Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
224-247.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.87 Кб
Скачать

29.2 Гиперсезімталдық реакциялары

Гиперсезімталдық реакциялары сенсибилизациясы бар организмнің антигенмен кездесуінің басынан бастап аллергиялық реакцияның пайда болу (клиникалық көріністеріне) мезгіліне байланысты, (аллергиялық реакциялары) үш түрге бөлінеді (19-кесте):

І.Гиперсезімталдықтың жедел түрі (ГЖТ) - 15-20 мин. дамиды (ерте басталатын жедел аллергиялық реакция).

2.Кеш басталатын жедел аллергиялық реакция - ГЖТ - 4-6 сағат ішінде дамиды.

З.Аллергиялық реакцияның баяу түрі - ГБТ - 48-72 сағат ішінде дамыды.

Аллергиялық реакциялардың түрлері (П. Джеллу және Кумбс 1964)

Реакцияның аталуы

Реакцияның иммундық механизмі

I

Анафилакциялық

ІgЕ және сирек ІgG антиденелерімен

П

Цитотоксикалық

ІgЕ және ІgМ антеденелерімен

Ш

Имундық комплекспен тіндердің зақымдануы (Артюс феномені)

ІgЕ және ІgМ антиденелерімен

IV

Гиперсезімталдықтың баяу түрі

Сенсибилизациясы бар лимфоциттер

Гиперсезімталдықтың жіктелуі бесінші түрімен толықтырылды. Гиперсезімталдықтың I, II, Ш және ІV -түрлерінің негізі аллерген мен антиденелердің қарым-қатынасьша байланысты, ал V-түрі организмдегі үстінде арнайы антиген танитын құрылысы мен сенсибилизациясы бар лимфоциттермен жүреді.

I. Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.

Организмде аллергенге қарсы ІgЕ-ге жататын антиденелер құрылады, олардың тіндер базофилдеріне (мес клеткаларына) және шеткі қан базофилдеріне өте жақын туыстығы (аффиндігі) бар. Аллерген организмге бірінші түскенде, оны антиген ұсынатын клеткалар (макрофагтар, В-лимфоциттер, дендриттік клеткалар) ұстап алып, қорытылады (процессинг). Лизосомальдық ферменттердің әсерімен аллергендер пептидтерге бөлшектеніп, олар гистосәйкестіктің басты көмекшісі молекуласының пептид байланыстыратын аймағында орналасып, антиген ұсынатын клеткалардың үстіне шығарылып, антигенді айыру үшін Т-хелперлерге беріледі. Белгілі бір себептермен антигенді Т- хелпер-2 таниды.

Антигенді таныған Т-хеллерлер-2 белсеніп, ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-3 және басқа цитокиндер шыгарады. Интерлейкин-4-тің екі функциясы белгілі.

І.Базофилдер ИЛ-4, ИЛ-3-дердің әсерінен көбейіп, олардын, үстіндегі ІgЕ-нің Ғс-бөлшегіне байланысатын рецепторлары да көбейеді. Иммуноглобулин Е (реагин) тін және қан базофилдерімен байланысады. ИЛ-5, ИЛ-3 цитокиндерінің әсерімен эозинофилдер белсенеді: олардың миграциялық және биологиялық белсенді заттектерді өндіру қасиеттері күшейеді, өмір сүру мезгілі де ұзарады. Эозинофиддердің беткейінде эпителийге және эпителий аралық клеткаларға байланыстыратын көптеген адгезия молекулалары пайда болады.

Арнайы аллерген организмге қайта түскенде иммуноглобулин Е мен байланысады. Аллерген үстіндегі екі ІgЕ молекуласы бар (Ғав-фрагментін) базофилдерді байланыстырып (екі түрінде) дегранулацияға шалдықтырады.

Базофилдерден тромбоцит белсендіретін фактор, гистамин, лейкотриендер, простагландиндер, т.б. бөлініп шығады. Биологиялық белсенді заттектер шығуының әсері:

1) Тромбоциттердің белсенуімен серотонин бөлініп шығады;

2) Комплементтің белсенуімен анафилотоксиндер — СЗа және С5а пайда болады, гемостаз белсенеді;

3) Гистамин бөлініп шығады, тамырлардың өткізгіштігі үлкейеді;

4) Лейкотриен мен простагландиндердің (ПГ-2 альфа) әсерімен жазық бұлшықетінің жиырылуы күшейеді. Бұлар жедел кезең реакцияларын, оның клиникасын қамтамасыз етеді. Симптомдары - түшкіру, бронх жиырылуы, қышу және көз жасын ағызады.

Медиаторлар аллергиялық реакция кезінде базофилдерден бөлініп шығады және клетка мембранасының арахидон қышқылы ыдырағанда фосфолипаза А2-нің әсерімен жаңадан құрылады.

Аллергиялық реакцияның жедел түрінде эозинофилдердің қатысуы екі функциямен сипатталады.

І.Эозинофилдер шығаратын медиаторлар - катионды белок, пероксидаза, нейтротоксин, тромбоцит белсендіретін фактор, лейкотриендер және басқалар. Бұл медиаторлардьщ әсерімен кеш пайда болатын симптомдар дамиды: клеткалардың қабынуы, эпителийлер зақымдануы, бронх жиырылуы, жалқық гиперсекрециясы.

2. Эозинофилдер аллергиялық реакцияны басуға, зақымдануды азайтуға қарсы бірнеше заттар шығарады:

а) гистаминаза — гистаминді ыдыратады;

б) арилсульфатаза - лейкотриендердің белсенуін басады;

в) фосфолилаза Д - тромбоцит белсендіретін факторды бейтараптайды;

г) простагландин Е - гистаминнің бөлінуін азайтады.

Сөйіп, аллергиялық реакцияның 1 -түрінде қорғаныс механизмі анық көрінеді. Реакцияның басы аллергендердің белсенуін басуға, элиминацияға бағытталған. Екінші кезенде шыкқан медиаторлардың фукцияларын басады.

Гиперсезімтаддықтың патофизиологиялық кезеңінің сипаттамасы:

1) микроциркуляторлық жолдарында өткізгіштік күшейеді;

2) тамырлардан сұйық шығып кетеді;

3) ісіну дамиды;

4) шырышты секреттердің өнімі күшейеді.

Клиникасы бронх демікпесімен, ринитпен, конъюнктивитпен, есекжеммен, Квинке ісінуімен, терінің қышынуымен, диареямен, қанда және секреттерде эозинфилдердің көбеюімен байқалады. Аллергия реакциясының бірінші түрін қоздыратын аллергендердің молекула салмағы 10-70 кД болуы керек, өйткені, сонда ғана ІgЕ өнімі болады.

Егер аллергеннің молекула салмағы 10 кд-дан аз болса, мес клеткасының үстінде ІgЕ-нің екі молекуласын байланыстыра алмайды, аллергиялық реакция жүрмейді. Аллергеннің молекула салмағы 70 кД-дан жоғары болса, олар зақымданбаған шырьшты қабықтан өте алмайды.

Гиперсезімталдықтың 1-түріне анафилаксия жатады. Анафилаксия термині - «ана» - жоқ, «филаксия» - қорғаныс (қорғаныс жоқ) деп аударылады.

Анафилаксияға қатысы бар медиаторлар

Медиатор

Биологиялық әсері

Гистамин

Капиллярлардың вазодилятаторы ішектің, жатырдың, бронхтардың тегіс салалы бұлшықет констрикторы.

5-гидрокситрипт мин (5-ГТ)

Ілкі қан тамырлары жиырылады, өткізгшітігін үлғайтады, тегіс салалы бүлшықет жиырылады.

Простагландиндер

Мес және базофил клеткалары шығарады, констриктор, дилятатор.

Лейкотриендер (ЛТА, ЛТВ, ЛТС, ЛТД, ЛТЕ)

Капиллярларды кеңейтіп, өткізгіштілікті күшейтеді, әсері гистаминнен күшті.

Белсендіруші фактор

Тромбоцитгер вазоактивті аминдерді шығарады.

Эозинофилдерге және нейтрофилдерге хемотаксистік фактор

Анафилаксия кезінде қабыну ошағына эозинофилдерді және нейтрофильдерді жинайды.

Брадикинин

Гистаминнен күшті вазодилятатор және тамырлардың өткізгіштігін көбейтетін белсенді зат.

Анафилаксия шектелген немесе денеге жайылған болуы мүмкін: ол медиаторлардың бір тінге немесе қанға шығуьна байланысты. Шектелген (локалды) түрлері (шөп қызбасы,аллергиялық демікпе, есекжем, тағам аллергиясы) жиі. Бірақ денеге жайылған түрлері де (дәрілердің аллергиялық реакциялары, мысалы, пенициллиге) кездеседі.

Атопиясы бар пациенттерде тұқымқуалайтын гиперсезімталдыққа бейімділік болады. Ел арасында атопия өте жиі, 15-20%-ға жетеді.

Гиперсезімталдықтың 1-түрін емдеу үшін антигистаминдік препараттар (этилендиаминдер, эталонаминдер, алкиламиндер), олардың ішінде этанол және алкиламиндер тобы (димедрол, бе-надрил, хлортриметон, телдрин, диметан, актифед т.б.) жиі қолданылады. Бронхты кеңейту үшін және мес жасушаларының дегранулациясын азайтуға В-адренергиялық препараттар пайдаланылады.