III тарау. Аллергология
29 АЛЛЕРГИЯ МЕН ИММУНИТЕТ МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ
Иммунитет - дегеніміз организмнің ішкі тұрақтылығын сақтау, және генетикалық ақпаратты бөтен агенттерден қорғану (Р.П. Петров, 1976) десе, оған Е. Райка (1974) және түрдің, жыныстық және кодтық (генетикалық) тұрақтылықты сақтау дейді.
Аллергияны Пиркет (1906) "организмнің жүре пайда болатын антигенге арнайы гиперреактивті немесе гипореактивті жауап беру қасиеті" деп анықтама берді.
Кейіннен А.Д. Адо (1978) - аллергия организмнің антигенге, сол сияқты ортаның әсері бар заттарына гиперреактівті жауап беруі екенін айтты. Сонымен аллергияның иммунитетпен үқсастығы да, ерекшелігі де бар екен. Ұқсастығы аллергия реакциясы да иммунологиялық механизммен жүреді. Аллергенге қарсы антиденелер пайда болады. Бірақ, аллергиялық реакция иммунитет сияқты қорғаныс функциясын бере ма, жоқ па?
Бұған әртүрлі жауап бар. Соның бірі, В. Бойд - аллергаяда қорғаныс функциясы жоқ, керісінше, аллергая реакциясы әрқашанда тіндерді зақымдайды деген. Көптеген ғалымдар (А.Д. Адо, 1978; Н.Д. Беклемишев, 1979, И.С. Гущин, 1979) - аллергия реакциясында тіндердің зақымдануы рас, ал аллергиялық реакция организмнің қорғаныс реакцияларына жатады. Оның дәлелдері мынандай:
1.Эволюциялық дамуда аллергиялық реакция тек жануарларда, оның ішінде адамдарда анық жүреді (Н.Н. Сиротинин, 1937). Сондықтан аллергиялық реакциялардьщ пайда болуы әртүрлі жануарлардың сақталуына арналған, пайдалы реакция.
2.Иммунитет пен аллергияның жүру механизмі бірдей.
3.Аллергиялық реакциялар, жедел жүретін немесе баяу жүретін түрлерінде бөгде агенттерді үстап, (қабыну дамытумен шектеп, денеге таратпай, организмнен шығарып жіберуге арналған (М.М. Авербах, 1974; Н.Д. Беклемишев, 1979). Мысалы, сарысу ауруында ауырмағандармен салыстырғанда антиген организмнен тез шығып кетеді. (Кеndall, 1958).
Сөйтіп, қорытып айтқанда, аллергия мен иммунитет біртектес механизммен жүреді; олар қорғаныстық, пайдалы әсері бар қүбылыстар.
Дегенмен аллергиямен иммунды реакцияның қандай айырмашылығы бар?Аллергиялық реакцияларда әртүрлі гаперергиялық қабынулар, ісіну, бронхоспазм, терінің қышынуы, цитотоксикалық және цитолитикалық әсер, шок дамиды. Осы зақымданулардың бәрі иммунологиялық процеспен жүреді. Егерде зақымдану болмаса -оны иммунологиялық реакциялар дейміз.
Аллергияда организмнің спецификалық иммундық реакциясы өз тінін зақымдаумен жүреді.Егерде аллергаялық реакция иммундық реакциясыз жүрсе, оны жалған (псевдо-) аллергиялық реакциялар дейді.Аллергиялық реакциялар: аллергиялы, аутоаллергиялы (аутоагрессиялы) аурулар болып бөлінеді.Аллергиялық ауруларға экзогенді антигендерге қарсы пайда болатын иммундық реакциялармен жүретін зақымданулар жатады.
Аутоаллергиялық аурулар - организмнің өз тіндерінен пайда болған ангигендерге қарсы жүретін иммундық реакциялардың зақымдану беруі.
Иммундық реакция немесе аллергиялық реакция жүруі антигеннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: аскарида антигендері ІgЕ түзілуін көбейтіп, аллергиялық реакция береді.
Нашар антитендер (антигендік күші аз) және аз мөлшерде болса, (өсімдіктің тозаңдары, үйдің шаңы) олар жедел жүретін аллергия дамытады. Пенициллинді қайталап еккенде де жедел жүретін аллергия дамуы мүмкін. Бірақ пенициллин алғандардың бәрінде аллергия дамымайды ғой. Сондықтан аллергия даму үшін ерекше жағдайлар керек: (В.И. Пыцкий, 1991). 1. Шаң, тозаңның көптеп кіруі үшін тері мен шырышты қабықтың өткізгіштігі жоғары болуы керек. 2.Организмнің иммундық жауабына, былайша айтқанда, қандай иммуноглобулиндер, қанша түзілуіне байланысты (мысалы, IgЕ, әр түрлі медиаторлардың (ИЛ-5, 6,. 10, 13). Иммунопатология (иммундық процестің әсерінен тіндердің зақымдануы) иммундық тапшылығы жағдайында дамиды. (Р.В. Петров).
Сөйтіп, қандай аллергия болмасын, ол иммунды реакциямен, барлық жағдайда қабынумен, иммундық жауаптың кемшілігімен немесе өзгеруімен жүреді.
