Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ_пз_ТССС_каз_2014_последний.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

3. Жұмысқа тапсырма

Үш кіріс хабарлар түйіні бар ҚТЖ цифрландыру алгоритмін құрыңыз. Келесі гипотезаны қолданыңыз: әр түйінді ауданына үш станциядан РАТС қосылған, әр КХТ ауыстыру – желі жаңартуының бөлек кезеңі, әр КХТ ауыстыру кезінде барлық аналогтық станциялар бір цифрлық коммутациялық жабдықталуына ауыстырылады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. ЖҚТЖ даму кезіндегі программалық басқарудың артықшылықтарын атап өтіңіз.

2. Телефондық желілерді жаңарту кезіндегі «үстелме желі» концепциясын түсіндіріңіз.

  1. Ақпарат беріліс кезіндегі «аналог- цифра» және «цифра - аналог» бірнеше түрлендіру қандай жағымсыз арттарын алып келеді?

  2. Телефондық желілерді цифрландыру кезінде коммутациялық станциялар саны өзгереди ма?

10 - тәжірибелік жұмыс

«Ims желісіндегі sip протоколының сигналдық жүктемесін есептеу»

Жұмыстың мақсаты:

1.1 IMS (IP Multimedia Subsystem) жүйесінің функционалды блоктарындағы SIP протоколының сигналдық трафигіне қызмет көрсету үшін қажетті жиіліктік жолағын есептеу әдісін зерттеу.

Теориялық мәліметтер

IMS жүйенің құрылымы

39 - суретте IMS жүйесінің қарапайым сұлбасы көрсетілген. Сұлбада 3GPP сертификатталған негізгі элементтері қарастырылған. Төменде екі желі қарастырылған: - өзара әрекеттесетін ЖҚТЖ және IMS. ЖҚТЖ пайда болатын шақырулар шлюздар жабдықтау арқылы IMS желісіне келіп түседі, яғни сигналдық шлюз (SG) және транзиттік медиашлюз (TG) функцияларын орындайтын коммутаторына (Softswitch) (SS). Коммутатордан SS сигналдық ақпарат IMS жүйесінің функционалды элементтеріне түседі: өзара әрекеттесу (I-CSCF), проксирлеу (P-CSCF) және қызмет көрсету (S-CSCF), яғни шақыруға қызмет көрсетіле бастайды. Жіберілетін ақпарат түрі мен талап етілген қызметіне байланысты шақыруға қызмет көрсету үшін медиаресурстар MRF және/немесе қосымшалар сервері(лері) (AS) қолдануы мүмкін. Шақыруларға қызмет көрсету кезінде қажетті абоненттік мәліметтер үй абоненттер серверінен HSS алынады.

39- сурет. ЖҚТЖ және IMS жалғану сұлбасы

Бұл сұлбада IMS элементтері арасындағы төменде есептеу бөлімінде қолданатын логикалық байланыстар ғана көрсетілген. Байланыстарды белгілейтін жолдарында IMS жүйесінің объекттері арасындағы әрекеттесуін қамтитын протоколдар белгіленген.

Коммутатор (Softswitch) жабдықтауы медиашлюздар контроллердің функциясын MGCF орындайтын жағдайын қарастырайық. Бұл функционалдық элементтің негізгі мақсаты ЖҚТЖ жалғайтын көліктік шлюздарды басқару болып табылады.

40 - суретте ЖҚТЖ абоненті IMS желісіндегі абонентімен байланысу кезіндегі хабарламалармен алмасу процедурасы көрсетілген.

40- сурет. ЖҚТЖ – IMS әрекеттесу кезіндегі шақыруға қызмет көрсету алгоритмі (басталуы)

41- сурет. ЖҚТЖ – IMS әрекеттесу кезіндегі шақыруға қызмет көрсету алгоритмі (аяқталуы)

S-CSCF функциналды қызмет көрсететін элементінің жүктемесін есептеу

IMS желісіне шақыруларға қызмет көрсетуге түскен сұраныстар S-CSCF функционалды элементіне жіберіледі. Бұл желілік элемент байланыс сеансын басқаратын SIP-серверін ұсынады. Өзінің функциясы үшін желідегі басқа желілік элементтерінен орнатылатын жалғану мен талап етілген қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты қабылдайды.

42 – сурет. S-CSCF функционалды элементінің жүктеме көздері

ЖҚТЖ шақырулар шлюздық жабдықтау арқылы коммутаторға (Softswitch) түседі, бұл архитектурада ол медиашлюздар контроллерінің функциясын орындайды. Softswitch SIP протоколы өзара әрекеттесудің функционалды элементіне I-CSCF сұраныс жібереді. Жалғануды орнату кезінде I-CSCF SIP протоколы арқылы қызмет көрсету элементімен S-CSCF хабарламалармен алмасып отырады. Коммутатор (Softswitch) SIP протоколы арқылы S-CSCF ақпаратпен алмасуды бастайды. Содан кейін I-CSCF және Softswitch S-CSCF элементіне адрестік мәліметтер, шақырылып отырған абоненттің орналасу туралы және шақырушы абонент талап еткен қызметі туралы ақпаратты жібереді. Бұл мәліметтерді қабылдап S-CSCF шақыруға қызмет көрсете бастайды. Талап етілген қызметіне байланысты S-CSCF медиаресурстар MRF функциясы немесе қосымшалар серверіне (AS) сұраныс жасайды. Осылай, S-CSCF функционалды элементі SIP протоколы көмегімен Softswitch, I-CSCF, MRF, AS жалғануларды іске асырады.