24 Мемлекеттің саяси режимі
Саяси режим – бұл саяси билігі жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекет теориясында “саяси режим” және “мемлекеттік режим” ұғымдары кездеседі. Осыған сәйкес, осы екі ұғымның арақатынасына байланысты бірқатар көзқарастар бар. Кей ғалымдардың айтуы бойынша бұл екі ұғым бір мағынаны білдіреді. Ал кей авторлардың айтуы бойынша мемлекеттік режим саяси режимге қарағанда тарлау. Өйткені мемлекеттік режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Өз алдына саяси режимді тек мемлекет қана емес, сонымен қатар саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер де жүзеге атқарады.
Саяси режимді жүзеге асыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдердің ерекшелігіне байланысты ол екі түрге бөлінеді:
1) демократиялық;
2) антидемократиялық.
1) Демократияның екі түрі бар:
- либералды;
- консервативтік.
Либералды демократиялық режимде – тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары жоғары тұрып, мемлекет оны қорғайды.
Консервативтік демократиялық режимде – мемлекет көбінесе салт – дәстүрге сүйенеді.
Демократиялық режимнің белгілері:
- халық тікелей және жанама демократия арқылы мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуы;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, олардың нақты қамтамасыз етілуі;
- орталық және жергілікті мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларды тікелей халық сайлауы;
- саяси әр алуандылық (плюрализм), көп партиялық;
- мемлекеттік биліктің тармақтарға бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі);
- сендіру, келісу, өзара келісімге келу әдістерінің басымдылығы;
- азшылықтың мүддесін ескере отырып шешімді көпшілік болып қабылдау;
- қоғамның барлық саласында заңның үстемдігі;
- бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;
- сөз бостандығы, цензураға тыйым салу;
- жариялылық.
2) Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимнің белгілері:
- мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауы;
- барлық қоғамдық ұйымның мемлекеттендірілуі (жеке меншіктің болмауы);
- адамның құқықтары мен бостандықтарының заң жүзінде болуы;
- бір саяси партияның үстемдігі;
- саяси әр алуандылықтың жоқ болуы, бір ресми идеологияның болуы;
- қоғамда заңсыздықтың үстем болуы;
- азшылықтың мүддесін ескермеуі;
- жариялылықтың болмауы, цензураның болуы;
- қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
- халықтың төмен экономикалық деңгейі;
- мәжбүрлеу мен жазалау шаралаының үстемдігі;
- сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.
3 сұрақ. Әдетте заң әдебиеттерінде “мемлекет механизмі және мемлекеттік аппарат” түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталғанмемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
тікелей басқарушылық – бұл ғылымы ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субьектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік – міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқық шығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдаумен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық және басқа да бақылаушы – қадағалаушы органдар болып бөлінеді;
Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шығарушы, атқарушы және сот органдары;
Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығарушы, құқыққолданушы, құқыққорғаушы органдар;
Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық және жергілікті органдар;
Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);
Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) және арнайы (мысалы, министрлік) құзіретті органдар.
.
№3 дәріс
таќырып: мемлекет және құқық негіздері
