Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
118-147.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.84 Кб
Скачать

Кенбаев Азамат ЖМ-004 Көкбауырдың лимфа түйіндері клеткаларының немесе иммунологиялық жетілген донор қанның лимфоциттерінің транспалнтациясы; ересек донордың немесе сәйкессіз ұрықтық айырша бездің тарнспалнтациясы; донордан алынған сәйкессіз айырша безбенбауырдың транспалнтациясы; сәйкесті донордан тұтас сүйек миының трансплантациясы; жатсыну реакцияларын басу үшін алдын ала гистосәйкестіктің антигенге қарсы антиденелер енгізгеннен кейін, ата-анасынан алынған дің клеткаларының фракциясы немесе тұтас сүйек миының транспалнтациясы; иммунитет басатын еммен бірге ата-анасынан алынған дің клеткалары фракциясының тарнспалнтациясы; өлі туған баладан алынған безбен төстің танрнспалнтациясы.

Сәйкессіздік реакциясын жою өте қиын, сондықтан мынадай әдістемелік жұмыстар жатсыну реакцияларын бәсеңдетеді : донор-реципентті таңдау гистосәйкестіктің басты антигеннін анықтаумен жүреді; реципенттің сүйек миын әртүрлі жолмен құрту; трансплантацияға дейін донор клеткаларына моноклондықантиденелер қосып, киллерлерді құрту; транспалнтациялық иммунитетті басу үшін танспалнтациядан кейін циклоспарин немесе басқадай препараттарды пайдалану. Иммуномодуляторлар қолданғанмен оның нәтижесі шамалы, себебі, 25-50 донордан алынып, он рет мұздатып қатырылған, қайтадан ерітіп рибонуклеазамен өңдеген, диализ және лиофилизациядан өткізілген лейкоцит-трансфер факторлар қолданылады. Айырша без препараттары, левамизол және тағы басқалар пайда болады.

14 Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы.

(ЖИТС)

ЖИТС – фенотип деігейінде сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Туа болған иммундық тапшылығы сияқты деңгейінде генетикалық байланысы бар. Салдарлық иммундық тапшылық өте жиі кездеседі. ЖИТС – иммунитет жүйесі қалыпты жағдайда болған найқастарда дамиды. Оларда Т-В және фагоцитарлық иммунитет звеноларының немесе олардың қоса зақымдалуымен санының азаюы, функцияларының бұзылуы және лимфоциттердің, фагоциттердің өзара қарым-қатынасының өзгеруі байқалады.

Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромының даму жағдайлары. (Е.С.Белозеров А.АШортанбаев 1992)

Пайда болу уақыты бойынша :

А) екіншілік антенатальды иммундық тапшылық жағдайы (ЕИТЖ) М: Ди-Джорд синдромының тұқым қуалайтын түрлері;

Б) екіншілік перинатальдық –ЕИТЖ. М: нәрестенің нейтропениясы ұрықтың нейтрофильдерінде ағзаның изосенсибилизациясы дамып, нейтрофильдердің ыдырауына байланысты. Сол сияқты жолмен резус-шиеленісте (гемолиздік ауру) дамиды.

В) екіншілік постнаталды (ЕИТЖ) Олардың даму себептері көп және әр түрлі.

Этиологиясы :

Протозойлы және құртты аурулары: безгек, туберкулез, трипаносомоз, токсопалзмоз, лейшманиоз, шистоматоз, трихинелез, т.б

Бактериялық жұқпалар; алапес, туберкулез, мерез, пневмококты, менингококты, стафилакокты жұқпалар және басқалар. Вирусты жұқпалар: қызылша, қызамық, грипп, эпидемиялық паротит, жел шешек, жедел және созылмалы гепатит В, тума жұқпалар (цитомегаловирусты, қызамық, жеделдеу склерозды панэнцефалит). Тамақтанудың бұзылуы: арықтау, ішектің сіңуінің бұзылуы, мешкейлік, семіру, авитаминоздар. Иммунды тапшылықтар бейорганикалық заттардың жетіспейшілігінде болады. Темірдің жетіспейшілігі Т-клеткалық иммунитеттің тапшылығына әкеледі, мыстың тапшылығы лимфопениямен әсіресе Т-хелперлердің азаюымен білінеді. Селеннің тапшылығы авитаминоз Е мен қосылса антиденелердің және айырша бездері гормаондарының шығуын азайтады. Хирургиялық операциядан және жансыздандырудан кейін 4-24 сағат өткенде липофения болып және олардың функциялары басылады. Иммунитет жүйесінің тежелуі 30 күнге дейін сақталды.

Иммундық жүйе функциясы төмен болатын жағдайлар (ИТЖ):

  • Бүйрек, асқазан-ішек арқылы белокты жоғалтуда;

  • Қантты диабет және басқадай зат алмасу ауруларынан;

  • Қатерлі өсінділер.

  • Күйіктен

  • Созылмалы өкпе, жүрек қан тамырлар, зәр – жыныстық жол, асқазан-ішек ауруларынан, т.б

  • Стресс болдырудан

  • Қарт адамдарда айырша без атрофияға шалдығып, клеткалық иммунитет басылып, антиденелердің белсенділігі төмендейді. Жас балаларда иммундық жүйелердің дамып жетілуі кейде баяу басталып «шабан» жүретіндікте;

  • Ионды радияциядан;

  • Салдарлық ИТЖ дәрі ішуде жиі кездеседі. Иммунитет басатындар: Антибиотиктер (неомицин, тетрациклин, олеандомицин, стрептомицин, пенициллин, левомицетин), нитрофуранттар (фурацилин, фурагин) алкилді өнімдер (циклофосфан т.б) кортикостероидтер (преднизолон, гидрокартизон, метилпред т.б) антиметоболиттер және т,б.

ЖИТ түрлері.

А) теңгерілген түрі –жұқпалардың көзін қабылдауға бейімділігі жоғары; пневмониялар, пиодерма, ЖРВИ жиі кездеседі жиі кездеседі. Балалардың жұқпаларына да бейімділігі жоғары.

Б) теңгерілуі төмендеген түрі- жұқпа процестері зозылмалы жүреді. Созылмалы бронхиттер, пневмониялар, пиелонефриттер, холициститтер байқалады.

В) теңгерілмеген түрі – денеге жайылған жұқпалардың дамуы мен білінеді (шартты-патогенді микробтармен, қауіпті өспелер). М: ЖИТС.

Жүре болған иммунитет тапшылығы төрт түрлі синдроммен көрінеді. Жұқпалық, аллергиялық, аутоиммунды және иммунопролеферативтік аурулар.

Жүре болған иммундық тапшылықтың жіктелуі.

(Д.К.Новиков, В.И.Новикова,1994)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]