Гү. Элиминациялық тесттер.
Элиминациялық тест - ауру кісінің аллергенге жанасулық болмағанда реакцияның әлсіреуі немесе жоғалуына негізделген аллергиялық реакцияның этиологиялык диагнозын қою әдісі. Бұл әдіс ремиссия кезінде өршіту тестімен бірге тағам аллергиясының, кейде дәрі аллергиясының диагностикасында қолданылады.
Элиминациялық тест тағам көтере алмаушылықтың себебін білу үшін тағамнын бір түрін ішпеуден, толық ашығуға дейін әртүрлі болып жүреді. Мысалы, сүт қосылмаған тағамды 1-2 апта
ішкеннен кейін кісінің жағдайы жақсарган мезгілде, диетаға сут (провокациялық тест) қосады. Сол сияқты жұмыртқасыз, бидайсыз, астықсыз, тағам бояуларынсыз (тартразин) диеталар бар. Егерде элиминациялық диета нәтижесіз болса немесе тағам аллергені туралы мәлімет белгісіз болғанда, 4-5 күнге толық ашығу тағайындалады.
Ү. Зертханалық әдістер
Әртурлі сенсибилизацияны анықтауда иммунологиялық әдістердің маңызы зор. Науқастарға бұл әдістер ешқандай қауіпсіз.
Иммунологиялық әдістер тек сенсибилизацияны ғана анықтайды. Аллергиялық реакция даму үшін аллерген бір белгілі жағдайда организмге қайта түсуі керек.
Аллергиялық реакциялардың әр түрінің (4 түрі) өзіне тән сен-сибилизациясьш анықтау үшін бірнеше әдістерді қолданады. Кейбір әдістер сенсибилизация бар екенін ғана көрсетіп, оның түрін айырмайды (лимфоциттердің бласты трансформация реакциясы, В.А. Фрадкиннің нейтрофилъдерді зақымайтын көрсеткіш тесті).
Сенсибилизацияның реагин түрін анықтау үшін мына реакцияларды қолдануға болады: 1)allergen-specific ІgЕ-тест және радиоаллергосорбентті тест - әртүрлі аллергендерге І§Е иммуноглобулинін анықтайды.
3. М tofal ІgЕ Fаst - тест және радиоиммуносорбент тест (Rist) - жалпы ІgЕ деңгейін анықтайды; Реагин типті ауруларда ІgE көбейеді, егер ауру жоқ болса, даму қаупі барын корсетеді.
Шульц-Дейл тікелей және пассивті реакциясы экспериментте сенсибилизациясы бар жануарлардың тегіс салалы бұлшықетті мүшесін ерітіндісі бар ыдысқа орналастырып, оның жиырылуын жазады, ерітіндіге антиген қосқанда, тегіс салалы бұлшықеттің түйілуін (спазмасын) анықтайды. Реагинді анықтау үшін ауру кісінің сарысуын ерітіндідегі маймылдың мықын ішегіне байланыстырып, оған антиген қосқанда ішек жиырылады.
базофильді тест - тікелей және пассивті
гистамин шығаратын арнайы тест
6) мес клеткаларының дегрануляция тесті. Сенсибилизацияның цитотоксикалық түрін анықтау:
иммунофлюоресценция әдістерінің әртүрлі нұсқалары;
аутоиммундық гемолиздік анемияда Кумбс реакциясы;
3) радиоиммунологиялық зерттеу әдістері;
4) Штеффен реакциясы. Иммунокомплексті типті анықтау үшін:
1) айналымдағы иммундық комплексті (АИК) зерттейтін әртүрлі әдістер бар. Бірақ оларды анықтау ауруға қатысы бар- жоғына дәлел емес. Биопсияда тінге шөккен иммунды комплекстерді көруге болады;
ревматоидты факторларды анықтау;
преципитациялық антиденелерді анықтау әдістері. Гиперсезімталдықтың баяу түрін анықтау үшін аллергендермен жанасудан кейін пайда болатын лимфокиндерді анықтайды. Ол үшін макрофагтардың миграциясын тежейтін реакциясын және лимфотоксиннің құрылуын тексереді.
