- •14 Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы.
- •1. Құрама (қиыстырылған) жит
- •2,4 Табиғи киллерлердің тапшылығы.
- •2,6 Компелмент жүйесінің тапшылығы.
- •2,7 Тромбоциттер жүйесінің тапшылығы.
- •15 Иммундық тапшылықтардың түрлері.
- •16 Жұқпал аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1 Адам иммунитеті тапшылығы вирусы-жұқпасы (аитв)
- •IV. Терминалдық кезеңі.
- •16.2 Өзге жұқалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •3. Бактериялық инфекциялардың иммундық тапшылықтары
IV. Терминалдық кезеңі.
Диагпостикасы. АИТВ-жүқпасының негізгі зертханалық диаг-ностикасы - вирусқа қарсы түзілген антиденелерді иммундық фермент өдісі (ИФА) арқылы анықтау. Науқастарды АИТВ-жүқпасында тексеру мына жағдайларда жүргізіледі: 1 айдан үзаққа созылған қызба, 1 ай бойы болған диарея, еш себепсіз дене салмағының 10%-ға және оданда коп төмендеуі, 1 ай бойы жөтелу, созылған, қайталанған ем қонбаған пневмония; созылмалы қайталанған вирусты, бактериалық, паразитарлы жүқпалар; 1 айдан асқан 2 және одан көп лимфа түйіндері тобының үлғаюы, жеделдеу энцефалит, бұрын сау болған адамның деменциясы және ЖИТС индикаторлы аурулардың да деменциясы.
АИТВ-қа қарсы антиденелер науқастардың 90~95%-ында ауру жұққаннан кейін 3 ай ішінде, 5-9%-ында 6 айдан кейін, ал 0,5-1% ында одан кейін пайда болады.
ИФА-ның нәтижесі оң болғанда оның арнайылығын иммундық блотинг әдісімен вирус белоктарына қарсы антиденелерді анықтап дәлелдейді.
АИТВ-жүқпасының ауыр-жеңшін болжап, «вирус жүктемесін» анықтау үшін, плазмадағы АИТВ РНҚ-ның копиясын полимеразды
тізбекті реакциямен (ПЦР) тексереді. Белок-24 - плазмадағы, клеткадағы АИТВ-виремиясы және басқадай жүқпа маркерлерін анықтайды. Иммунологиялық әдістер жұқпаның кезендерін анықтауға көмектеседі. Ол үшін лимфоциттердің, Т-хелперлердің (СД4), Т-супрессорлардың (СД8) жалпы санын, СД4/СД8 салыстырмалы қатьшасын тексереді. СД4/СД8 дені сау адамдарда 1,8-2,2, ал оның 1-ге дейінгі төмендеуі ЖИТС кезеңінде болады. СД4 клеткаларьшың 1 мкл-де 500-ге дейін азаюы, дамыған иммуносупрессияны көреетеді. АИТВ-жұқпасының диагнозы эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық тексерулердің нәтижесіде, оның кезеңі мен екіншшік ауруларды көрсету арқылы қойылады.
Емдеуі. Қазіргі уақытта ауырғанды толық емдеп жазатын дәрі жоқ. Дегенмен, аурудың дамуын тоқтататын емдеу сызба нүсқаулары бар.
Негізгі емдеу қағидалары: психологиялық режимді сақтау, дер кезінде басталатын вирусқа қарсы ем, екіншілік аурулардың диагнозыньвд ерте қойылуы мен емі.
Вирусқа қарсы ем де бірнеше бағытта жүргізіледі: сау клеткаларға вирустарды кіргізбеу, ішіне кірген вирустарды жою немесе оньщ көбеюін тоқтату. Қазіргі уақытга вирустың көбеюін тоқтататын антиретровирусты препараттар қолданылады. Бүл препараттарда екі топтан түрады: кері транскриптаза ингабиторы, протеаза ингибиторы. Кері транскриптаза ингибиторы провирустық ДНК-ның синтезін тоқтатады. Бүған жататын дәрілер: азидотимидин (синонимі: АЗТ, зидовудин, Ресей препараты - тимозид), эпивир (син. ЗТС, ламивудин) және хивид (зальцитабш). Кері транскршггаза ингибиторы АИТВ-жұкпасының дамуьш баяулатады, иммундық жүйенің функциясын жақсартады. Бірақ, бүл препараттарға вирус тез төзімді (резистенггі) болып бейімделш алады. Протеазаның ингибиторлары: саквинавир (инвираза), индинавир (криксиван), ритонавир, нельфинавир. Бүлар жаңа вирустың пайда болуын тоқтатады. Үш жөне одан да көп препараттарды қосып емдегенде жақсы нөтиже береді. Клиникада «три терапия» кең қолданылады, қалъшты жағдайда екі кері транскриптаза ингабиторы (ретовир және эпивир) және бір прртеаза ингибиторы (криксиван) тағайындалады. Мысалы, АЗТ 200 мл 3 рет тәулігіне, ЗТС 150 мг 2 рет тәулігіне, криксиван 600
мг 4 рет тәулігіне. Сонымен бірге пациенттерге иммунитет көтеретін, иммунокоррекция беретін дәрілер де беріледі.
АИВ-инфекциясын емдеуге, вирустардың нысана-клеткаға
жабысуын (адсорбциясын) бөгеу үшін гепарин, декстрансульфах,
троволол, СД4-ге қарсы антиденелер пайдаланылады. Вирус
белоктарына қарсы антиденелер қолдану қолайлы. Екіншілік
аурулардың алдын альш емдеудің маңызы зор. Пневмоцисты
пневмонияның алдьш алу үшін, СД4 бір мкл-да 200-ден азайса,
бисептол, септрин (кетере алмаса - дапсон) тағайындалады.
Саңырауқұлақтармен байланысты бұзылыстарда кетоконазол,
флюконазол пайдалы. Герпес вирусты инфекцияларда алдьш-алуга
және емдеуге ацикловир, ганцикловир, фоскарнет тағайындалады.
Манту оң болғанда изониазид химиопрофилактикасы жүргізіледі.
Дамыған туберкулезді стрептомицин, рифампицин, изониазид,
этамбутолдардың әр түрлі қосынды препаратгарымен емдейді. СД4
- 100/мкл болғанда, атиптік микобактериоз даму қауіпі болғанда
рифампицңн тағайындайды. Бактериалды инфекция-лардың еміне
кешенді антибиотиктерді (хинолондар) қолданады. Капоши
саркомасын проспидинмен емдейді. ЖИТС кезеңін емдеу күрделі
жүргізіледі: гемосорбция, иммуносупрессорлар, интерферон,
интерлейкиндер, айырша без препараттары, донорлардьщ
лимфоидты клеткаларын егу, имутпол және амплиген, аурудың
денесін 42°С-қа қыздыру, сойған малдың үйқы безінің
препараттары (вирустың репликациясьш басады), өт қышқылдары,
мембранотропты липидтер (12-метоксили-деканоат, амфотерицин
В), антиоксиданттар (дитиокарб, бутилды гидрокси-анизол),
шайқурай және басқалар.
Бүл емдер ауруды толық сауықтырмайды, емдегендердің ЖИТС кезіндегі ремиссиясы екі жылға дейін созылады (емделмегендер -алты.айда өледі).
