Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
224-247.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.87 Кб
Скачать

29.1 Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі

Аллергиялық аурулардың пайда болу себебі - аллергиялық реакция дамытатын аллерген. Аллерген мен антигеннің айырмашылығы: егер организмге енген зат аллергиялық реакция берсе, ол - аллерген, ал тек иммундық реакция дамытса - антиген. Аллергендер антигенге ұқсас (белок, организмге бөтен зат).

Сонымен бірге аллергиялық реакцияны антигендік қасиеті жоқ заттар да шақыра алады. Олар - микромолекулалы қосындылар, мысалы - дәрілер, химиялық қарапайым заттар (бром, йод, хром, никель т.б.), кейбір белок емес күрделі затгар (микроб өнімдері, полисахаридтер т.б.). Оларды гаптен деп атайды. Олар организмнің белоктарымен байланысқанда антигендік (аллергендік) касиетке ие болады. Бұл күрделі, қосынды аллергендер организмге түскенде сенсибилизация дамытады. Ал гаптен қайталап түскенде белокқа байланыспай-ақ антиденелермен немесе сенсиблизациясы бар лимфоциттермен байланысады да, аллергиялық реакция жүреді.

Кейде гаптеннің белокпен байланысуы белоктың денатурациясын шақырып, қүрылысын өзгертеді. Мүндай жағдай белокпен галогендердің, хромның, нитрит, ацетил қосындыларымен байланысқанда болады да антиденелер өзгерген белокқа қарсы пайда болады. Сөйтіп, аутоаллергиялық реакция дамытады (А.Д. Адо, 1963).

Аллергендер екі топқа бөлінеді: экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер).

А.Д. Адо мен А.А. Польнер (1963) жзогендік аллергендерді пайда болуына байланысты бөлді: 1) инфекциялық емес аллергендер - тұрмыстық, эпидермалдық, шаң-тозаң, тағам, өндірістік; 2) инфекциялық аллергендер - бактериалық, саңырауқұлақтық, вирустық.

Тұрмыстық аллергендердің негізі - үйдің шаңы. Құрамы күрделі: киімнің, жиһаздың, төсек-орынның ұсақ бөлшектері, саңырауқұлақтар, бактериялар, үй жәндіктерінің бөлшектері. Оның ішінде аллергендік әсері коп-кенелер, аквариум балықтарын қоректендіретін дафниялар. Тұрмыстық аллергендер тыныс алу жолының аллергиялық ауруларын шақырады.

Жәндік аллергендері - шағатын, тістейтін (сілекейі) жәндіктердің аллергендері. Бұлар жалпы және шектелген аллергиялық реакциялар береді. Басқадай сенсибилизациясы бар адамдардың аллергияға бейімділігі жоғары. Эпидермалық аллергендерге жануарлардың жүні, қайызғағы, құстың жүні, балықтың қабырғасы жатады. Оның ішінде жылқының қайызғағы аллергиялық реакцияны жиі шақырады және басқа жануарлар аллергендерімен туыстығы болады. Кәсіби сенсибилизация (малшыларда, виварий және шаштараз, құс ұстаушыларда) ринит, бронх демікпесін, есекжем сияқты аллергиялық ауруларды дамытады.

Дәрі аллергені - гаптен. Егерде адамның бір дәріге аллергиясы болса, молекуласының антигендік үқсастығы бар басқа дәрілерге де алллергия дамиды. Тозаң аллергендері; жел арқылы ұрықтанатын, тозандары 35 мкм-ден үлкен болмайтын өсімдіктер аллергендері. Тозаңньщ антигендері күрделі, мысалы, амброзия тозаңында 5-10 антиген, атқонақта 7-15 антиген бар. Көптеген өсімдіктер тозандарының аллергендерінің туыстығы болуы мүмкін. Сондықтан бір өсімдікке аллергиясы бар адам басқа соған үқсас аллергені бар өсімдікке аллергия береді. Астық тұқымдастардың (бидай, арпа, атқонақ, сұлы, бидайық) бәріне бірдей аллергені бар. Әр географиялық аймақта өзіне тән аллергия беретін өсімдіктері табылған: Алматыда - жусан, тағы кенепшөп Мәскеуде - шалған шөптің тозаңдары.

Тағам аллергеңдері. Балык, бидай, бұршақ, қызанақ аллергияны жиі береді. Тағамға қосынды химиялық заттар (бояу, қош иістеу, ашытқы т.б.) аллерген болуы мүмкін.

Өндіріс аллергендері. Үйде, өндірісте химиялық заттармен жанасу көбейді. Өндіріс аллергендері көбінесе гаптендер. Жиі кездесетін өндіріс аллергендеріне скипидар, майлар, никель, хром, мышьяк, деготь, смола, бояулар, танин, пирогалол, детергентгер, хлорбензол, нафталин және шаш, қас бояулары жатады.

Фотоательеде - ментол, бром қосындьшары, гадрохинон аллергия береді.

Түрмыста синтетикалық киімдер (лавсан, нейлон, капрон, деде-рон), кір жуатын, ыдыс тазартатын заттар аллерген бола алады.

Инфекциялық аллергендердің пайда болуы әртүрлі микроорганизмдермен және олардың емір сүруінен шыққан заттармен аллергиялық процестер дамып, сол аурудың патогенезімен байланысады. Патогенезінде аллергия шешуші рөл атқаратын инфекциялы ауруларды инфекциялы-аллергиялық аурулар дейді. Оларға жататындар созылмалы инфекциялар (туберкулез, алапес, бруцеллез, мерез, ревматизм, созылмалы кандидоздар т.б.). Шектелген созылмалы инфекция ошақтары (холецистит, отит, гайморит, тонзиллит, тіс жегі) сенсибилизация беріп бронх демікпесін, Квинке ісінуін, жаралы колит, ревматизм және басқа ауруларды дамытады.

Әр түрлі ауруларға қарсы егу (вакцинация) реакцияларымен бірге аллергиялық процестер беруі мүмкін.

Өте жиі кездесетін аллергендер саңырауқүлақтар, олардың 350 түрінде аллергия байқалған. Саңырауқұлақтардың жүқпалы ауру беретін түрлері бар (аспергиллез, актиномикоз, кокцидиоидоз, гастоплазмоз және басқалар).

Патогенділігі жоқ саңырауқүлақтар организмде сенсибилизация дамытьш, аллергиялық аурулар береді (бронх демікпесі). Мүндай саңыраукұлақтар үй тозаңында, кейбір тағамда, ауада, тағам, дәрумендер ендірістерінде кездеседі.

Аллергияның көбею себептері әртүрлі.

1.Инфекциялық аурулардың түрлерінің өзгеруі.

Жаңа туған нәрестеде Т-лимфоцит-хелпер-2 басым болады. Кейін иммундық жүйенің жетілуімен қалыпты жағдайда Т-лимфоцит-хелпер-1 көбейеді. Вирусты және бактериалық инфекциялар макрофагтарды белсендіріп, олар ИЛ-12 өнімін күшейтеді. ИЛ-12 Т-хелперлер-0 түріне әсер етіп, оның Т-хелпер-1-ге жетілуіне ықпал береді. Т-хелпер-1 гамма-интерферон өндіреді және Т-хелпер-2-нің функциясын басады. Қазіргі заманда вирусқа қарсы иммунитеттің төмендеуі (балалардың егілуінің нәтижесіздігі, шешекке қарсы егудің токтатылуы т.б.) Т-хелпер-2-нің функциясьш кетеріп, аллергиялық ауруларға бейімділік береді.

2. Нәрестелерді жасанды тамақтандырып асырау (емшек сүтінсіз) гипоиммуноглобулинемия - А-ға шадцықтырып, шырышты қабық аурулары дамып, аллергияға әкеледі.

З.Генетикалық факторлары әртүрлі:

а) Генетикалық бақылауда Т-хелпер-2-нің ИЛ-4 және ИЛ-5 өнімдерін шығару функциясы жоғары;

б) Генетикалық бақылауда ІgЕ өнімі көп

в) Генетикалық бақылауда бронхтардың гиперреактивтілігі болады.

4.Автокөліктердің газдары мен шылымның түтініндегі N02, 8О2, N0 Т-хелпер-2-нің және ІgЕ өнімін көбейтеді. Олар дем алу жолдарының эпителий клеткаларына әсер етіп, қабыну дамытатын цитокиндерді (ИЛ-8, ИЛ-6, альфа - ОНФ) шығарып, аллергиялық қабынулар дамытады.

Шынайы аллергиялық реакцияның даму кезеңдері:

І.Организмнің иммундық жүйесі аллергермен бірінші жанасуда болуы;

2.Сенсибилизация даму үшін (реактивтілігінің өзгеруіне) белгілі уақыт еткенде аллергенге қарсы антиденелер құрылады немесе цитотоксикалық жоғары сезімталдықтың Т-лимфоциттері пайда болады;

З.Арнайы аллергенмен қайтадан болған жанасу (аллерген екінші рет түскенде) аллергиялық реакция дамытады;

4.Аллергиялық реакцияның дамуы, клиникалық көріністерге, мүшелердің зақымдануына әкеледі.

Аллергиялық реакция үш кезеңнен тұрады:

І.Иммунологиялық кезеңі - иммундық жүйенің аллергенмен бірінші жанасуынан сенсибилизация дамығанға дейінгі мезгіл.

2.Патохимиялық кезеңі - иммунды жүйесінің арнайы аллергенмен қайта жанасқанда биологиялық белсенді заттектердің көп шығуына дейін.

З.Патофизиологиялық кезеңі - биологиялық белсенді заттектердің әсерінен клеткалар мен тіндердің зақымдануы және олардын функцияларының бұзылуы. Патофизиологиялық кезеңі клиникалық көріністермен аяқталады.

Организмнің иммундық жүйесі (гуморальдық және клеткалық) иммундык жауап жүргізіп қорғаныс реакциясын дамытады, кейде өз тіндерін де зақымдайды. Бұл реакцияны аллергиялық немесе гиперсезімталдық реакциясы дейді.