3. Құқықтың қайнар көздері.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде,бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады.Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соныңда қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді.Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдетер,сот прецеденттері(үлгілер) құқықтық келісім – шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан,адамдардың қарым – қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрле бекітілетін әдет – ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықты әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» (XV ғ), «Есім ханның ескі жолы» (XVI ғ), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (XVIII ғ).Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан.Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған.XIX ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған.Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім.Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады.Құқық прецендентінің шыққан елі – Англия.Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия,АҚШ, Үндістан,Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген келісім – шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды.
Нормативтік құқықтық акт - бұл өкілетті орган қабылдаған, құқықтық нормалардан тұратын құқықтық акт. Нормативтік актіні қатаң белгіленген нысанда норма шығармашылық құзіреті бар орган шығарады.
Оның белгілері:
- нормативтік актілер мемлекеттік өкілетті органдарының бекіткен немесе халық референдумда қабылдаған нормалар;
- нормативтік актілер ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндетті;
- нормативтік актілер ресми түрде, заң, қаулы, жарлық ереже түрінде шығады. Олардың заңды нысаны болады.
Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді.
Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.
Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;
2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;
3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері (мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады);
4) ведомстволық актілер (белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады).
Нормативтік актілер құқық шығарушы субъектісінің құқық жағдайының ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- мемлекет органдардың актілері;
- қоғам бірлестігінің актілері;
- референдумда қабылданған актілер;
- бірлескен сипаттағы актілер.
Нормативтік актілер таралу саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- республикалық;
- жергілікті;
- локальді.
Нормативтік актінің күшінің мерзімі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- тұрақты;
- уақытша.
№4 дәріс
тақырып: Құқық негіздері
