Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12-39.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.57 Кб
Скачать

I тарау. Жалпы иммунология

1. Иммyнология пәні, мақсаты мен міндеттері

Иммунология (лат. immunis - еркін, еш нәрсеге ұшырамаған, logos -ілім) организмнің әртүрлі антигендерге қарсы пайда болатын спецификалы және бейспецификалы молекулалық, клеткалық және жалпы физиологиялық реакцияларын зерттейтін медициналық-биологиялық ғылым. Иммунология антигендерді, антиденелерді, иммунитетке қатысы бар клеткаларды зерттейді; иммундык реакциялардың калыпты және патологиялық жағдайлар дамуына әсері бар генетикалық және физиологиялық факторларды тексереді. Иммундық реакциялардың ағымына сыртқы қоршаған ортаның да әсері бар.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан және организмнің ішкі тұрақтылығын сақтауға бейімделген иммуңдық реакциялар бөгде антигендерден қорғануға бағытталады.

Антигендер дегеніміз - микробтар мен әртүрлі өсімдіктерден, жануарлардан шыққан заттар.

Организмнің өзінде өзгеріске ұшыраған, кейде өзгермеген клеткалар мен тін антигендеріне иммундық реакция туындаса, аутоиммундық аурулар дамиды.

Аллергендерге қарсы сезімталдықтың күшеюі аллергия туындатса, иммундық реакция клеткаларды, тіндерді зақымдайды. Аллергиялық даму - иммунитеттің бұзылуымен немесе әлсіреуімен қабатталады.

1.1. Иммунологияның даму тарихы

Бұдан көптеген ғасырлар бұрын жұқпалы аурулардан адамдар көп өлген, ал егер тірі қалса, сол аурумен екінші рет ауырмайтыны белгілі болған. Обамен, шешекпен ауырғандарға күтім жасау үшін, аталған аурулармен бұрын ауырғандар ғана жіберілетін болған. Ел арасында жасанды ауру қоздыру үшін әртүрлі әрекеттер жасалған. Қытайда (XI ғасыр) шешек бөртпесінің қабыршақтарын мұрынға сепкен, Индияда - теріге жағып, ысқылаған, Грузияда - шешек бөртпесінің іріңін сау адамның терісіне инемен енгізіп жұқтырған.

Э.Дженнер 1798ж. (ағылшын) сиыр шешегімей ауырған сауыншылар кейін адам шешегімен ауырмайтындығын байқап, балаға (1796 ж. Дженсу Финасу) әлгі сиыр шешегін терісіне жұқтырып, 1,5 ай еткен соң сол балаға адам шешегін жұқтырғанда, бала ауырмаған. Өйткені, сиыр шешегі адам шешегіне де қарсы иммунитет берген. Екі жыл ішінде осы әдіспен 100 мың адам егіліп нәтижесінде бәрі де кейін шешекпен ауырмаған. Осылай шешекке қарсы вакцина егу әдісі ашылған. Латын тілінде Vасса сиыр деген сөз. Дженнердің зерттеулерінің маңызы зор болды, жасанды иммунитет дамыту арқылы елді жұқпалы аурудан қорғады. Біздің заманымызда егудің нәтижесінде, сиырдан алынған вакцина жер жүзіндегі елдердің бәрі жаппай егіліп, бүгінде шешек ауруы кездеспейтін болды.

XIX ғасырдың басында Луи Пастердің зерттеулері иммунологияның іргетасын қалады. Пастер әр түрлі ашытқыларда микробтардың бар екенін анықтады. Мысалы, Пастер остеомиелитті, іріңді ауруларды, тауық тырысқағын зерттеу арқылы көптеген микробтардың түрлерін тауьш, анықтады.

Пастер 1881ж. профилактикалық егудің де негізін ашты. Ол вируленттілігі темендетілген микробтарды сол аурулардың алдын алу үщін адамдарға егу керек екендігін дәлелдеді. Сөйтіп, вируленттілігі төмендетілген микробтарды организмге енгізу арқылы әртүрлі ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолы табылды (1 -сурет).

Эмиль Ру және Александр Йерсен (1888 ж.) дифтерия қоздырғышының токсинін бөліп альш, оның экспериментте дифтерияның клиникалық көріністерін дамытуға маңызды екенін дәлелдеді. Сөйтіп, аурудың кейде бактериялар токсинімен дамитыны белгілі болды. Беринг және Китазато 1890 ж. сіреспеге қарсы оны еккеннен кейін токсинді бейтараптайтьш затгың пайда болатынын айтты. Бұны антитоксин деп атап, кейін «антидене» деп аталған жалпы термин пайда болды. Антидененің шығуына әсері бар микробтарды т.б. антиген деп атайтын болды.

Херикоурт жөне Риккет 1895 ж. жануарларға адамның ісік клеткаларын егіп, одан алынған сарысуды ңауқастарға егуді ұсынды.

XX ғасыр басыңда Пауль Эрлих гуморальдык иммунитеттің теориясын ұсынып, оның антиденелерге байланысты екенін дәлелдеді. Қатерлі ісікте антигендік қасиет барын тауып, организмдегі ісік жасушалары генетикалық бөгде жасушалар болып табылатындығы анықталды. Сөйтіп, Пауль Эрлих «иммунологиялық қадағалау» теориясының негізін қалаушы болды.

Грубер және Дерхем 1896 ж. бактериялардың, кейін Жюль-Борде эритроцитгердің агглютинациясын ашты. Крауз 1897ж. антидене және антиген арасында болатын преципитация реакциясын көрсетті. Соның нәтижесінде бұл реакцияларды іn vitro -да қойып, тәжірибелік бақылаудың мүмкіндігі туындады.

К. Ландштейнер 1901 ж. эритроциттердің АВО изоантигендерін ашты, тіннің изоантигендері туралы ілімнің негізін дәлелдеді. Осыны әрі қарай дамытып Виннер 1940ж. сүтқоректілер эритроциттерінен RН-факторын тапты. Гросс 1943 ж. бірінші рет қатерлі ісіктің антигенін тапты.

Доссу, Снеллу жасушалардың генетикалық жүйесін зерттеп, бұлардың үстіңгі антиген мен рецепторға байланысты екенін көрсетті.

Медавар және Гашек 1953 ж. иммунологиялық толеранттылықтың механизмін ұсынды. Кейін Бернет иммунологиялық толеранттылықтың жүре пайда болатынын дәлелдеді.

Мечников, Максимов 1940 ж. шеткері қан құрылысын тексерудің клиникалық маңызы барын көрсетті. Мечников иммунитеттің фагоцитарлық теориясының негізін ашты.

Р.В. Петров біздің заманымыздағы иммунды жүйе және оның қызметі туралы ілімнің негізін қалаушы болды. Петров 1965 ж. алғаш рет иммунология курсын Новосибирск университетінде ашты.

Қазір 30-дан артық елде иммунология ғылыми түрде дамьш, көп жетістіктерге жетті.

1. Шешек, құтыру, күл, полиомиелит, сіреспе т.б. аса қауіпті жұқпалы ауруларға вакцинация жүргізіледі. 1978 жылы дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымы шешекті жойдық деп хабарлап, оған қарсы егу тоқтатылды.

2. АВО изоантигендерінен басқа МN, Rh, Рр, Кк т.б. антигендері табылып, қан құю проблемасы шешілді жөне бұл жаңалықтар медициналық генетикада, сот медицинасында қолданылады.

3. Нәрестелердің резус-гемолиздік ауруының да өзекті мәселесі шешілді. Еуропа, ТМД еддерінде резус-теріс әйелдердің саны 15%. Резус шиеленіс екінші жүктілікте дами бастайды. Оның диагнозы иммунологиялық әдіспен анықталады.

4. Толерантылықтың және дәрі әсерімен иммунитетті тежеуін қолдану арқылы ағзаларды алмастыруын жүргізуге мүмкіндік берді. Жер жүзінде 100 мыңға жуық бүйрек алмастыру операциясы жасалған, олардың 80% екі жылдан артық өмір сүреді.

5. Иммунитет тесттерімен жүқпалы аурулардың иммунитет жетіспеушілік жағдайын және аллергиялық ауруларды анықтап, емдеу жүргізіледі.

6 .Иммунды биотехнология (инженерлік иммунология) деген жаңа ғылым саласы дамып келеді. Молекулалық иммунология жетістіктерінің арқасында иммундық препаратгарды, вакциналарды, антигендерді жасанды әдістермен алуы жүргізіледі.

7. Қатерлі ісіктің дамуы, оны анықтау, емдеу, аурудың алдын алу әдістері де иммунологиялық факторларға байланысты.

Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.

Иммунология жеке пән ретінде XX ғасырдың екінші жартысында дамыды. Бұрын иммунология тек жұқпалы аурулардың иммунитетін зерттеп келді.

Иммунитет сөзінің мағынасы да өзгерді. Иммунитет организмнің ауру қоздыратын және қоздырмайтын агенттерге, генетикалық мәліметі бөтен заттарға төзімділігі. Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, қарапайымдар, ақуыздар, бөгде клеткалар мен тіндер, өзгерген аутоантигендер, кейбір өсімдіктер мен жануарлардан алынған улы заттектер және басқалар жатады.

Иммунитет - иммунды жүйемен биологиялық белсенді агенттердің арасындағы қарым-қатынас. Оның мақсаты организмнің ішкі орта (гомеостаз) тұрақтылығын сақтау, соның нәтижесінде әртүрлі иммунитет феномендерін қалыптастыру:

1. Иммунологиялық толерантылық (төзімділік) - организмнің антигендерге (әсіресе өз денесінен пайда болған антигендерге) иммундық жүйенің қарсы болмауы (анергия).

2. Жұқпаға қарсы иммунитет - организмнің жұқпалы аурулардың қоздырғышын қабылдамауы.

3.Иммундық жад - ерекше қасиет, иммундық жүйе бір рет кездескен антигенді «есте сақтайды», егер онымен екінші рет кездессе, оған қарсы антиденелерді жылдам түзу және сезімталдығы күшейген лимфоциттерді көбейту арқылы жауап береді.

Сөйтіп, антиген туралы есте қалатын ақпарат организмнің лим-форетикул жүйесі арқылы ісқе асады. Ол жауап организм реактивтілігін көтереді, сенсибилизация берсе, оны оң иммунды реакция дейміз, ал иммундық реакция басылса, (иммунрдепрессия, теріс реакция), иммунологиялық толеранттылық, төзімділік -иммунологиялық салдану туады. XX ғасырдың екінщі жартысында иммунологиялық толеранттылық эксперимент арқылы тексерілді.

Бернет 1959 ж клоналды-селекциялық теорияны дамытты. Әрбір антигенде алдын-ала жоспарлаған антидене құрайтын клеткалар түзіледі. Иммунологияның XX ғасырдағы жаңалықтары:

- иммунды глобулиндердің химиялық құрамы белгілі болды;

- лимфоидты клеткаларды өсіру (дақылы) игерілді;

- айырша бездің ңммунды жүйенің орталық ағзасы екені анықталды;

- қызыл жілік миындағы бағаналы - дің клеткаларынан иммундық клеткалардың түзілетіні анықталды;

- Т- және В-лимфоциттер зерттелді;

- клеткалар кооперациясы және антиденелердің тірілуі, олардың атқаратын қызметтері анықталды;

- трансплантациялық иммунитет зерттеліп, лейкоцитердің антигендері арқылы гистосәйкестігі анықталды, ағзаларды алмастырылып қондыру жетістіктеріне жеткізді. Мысалы: бүйректі алмастыру т.б.

Осы жетістіктердің арқасында иммунитетке жаңа тұрғыдан қарап, гомеостаздық сипаты анықталып, оның негізгі қызметі клеткалардың кенеттен пайда болған мутациясына қарсы бағытталған деген ұғым қалыптасты. Ал антимикробтық иммунитет - иммунды үрдісің жеке бір түрі деп танылды. Сонымен, жұқпаға қатысы жоқ иммунология дамып, оның биологиялық иммунды генетикалық механизмі клеткалық және Молекулалық деңгейде тексерілді.

Иммунологияны 4 бөлімге бөліп зерттеп, тексереді:

1. Иммунитет немесе адаптивтік иммунитетте қандай антиген болмасын бейімделген иммунологиялық жауап береді. :

2. Иммунды химияда - антиген мен антиденелердің химиялық құрылысы тексеріліп, оның сипаттамасы беріледі.

3. Иммунды патология - әр түрлі аллергиялық үрдістерде тіндерде болатын өзгерістерді тексереді.

4. Иммунды биология - әртүрлі биологиялық сауалдарды қамтып, иммунды жүйенің белсенді деңгейін, өзара қарым-қатынасын, әртүрлі ортада болатын өзгерістерді (мысалы, экологиялық жағдайды) ескеріп тексереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]