Лекция мазмұны:
Құқық нормасының құрылымы мен ұғымы.
Құқық жүйесі және оның элементтері.
Құқықтық қатынастың құрылымы мен ұғымы. Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік. Заңды құрам: әрекет және оқиға.
Құқықтың сананың деңгейі және олардың түрлері.
Құқық бұзушылықтың құрамы ұғымы және түрлері. Заңды жауапкершіліктің ұғымы мен түрлері.
1. Құқықтық норма – мемлекет таныған,қамтамасыз еткен,қоғамдық қатынстарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын,олардың әрекеттерін үлгі,эталон,масштаб,өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез,жүріс – тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді.Осыдан құқықтық норма жария айқындылық,нақтылық мәнге ие болады.Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Құқықтықтық норманың құрылымы:
- гипотезадан;
- диспозициядан;
- санкциядан тұрады.
Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін құқық нормасының элементі.
Құқықтық норманың гипотезасы келесі негіздер бойынша топтастырылады:
1) мазмұнының сипаты бойынша: жалпы және нақты;
2) анықтылық деңгейі бойынша абсолютті анықталған (құқықтық норманың әрекеті негізделген фактіге көрсетеді; мысалы, ескеру мерзімі), абсолютті анықталмаған (оның қолданылуы керек ешқандай фактіні көрсетпейді де, тек мемлекеттік органға қажетті жағдайларда құқықтық норманы қолдануды ұсынады), салыстырмалы (құқықтық норманың шектеулі қолданылу жағдайын көрсетеді; мәселен, норманы жабық әскери қалада қолданылуы);
3) гипотеза күрделілік дәрежесіне байланысты біртекті (егер онда бір мән – жай көзделсе) және құрамдас (екі не одан да көп мән–жайлармен байланыстырылса).
Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тыйым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).
Заң шығарушылық – күрделі, біртексіз үрдіс және келесі сатылардан тұрады:
1) заң шығару бастамашылығы құқықғы – ҚР Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару не заң жобасына өзгертулер ұсыну құқықғы бар субъектілерді анықтайды. Заң шығару бастамашылық құқығы Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Заң жобасын ресми еңгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылық құқығы заң шығарушы органда заң жобасын және ұсынысты қарау міндетін туғызады, бірақ оны қабылдау немесе бас тарту – заң шығарушының құқығы. Бұндай ұсыныстар қажетті қамтамасыз етілуі керек.
ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес, заң шығарушылық бастамашылық құқық Парламент депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және ол тек Мәжілісте іске асады.
2) заң жобасын талқылау – заң жобасы ең алдымен Мәжілісте талқыланады, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қаралған және құпталған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен кешіктірілмей қаралады. Бұл кезеңнің қажеттілігі жобаның жоғары сапа деңгейіне жеткізу, қарама – қайшылықтарды, нақтылықсыздықты, кемшіліктерді жоюмен байланысты.
3) заңды қабылдау, дауыс берудің екі механизмі көмегімен (жай көпшілік және білікті көпшілік) жетуге болады. Заңды қабылдау – ең басты саты және ол үш кезеңге бөлінеді:
- заңды Мәжілістің қабылдауы;
- заңды Сенаттың қолдауы, кейін 10 күн ішінде Президентке ұсынуы;
- ҚР Президентінің заңға қол қоюы. Президент 15 күн ішінде заңға қол қояды немесе қайтадан талқылау және дауыс беру үшін заңды қайтарады.
Президент қол қойғаннан кейін заң күшіне енеді.
4) заңды жариялау. Заңдар ресми жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді, егер заңмен оның күшіне енуі туралы өзге мерзім көзделмесе.
Барлық заңдар ресми қайнар көздерде «Егеменді Қазақстан», «ҚР заңнамалар жинағында», «Заң газетінде» жарияланады.
2сұрақ. Жүйе деп әртүрлі байланыстармен және өзара қатынастармен біріккен жеке элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі. Элемент – бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі.Демек,жүйе ішкі құрылысты, құрылымды, байланысты,бөлшекке даралап бөлуді мегзейді.Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады.Құқық теориясында жүйе депретелінетін қоғамдық қатынастардыңсипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан,ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі.
Құқықтың жүйесі оның ішкібірлігін білдіреді,ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты.Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау – құқық нормасы болып табылады.Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа бірігуі,олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тәе емес жаңа сапа туғызады.
3 сұрақ.
Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Құқықтық сана – бұл адамдардың құқыққа деген қатынасын көрсететін түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың, бағалаулардың жиынтығы түріндегі қоғамдық сананың ерекше нысаны. Құқықтық сана – бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына және т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы.
Құқықтық сана мынаны білдіреді:
- құқықтың қажеттігін түсіну және сезіну;
- құқықты бағалау;
- заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну;
- қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін түсіну;
- құқықты жүзеге асырудың нәтижелері мен процесін қабылдау.
Құқықтық сананың ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
а) ол өмірдің шындықтарын әділеттілік, құқықтық, еркіндік тұрғысынан қабылдайды;
ә) жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орнықтыруды талап етеді;
б) құқықтық пен құқықтық еместіктің, құқыққа сәйкестік пен құқыққа сәйкессіздіктің шектерін көрсетеді;
в) құқықты қамтамасыз ету үшін заңды шараларды талап етеді.
Құқықтық сананың құрылымы екі элементтен құралады: құқықтық психология және құқықтық идеология.
Құқықтық психология – бұл, ең алдымен, құқыққа қатысты сезімдердің, көңіл-күйдің, эмоциялардың, көзқарастардың, армандардың жиынтығы. Бұл жерде құқықтық құбылыстарға деген қатынас ерекше деңгейде пайда болып, белгілі бір сезімдер мен эмоцияларды қалыптастыруға тырысады. Құқықтық психология арқылы мыналар жүзеге асырылады:
а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, тұлғаның мәдениетіне, күнделікті өміріне, әдетіне еніп кеткен барлық элементтер;
ә) тұлғаның өзін-өзі бағалауы, яғни, өз жүріс-тұрысын құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан сындарлы түрде бағалай білу қабілеті.
Құқықтық идеология – бұл адамдардың құқыққа қатынасын білдіретін құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, қағидалардың, сенімдердің, талаптардың жүйеленген ғылыми көрінісі. Бұл субъектілердің құқықтық құбылыстарды тереңірек түсінуі; ол құқықтық бағалаудың ерекше деңгейін білдіреді. Құқықтық идеология – құқықтық сананың құрылымындағы басты элемент.
4. / Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынас элементтер құрамы бойынша күрделі құрылымға ие: құқықтық қатынастың субъектісі, құқықтық қатынастың объектісі, субъективтік құқық және заңды міндет (заңды мазмұн).
Құқықтық қатынастардың субъектілері – бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары. Құқықтық қатынас субъектісі – бұл өзінің құқықсубъектілігін пайдаланушы құқық субъектісі. Құқықтық қатынастар субъектілерінің келесі түрлеі болады:
1) Жеке субъектілер (жеке тұлғалар); бұларға азаматтар, азаматттығы жоқ тұлғалар, қосазаматтығы бар тұлғалар, шетелдік тұлғалар жатады. Азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар Қазақстанның аумағында Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды иеленіп, құқықтық қатынастарға түсе алады, алайда, оларға қатысты заңнамамен орнықтырылған шектеулер бар, мысалы, олар Қазақстан Республикасының өкілдік органдарына сайлана және сайлауға қатыса алмайды, Қарулы Күштер қатарында қызметін өтемейді, мемлекеттік аппаратта белгілі бір лауазымды иелене алмайды және т.б.
2) Ұжымдық субъектілер; бұларға мыналар жатады: мемлекет (ол басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түскен жағдайда); мемлекеттік ұйымдар; мемлекеттік емес ұйымдар (жеке фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер және т.б.).
Құқықсубъектілік – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде сипаттайтын құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің жиынтығы.
Құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін тұлғалар құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттікті иеленуі тиіс.
Құқыққабілеттік – бұл тұлғаның құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті. Әрекетқабілеттік – бұл тұлғаның өз әрекеттері арқылы осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеті. Әрекетқабілеттіктің келес түрлері болады: толық–18 жастан басталады; жартылай–14 пен 18 жас аралығында болады.
Әрекетқабілеттік шектелуі мүмкін. Конституцияда бекітілгендей, азаматтардың құқықтары мен міндеттері заңмен ғана және конституциялық құрылымды, адамгершілікті, басқа тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, денсаулығын қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
Құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттік бір-бірінен ажыратылмайды және көп жағдайда бір мезетте пайда болады. Азаматтық құқықтан басқа көптеген салаларда осындай жағдай орын алған. Азаматтық құқықтағы құқыққабілеттік пен әрекетқабілеттіктің ажыратылуын былай түсіндіруге болады:
а) мүліктік қатынастар олардың жасына, еркінің жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін қажет;
ә) мүліктік құқықтық қатынастар саласында құқыққабілеттігі бар, алайда әрекетке қабілетсіз тұлғаның орнына оның заңды өкілі қатыса алады.
Құқықтық қатынастардың объектілері
Құқықтық қатынастардың объектілері – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бағытталған және осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін санат. Аталған санатты түсінуде екі бағытты бөліп қарастырады:
- олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық қатынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;
- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері өте көп, олар:
1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік және т.б.);
2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулық, қадір-қасиет, абырой және т.б.);
3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары және т.б.);
4) құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);
5) бағалы қағаздар мен құжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.).
Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер
Егер қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер субъективтік мазмұны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларының арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық – бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы.
Заңды міндет – бұл заңды қажет іс-әрекет шамасы. Міндет – бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:
- егер субъективтік құқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеттің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталған;
- егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті іс-әрекет шамасы болып табылады.
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Құқықбұзушылықтың белгілері:
- қоғамға қауіптілік (қоғамға қауiптiлiк құқықбұзушылықтың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi құқықбұзушылық деп танудың негiзi болып табылады)
- әрекет немесе әрекетсіздік (әрекет адамның белсендi iс-қимылы және қоғамға қауiптi iс-әрекеттiң кең тараған түрi, әрекетсiздiк - адамның белгiлi бiр әрекеттi жасауға мiндеттi немесе оны жасауға мүмкiндiгi бола тұра сол әрекеттi жасамау түрiндегi бәсең, енжар әрекетi);
- кінә (адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады);
- құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен құқықтық норманы бұзу;
- зиянды нәтиже (адамның әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортада болған өзгерiстер);
- әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс (туындаған қоғамға қауiптi зардап қандай да бiр үшiншi тұлғаның немесе сыртқы күштiң әсерiнен емес адамның нақ осы әрекетiнiң не әрекетсiздiгiнiң нәтижесiнде келтiрiлгендiгi);
- заңды жауапкершілік (заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау құқықбұзушылық болып саналады).
Құқықбұзушылықтардың түрлері
Құқықбұзушылықты топтастыру әртүрлі негіздер бойынша жүргізуге болады:
қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай - қылмыс және теріс қылық (әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық);
қоғамдық өмірдің саласына қарай – экономика, саясат, әлеуметтік, тұрмыстық және тағы басқа салаларда;
заң қызметі түрлеріне қарай - құқық шығармашылық, құқыққолдану, құқық қорғау;
кінәнің нысанына қарай – қасақана жасалған, абайсызда жасалған;
шаруашылық салаларына қарай - өнеркәсіптігі, ауыл шаруашылығындағы, көліктегі және т.б.
Қоғамға қауіптілік дәрежесәне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.
Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.
Теріс қылықтар – әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.
Теріс қылықтардың түрлері:
1) Азаматтық теріс қылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.
2) Әкімшілік теріс қылық – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
3) Тәртіптік теріс қылық – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін – Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.
Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.
Құқықбұзушылықтың заңды құрамы
Құқықбұзушылықтың заңды құрамы – бұл құқықбұзушылықтың заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:
1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:
а) әрекет немесе әрекетсіздік;
ә) құқыққа қайшылық;
б) зиянды нәтиже;
в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.
3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.
Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері
Құқық теориясында заңи жауаптылықтың түсiнiгiмен байланысты мәселе пiкiр таласты болып табылады. Ол туралы көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар. Жалпы алғанда, заңи жауаптылық түсiнiгiнiң ең көп таралған екi нұсқасы туралы айтуға болады.
Заңи жауаптылық – бұл құқықтық нормалармен көзделген құқық субъектiсiнiң өзi үшiн жағымсыз құқықбұзушылықтың салдарына ұшырау мiндеттi.
Заңи жауаптылық – бұл жасалған құқықбұзушылық үшiн кiнәлi тұлғаның жеке және мүлiктiк сипаттағы айыруларға ұшыраумен байланысты мемлекеттiк күштеу шараса.
Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін:
а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру);
ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл);
б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
- оны мемлекет құқықтық нормаларды орнықтырады;
- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;
- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;
- жаңа қосымша міндетті жүктеумен байланысты;
- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;
- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;
- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.
Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса, оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.
№5 дәріс
тақырып: Қазақстан Республикасы конституциялық құқық негіздері
