- •Негізгі гистосәйкестік комплекс
- •Нlа I класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері
- •Нlа іі және III класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері
- •Трансплантациялық иммунитеттің негіздері
- •Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдері туралы қазіргі көзқарастар
- •Трансплантациялық антигендер
- •Тұрақтамау серпілісінің арнайылығы мен есте сақталуы
- •Жасушалық иммунитеттің тұрақтамаудағы қызметі
- •Тұрақтамаудың уақыт мерзімі
- •Тіндік іріктеу. Серологиялық нlа-іріктеу және алд.
- •Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу
- •Арнайы иммунды супрессиялаушы емдеудің жаңа тәсілдері
- •Трансплантат иесіне қарсы серпіліс
- •Сүйек көмегінің трансплантациясы
- •Ерекше орынды мүшелердің трансплантациясы
- •Мүшелер трансплантациясының негізгі жетістіктері
Негізгі гистосәйкестік комплекс
Негізгі гистосәйкестік комплекс. Негізгі гистосәйкестік комплексінің құрылысы мен қызметтері, НLА I класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері. НLА класс және III класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері. НLА-гендердің полиморфизмы және популяцияда таралуы. НLА-антигендердің аурулармен байланысуы.
Негізгі гистосәйкестік комплекс (МНС - ағылш. - Маjor Ніstoсоmраtуbіlіtу Соmpleх) барлық сүтқоректілерде және құстарда табылған. Тышқандарда бұл комплекске Н-2-антигендер, адамдарда НLА-жүйесі (Human Leucocyte Аntigens sistem — адамдардың лейкоцитарлық антигендер жүйесі) кіреді. 1958 жылы шеткері қанның лейкоциттерінде осы антигендерді бірінші ашқан француз ғалымы Ж.Доссе.
Қазіргі кезде молекулалы-генетикалық іріктеу көмегімен адамдардың МНС-комплексінде жаңа гендері мен аллельдік варианттары 42 және 942 санынан асқан. Әр локуста аллельдер көп болғандығынан және кодоминантты тұқым қуалау әсерінен, гистосәйкестік антигендерінің полиморфизмі өте жоғары болады. НLА-гендері кодоминанттық принципі бойынша беріледі — ол екі хромосомадағы гомологиялы аллельдердің бірдей жасушада экспрессиялануы (26-шы сур.).
Ата-анасынан берілген хромосомаларындағы НLА-гендердің жиынтығын HLА-генотип деп атайды. Әр-бір адамда хромосомалардың диплоидтық жиынтьнғы бар — әр хромосоманың жұбында НLА-гендердің біреуі - әкесінен, екіншісі - анасынан берілген болады. Мысалы, жеке адамдағы НLА-генотиптің жазылуы: НLА-АЗ,10; В13,40. Бір хромосомадағы НLА-гендер жиынтығы НLА-гаплотип деп аталады. НLА-гаплотиптер жазылуы - НLА-АЗ,В40; НLА-А10,В13, сонда НLА-фенотип (жасушалар бетінде берілген НLА-антигендері) кодоминантық принципі бойынша, НLА-А3,10; В 13,40 деп жазылады.
НLА-комплексіне үш гендер кластары кіреді, ал трансплантациялық антигендеріне I және II класқа жататын НLА-антигендері жатады.
Нlа I класс антигендерінің құрылысы мен қызметтері
НLА жүйесінің I класс антигендері - екі ковалентсіз байланысқан полипептидті тізбектен тұратын полипеитидтер болып келеді; олардың бір тізбегі — ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД НLА жүйенің гендерімен кодталған трансмембраналық гаикопротеидке жатады; екінші тізбегі - хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған, молекулалық деңгейі 12 кД тұрақты Р-микроглобулин деп аталатын жеңіл тізбекке жатады. НLА-антигендердің I класының химиялық құрылысы ІІ класс антигендерінің құрылысынан біраз ерекшеленеді.
НLА I класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін шақырушы А, В және С локустарына бөлінеді. НLА I класс антигендері барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Т- лимфоциттерде және олар "өзінікін" тануда ең маңызды қызмет атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек НLА I класс антигендерімен қосып таниды.
