Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
248-265.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать

Бұл Нгтежеуіштерінің емдік әсері одардан пайда болған метаболиттеріне байланысты. Тек қана цетиризин, акривастин және фексофенадин организмде өзгермей, өздері емдік әсер етеді.

Кейде организмде метаболизм бұзылса, препараттардың деңгейі кебейіп кардиотоксикалық әсер беруі мүмкін.

Пациенттің зат алмасуы бұзылган жағдайда қанда препараттардың (терфенадин және астемизол) мөлшері көбейіп, жүректің реполяризациясын кідіртіп, калий каналдары жабылып, С>Т аралығы ұзарып, жүрек қарыншасының ритмі бұзылып, кенет кісі өлімі болуы мүмкін (Г.Н. Дранник, 2003).

Антигистаминдік препараттардың (екінші буын) қандағы деңгейі көбейетін жағдайлар:

І.Дозасы көп болуы;

2.Бауырдың функциясының бұзылуы;

З.Алкогольді шамадан көп ішу;

4.Антибиотиктерді (макролидтерді) қабылдау (эритромицин, кларитромицин);

5.Микоздарға қарсы препараттарды (назолдарды) пайдалану.

Н1-тежеуіштерінің 2 - буынынан өте жиі пайдаланатын препарат - лоратидин (кларитин). Кларитин антигистаминдік әсерімен бірге, кальций иондарының клеткаға кіруін, базофильдерден гистаминдердің шығуын, простагландиндердің өнімін тоқтатады.

Кларитинді емдеуге пайдаланатын жағдайлар:

1.Поллиноз, конъюнктивит, жыл бойы кездесетін аллергиялық ринит.

2. Жедел есекжем және ангионевроздық ісік (Квинке).

З.Қышыма дермянгозы (атопиялық дерматит, созылмалы экзема жәнс басқалар).

4.Жалған аллергиялық реакцияны емдеуге және алдын алуға.

5.Жәндіқтер шағыуның аллергиялық реакциясын басады.

6.Арнайы иммунотерапияның және вакцинопрофилактиканың асқынуларын болдырмайды.

7.Бронх демікпесінің кешендік емінде адъюванттық терапия ретінде қолданылады.

Антигистаминдік препаратгардың үшінші буыны шықты, оларда антигистаминдік және қабынуға қарсы нәтиже бар. Ресейде олардың кейбір препараттары (дезлоратадин, фексофенодин) жаңада ғана пайдаланылуда.

Аллергоздардың диагностикасы

I

Аллергиялық аурулардың диагностикасының қағидалары басқа аурулардың диагностикасына ұқсас. Сонымен қатар аллергиялық аурулардың тексеру әдістерінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Диагностиканың мақсаттары:

1) аурудың аллергиялық немесе аллергиялық еместігін анықтау. Бұл жағдай, мысалы - поллинозда, сарысулы ауруында қиын емес.

Бірақ дәрі немесе тағам аллергиясын айыру қиындау (дәрінің немесе тағамға деген сол адамның ерекше реакциясы болуы мүмкін).

2) клиникасы ұқсас жағдайда аурудың көрінісі шынайы аллергиялық ауру ма немесе жалған аллергиялық көрініс пе? Ол үшін ауру көрінісімен бірге, иммундық реакция барын не жоғын

айыру керек.

3) сол аурудың пайда болуын; даму себептерін білу; егер аллергиялық ауру болса, арнайы гипосенсибилизациялық емдеу тағайындау үшін керек.

I. Аллергиялық анамиез.

Бұрынғы Кеңестер одағы ғылыми-зерттеу институтында аллергологиялық ауру тарихын жинау үлгісі, анамнездің сұрақтары құрылған. Осы ауру сұрақтары барлық аллергологиялық кабинеттерде бар. Анамнез жинаудың негізгі мақсаттары:

  1. науқастарда аллергаялық ауруға тұқым қуалаушылық бейімділігі барын білу.

  2. сыртқы ортаның факторларымен ауру дамуының

арасындағы байланысты білу;

3) аурудың дамуына қандай аллергеннің әсері барын

анықтау.

Науқас бұрын аллергиялық аурулармен ауырды ма немесе қазіргі уақытта жанұясында ауру кісі барма? Науқас дәрі ішкенді, қан сарысуын және вакцина еккенді қалай көтереді; маусымдық аурулар бола ма және олардың суыққа қатысы бар ма; егерде созылмалы ауруы болса, қашан қозып отырады, қай әсерде қозып

отырады (үйде, жұмыста т.б.), жұмыс істейтін жеріндегі және үйдегі жағдайлары қалай.

Мысалы, үй тозаңына аллергиясы бар адамның жұмысқа барғанда жағдайы жақсарады («элиминация әсері» дейді).

Егерде аллергия жұмыс жағдайына байланысты болса (дүйсенбінің әлегі) - демалыстан кейін жұмысқа барғанда жағдайы нашарлайды.

Инфекциялы бронх демікпесі, риниті барлардың суыққа шықса, жағдайы нашарлайды.

Поллиноз - өсімдіктердің гүлденуімен қозып отырады. Тұқым қуалайтын аллергиялық бейімділік аллергиялық реакциясының реагиндік түрімен жүреді.

Сөйтіп, анамнез жинау аурудың аллергендерін және аллергиялық реакцияның қандай түрімен жүретінін анықтауға көмектеседі. Бірақ, оны дәл анықтау арнайы әдістермен тері және ауру өршітетін (провокациялық) сынамалармен жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]