айырмашылығы сол-бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.Кейінгі Ата Заңда (1995ж.)құқықтық мемлекеттің қалыптастыру бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары,соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси ор алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Қазақстан Республикасын – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Принциптері :

1.өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтарын айқындап,бекіту.

2.өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті,ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту;

3.байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;

4.республиканың егемендігін сақтап,ұстап тұру;

5.Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту.Мұның ұшқыны ретінде,республика қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады.Олар:

1.қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;

2.бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму,

3.қазақстандық патриотизм;

4.мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен,оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.

3 сұрақ. ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

1. Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады.

2. Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің мәні – оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау.

3. Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.

Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.

4. Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

4 сұрақ . Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

  ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады.

Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.

ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.

ҚР азаматтығын жоғалту:

а) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарында істейтіндер;

б) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;

в) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның арнайы жағдайлары ата-анасының азаматтығы өзгерген кезде, асырап алған кезде әр түрлі өмірлік жағдайда баланың мүддесін толық ескере отырып баланың азаматтығын реттеуге арналған. Мұндағы басты принциптер: отбасының барлық мүшелеріне бірдей азаматтықты қамтамасыз етуге тырысу; баланың қалауын ескеру; балада азаматтықтың болмауына жол бермеу; мүмкін жағдайда баланың мүддесіне сай Қазақстандық азаматтықты сақтау.

Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы:

-Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.

-Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.

Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу:

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде — Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.

Азаматтықтан шығу — ҚР-сы Президентінің атына өтініш жазу арқылы азаматтардың өз еркімен азаматтылығының тоқтатылуы болып табылады.

Егер азаматтықтан шығу туралы өтініш жасаушы адам ҚР-сы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, ҚР-сы территориясының орналасқан мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделеріне байланысты болса азаматтықтан шығарудан бастартуы мүмкін.Сонымен қатар өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе заң жүзінде күшіне еңген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе  ҚР-ның азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

6 тақырып: ҚР конституциялық құқығының негіздері

Мақсаты : Конституцияның жекелеген баптарын оқып үйренеді.

Негізгі сөздер : конституциялық кеңес, сайлау комиссиялары.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

  1. ҚР Президенті.

  2. Заңшығарушы билік негізі конститутция .

  3. Атқарушы биліктің негізі конституция.

  4. Сот билігінің негізі конституция.

  5. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару.

Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы, сот органдары.

1. Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi

      1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.       2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.       Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

Республика Президенті бес жыл мерзімге сайланады.       1-1. Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен тыс сайлаудан кейін бес жылдан соң желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті сайлауда сайланған Республика Президенті лауазымына кіріскенге дейін жүзеге асырылады.       2. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.       3. алып тасталды       4. Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына қолданылмайды.

Республика Президентiнiң айырым белгiлерi

      1. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын белгiсi мен байрағы болады.       2. Омырауға тағатын белгiнiң сипаттамасын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Байрақтың сипаттамасын, омырауға тағатын белгi мен байрақты ресми пайдалану тәртiбiн Республика Президентi белгiлейдi.       3. Республика Президентi қызметi бойынша "Алтын Қыран" орденiнiң иесi болып табылады.       4. "Алтын Қыран" орденiнiң сипаттамасы, аталған ордендi берудiң негiздерi мен тәртiбi Республика заңдарымен белгiленедi.

Республика Президентiнiң Парламентке              қатысты өкiлеттiгi

      Республика Президентi:       1) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;       2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын тағайындайды. Сенаттың тағайындалатын мүшелері өкілеттіктерінен айырылған немесе олардың өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда бір ай мерзімде шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттарын тағайындайды;       3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;       4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;       5) Парламент Сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;       6) әдетте, Парламент сессияларын ашады;       7) Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады, онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады;       8) Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; егер Парламент Конституцияның 54-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, бір ай ішінде заңға қол қояды;       9) Парламенттiң қарауына Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы жоба беруге хақылы;       9-1) заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді;       10) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге, сондай-ақ заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға, яғни Парламенттiң осы жобаны оның енгiзiлген күнiнен бастап бiр ай iшiнде қарауға мiндеттi екендiгiн бiлдiретiн ұсыныс енгiзуге құқығы бар. Осы талапты Парламент орындамаған жағдайда Республика Президентi Заң күшi бар, Конституцияда белгiленген тәртiппен Парламент жаңа Заң қабылданғанға дейiн күшi болатын жарлық шығаруға хақылы;       11) Парламент Палаталарының кез келген бiрлескен отырыстарына немесе оның Палаталарының бөлек отырыстарына қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар;       12) Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда Сенат немесе Мәжiлiс Конституцияда көзделген тәртiппен қабылдаған Парламент Сенатының немесе Мәжiлiсiнiң оны қызметiнен босату жайындағы өтiнiшiн қарайды, сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;       13) Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.

Республика Президентiнiң Конституциялық               Кеңеске қатысты өкiлеттiгi

      Республика Президентi:       1) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен екi мүшесiн қызметке тағайындайды, конституциялық заңға сәйкес оларды мерзiмiнен бұрын қызметтен босатуға хақылы;       2) Республика Конституциясының 72-бабында көзделген жағдайларда Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіредi;       3) Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толық немесе оның бiр бөлiгiнде қарсылықтар енгiзедi.

Республика Президентiнiң соттарға               және судьяларға қатысты өкiлеттігі

            Республика Президенті:       1) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесін негізге ала отырып, Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Парламент Сенатына ұсынады;       2) Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Республика Президентiнiң әкiмдерге               қатысты өкiлеттiгi

      Республика Президентi:       1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдерін қызметке тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының келісімімен тағайындайды;       2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;       3) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша әкiмдерге тапсырмалар бередi және олардың орындалуы жөнiнде әкiмдердiң есебiн тыңдайды;       4) өз қалауы бойынша әкiмдердi қызметiнен босатуға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерiне тиiстi мәслихаттар өз депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сенiмсiздiк бiлдiрген жағдайда, оларды қызметтерiнен босатуға хақылы.       4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың, селолардың (поселкелердiң) әкiмдерiн тағайындаудың немесе сайлаудың тәртiбiн белгiлейдi.

Республика Президентiнiң өзге де өкiлеттiгi

      Республика Президентi:       1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды. Егер арнау Парламент сессиясында жария етiлсе, ол талқыланбайды, ол бойынша сұрақ қойылмайды;       2) стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджеттi және оның орындалуы туралы есептi әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi, мемлекеттiк бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекiтедi;       3) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды және құрметтi, жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi; аталған наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айырады;       4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды;       5) саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;       6) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;       7) Республика Мемлекеттiк хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды;       8) ұлттық валютаның қолданылу тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын белгiлейдi;       9) Президент Әкімшілігін жасақтайды; Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарды құрады , таратады және қайта құрады;       10) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;       11) Мәслихат өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады;       12) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Mәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:       Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.       Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол:       1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;       1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;       2) заң құжатының жобасын Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республика Үкiметiне берiледi.       3. Республика Президенті, депутаттар және Үкiмет енгiзген заң актiлерiнiң жобалары Мәжiлiс қаулысымен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне қарауға жiберiледi әрi бұлар жөнiнде Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң тұжырымдары болған ретте ғана оның пленарлық отырысында қаралуы мүмкiн.       4. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

3 сұрақ. Үкiмет алқалы орган болып табылады, Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан

Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.       Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.       Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды.       Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]