- •Мазмұны
- •Өндіріс орнымен танысу
- •Техникалық қызмет көрсету орталығы
- •Микропроцессорлық жүйелердің эксплуатациясымен танысу
- •Интернетте және жергілікті желіде жұмыс жасау
- •Перифериялық құрылғыларды көру және жөндеу жұмыстарымен танысу
- •Компьютерлік желілерді орнату
- •Дербес компьютерді басқаратын құрылғыларды құрастыру
- •Есептеу техникасының ақпараттың ортасын өңдеу технологиясы
- •Ақпараттық желілерді құрастыру
- •Алгоритмді бағдарламалық іске асыру
- •Программалық қамтаманы бағыттау және игеру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ақпараттық желілерді құрастыру
Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.
Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.
Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.
Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру - техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді. Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.
Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Алгоритмді бағдарламалық іске асыру
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритмді бірнеше түрде жазып көрсетуге болады. Соның төрт түрін бүгін қарастырамыз:
Сөзбен жазу – күнделікті арақатынаста қолданылып жүрген тілге негізделген. Бұл тәсілдің артықшылығы оны кез келген адам түсіне алады, ал кемшілігі жазу көлемі өте үлкен, көрнекі және дәл емес. Әдетте, есепті шешу жолы тізбектелген қадамдар тізімімен жазылады.
Жалған шарттаңба түрінде жазу – табиғи тілге жақын қатаң синтаксиссіз тілде жазылады (немесе программалау тілдерінде)
Артықшылығы – алгоритмнің қысқа жазылуы, есепті шешудің логикалық сипаттамасының қарапайым түрде жазылуы, алгоритмді кез келген дәрежеде нақтылап жазу.
Кемшілігі – алгоритмнің жазылу түрін тек адамдардың шектеулі ортасы ғана түсінеді.
Блок-схема түрінде графикалық жазу – кең тараған тәсілдердің бірі.
Артықшылығы – геометриялық таңбаларды қолдану, көрнекілік, іс-әрекеттер тізбегін жазуда қарапайым ережелерді қолдану, алгоритмді кез келген адамның түсіне алуы.
Программалау тілінде жазу – алгоритм құрудағы соңғы кезең болып табылады, яғни программаны іске асыру. Бұл тәсілдің кемшілігі мұны бағдарлама құрушылардан басқа адамдардың түсінуі қиын.
