- •14 Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы.
- •1. Құрама (қиыстырылған) жит
- •2,4 Табиғи киллерлердің тапшылығы.
- •2,6 Компелмент жүйесінің тапшылығы.
- •2,7 Тромбоциттер жүйесінің тапшылығы.
- •15 Иммундық тапшылықтардың түрлері.
- •16 Жұқпал аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1 Адам иммунитеті тапшылығы вирусы-жұқпасы (аитв)
- •IV. Терминалдық кезеңі.
- •16.2 Өзге жұқалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •3. Бактериялық инфекциялардың иммундық тапшылықтары
1. Құрама (қиыстырылған) жит
1.1 Панлейкопениялық синдром. Токсикалық, аутоиммундық,жұқпалық, радиациялық варианттары бар. Барлық лейкоциттердің саны аз, сүйек миы бос, колония құрылуы тежелген. Клиникасы – ауыр жұқпалар, сепсис. Аллоиммундық тарнспалнтациялық вариант.
1.2 Жалпы лимфоцитопениялық синдром. Белгілері: лимфоцитофения (Т-және В –лимфоцитопения) лимфоциттердің саны қалыпты 15% және оданда көп азайған («лимфоциттердің тапшылық синдромы»).
Варианттары: Антилимфоцитарлық антиденелермен жүретін аутоиммундық варианты: Лимфоциттердің экзогендік факторлармен лимфоцитолиздік ыдырауының салдарынан.
Вирусты лимфоцитофения. Лимфа түйіндерінің бадамша және басқа лимфоидты құрылыстарын гипоплазиясы болуы мүмкін.
Клиникасы: жазылмайтын шектелген қайталанатын немесе жайылымды бактериальды және вирусты жұқпалар, кейде спленомегалия байқалады.
1,3 Жалпы вариабельді: иммунитет тапшылығы (Т-клеткалық немесе В-клеткалық түрі басым).
Белгілері: Т- және В- лимфоциттердің, Т-хелпердің, иммуноглобулиндердің әртүрлі класының және субкласының қосынды тапшылығы.
Клиникасы: қызба, әр жерге орналасқан қайталанатын іріңді қабыну процестері.
1,4 Лимфоциттердің: поликлондық белсенділік синдромы.
Белгілері: Қанда әртүрлі спецификалық антиденелер бар-аутоантигендерге, басқадай антигендерге қарсы деңгейі жоғарлаған антиденелер; лимфа түйіндернің фолликулаларының гипоплазиясы; гамма – глобулиндердің IgG және басқа иммуноглобулиндердің көбеюі; Т-супрессорлар деңгейінің төмендеуі және Т-лимфоциттердің қалыпқа жақын көбеюі.
Клиникасы: жұқпалық, аутоиммундық және аллергиялық процестер.
1,5 Лимфаденопатия: (шектелген немесе жайылған) синдромы лимфа түйіндерінің гиперпалзиясымен байқалады.
Варианттары:
А) Қандағы лимфоциттер қалыпты;
Б) Т-лимфопения;
Клиникасы: ұзақ субфебрилитет, вегетативтік дисфункция (дистония, кардиалгия және т.б)
1,6 Бадамша: бездердің және аденоидтардың гиперплазиялық, гипертрофиялық синдромы. Созылмалы тонзиллит, аденоидиттер; лейкоциттердің және цитокиндердің санды, функциональды дисфункциясы.
1,7 Тонзиллэктомиядан кейіңгі иммунды тапшылық синдромы.
Созылмалы тонзиллитке байланысты (бездері алынсада) тыныс алу жолдарының рецидивті қабыну аурулары. Т-лимфоциттердің аздаған азаюы, оалардың субпопуляцияларынынң дисбаланысы, дисиммуноглобулинемия, мұрын, жұтқыншақ және тыныс алу жолдарының рецидивті жұқпалары; бадамша бездің және лимфоидтық тіндердің гиперплазиясы болуы мүмкін.
1,8 Спленэктомиядан кейінгі синдром.
Т-бағынышсыз антигендерге антиденелер өнімдері (стерптококтарға және т.б) азайған, Т-клеткалық лимфопения болуы мүмкін, жұқпаларға бейімділігі жоғары.
1,9 Тимикалық –лифатикалық синдром.
Тимомегалиямен, бүйрекүсті бездерінің және лимфоциттердің функциялық белсенділігі жеткіліксіз.
Клиникасы : адинамия, терісі ақ мәрмәрдей, тыныштықта ентігу, микролимфаденопатия, гипо-және гиперсимпатикотония, балалардың кенеттен өлу синдромы.
1,10 Иммунды комплекстер патологиясының синдромы.
Белгілері: иммунды коплекстердің қандағы деңгей жоғары және олардың тінге шөгуі көп, фагоциттердің белсенділігі төмендеген, лимфоциттердің Fc-рецепторларының белсенділігі басылған; иинфекциялық, аллергиялық, аутоиммундық аурулардан васкулиттердің дамуы; гепатоспленомегалия мен телеангиоэктазиялар.
2. Метоболизімдік иммунды тапшылықтар
2,1 Микроэлементтер тапшылықтары.
А. Цинк тапшылығы –лимфатикалық тіндері атрофияға ұшыраған, нейтрофильдер мен Т-хелперлердің функциялары тежелген, энтеропатиялық акродерматит.
В. Мыс тапшылығынан-нейтропения, Т-лимфоциттері мен фагоциттердің функциялары бұзылады. Басқа да микроэлементтердің тапшылығы болады.
С Гиповитаминоздардағы иммунитет тапшылығы.
С дәрумен тапшылығынан. Фагоциттердің функциялары бұзылады. Бұған басқа витаминдердің тапшылығыда иммунитетке әсер етеді.
Д. Белок жетіспегендіктен (алмиентарлық), дислипопротоинемиялық, көмірсутегінің алмасуының бұзылуының иммундық тапшылықтары.
2,2 Т-клеткалық иммунды тапшылықтар.
А. Т-лимфоцитопениялық синдром (В-клеткалардың деңгейі қалыпты немесе аздаған жоғары).
Лимфоидты тіндері атрофияға шалдыққан, лимфа түиіндерінің паракортикальдық аймағында клеткалары жоқ. Т-лимфоциттердің саны қалыпты мөлшерден 15% және оданда көп азаяды. Аурудың ремиссиясы кезінде қайталап тексергеннен кейін диагноз бекітіледі. Варианттары : анти-Т-клеткалық антиденелі аутоиммунды процесс; стресс, улану (дәрімен) т.б вирусты зат алмасуының бұзылуы; саркоидоз, лимфогранулематоз, Т-лейкоз және басқадай аурулар.
Клиникасы: Бактериялық жұқпалармен қосылған созылмалы рецидивті вирусты аурулар.
В. Т-клеткалық иммунитеттің реттелуінің дисбаланс синдромдары. Т-хелперлердің Т-супрессорлармен салыстырма қатынасы 1,4-тен аз (неғұрлым көп азайса, соншалық иммунитет тапшылығы ауыр). Диагноз сол өзгерістерді ремиссия кезіндегі тексерумен анықтағанда қойылады.
Клиникасы: әртүрлі мүшелерде орналасқан полиморфты қайталама жұқпалар.
С. Лимфокиндер мен оның рецепторларының тапшылығының синдромдары.
Белгісіз түзілу кемістігі:
А) интерлейкин-2-нің
Б) ИЛ-2-нің рецепторының
В) ФПМЛ
Г) а – интерферонның;
Д) лимфокиннің және басқалардың
Бұлар бірнеше рет қайталап тексергенде белгілі болады. Лимфокин құратын белсенділікті бір Т-клетка өніміне есептеген жөн.
2,3 В-клеткалық тапшылықтар.
А. В-клеткалық ісіктердің иммундық тапшылығы (плазмоцитома, Вальденстрем ауруы, В-лимфолейкозы, лимфомалар).
В. Пангипогаммаглобулинемия.
Белгілері: лимфа түиіндері атрофияға шалдыққан, лимфоидты фолликулалардың гипоплазиясы мен қан сарысуындағы геммаглобулиндер мөлшері азайған, табиғи және иммунды антиденелер деңгейі төмендеген, қандағы және басқа биологиялық сұйықтардағы (сілекей басқадай) IgG,IgM,IgA, иммуноглобулиндердің деңгейі азайған. Т-лимфоциттердің деңгейі және белсенділігі қалыпты немесе шамалы төмендеген.
Клиникасы: тыныс алу жолының, өкпенің, басқадай мүшелерінің бактериялық қайталамалы жұқпалары (сепсис) жиі кездеседі.
С. Дисиммуноглобулинемия
Иммуноглобулиндердің арасында өзгерістер байқалады; біреулері төмендейді, ал басқалары қалыпты немесе көбеюі мүмкін.
Клиникасы: жұқпалар қайталануы.
Д.Антиденелердің тапшылық синдромы.
Белгілері: белгілі бір жұқпаның қоздырғыштарына антиденелер жоқ болады (мысалы, стрептококтарға, балалардың гемофильді таяқщасына). Жұқпалар қайталануымен жүреді.
Е. Секреторлық IgA-ның тапшылығы.
Сілекейде. Тархеобронхиальдық, ішек және басқадай секреттерде IgA жоқ (не өте аз). Клиникасы: созылмалы бронхит. Созылмалы тонзиллит, отиттер және басқалар.
Ж. IgG-ның субкалстарының тапшылығы.
IgG 1 G2 (балаларда) және G3 (кейде) тапшылығы IgA тапшылығымен қосылып келеді. Клиникасы – бактериалдық жұқпалар. Бұлар туа болған тапшылығына ұқсас.
