Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық СРС.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.12 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:»Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық»

Орындаған:Ордабеков А.О

108 ОМФ

Тексерген:Бегимбетова Р.К

Қараганды 2009

Қарағанды 2009 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Экономикалық цикл, мәні, түрлері

2.Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері.Ұзын толқындар

3. Инфляцияның себептері және түрлері.

4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.

6. Инфляцияға қарсы саясат

7. Жұмыссыздық және оның түрлері

8.Еңбек нарығы және тұрғындарды жұммыспен қамту.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

"Экономикалық цикл, инфляция және жұмыссыздық" тақырыбы қазіргі таңда елеулі орын алатын ең маңызды проблемалар болып табылады.

Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды аитпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшылықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т.б. мәселелер орын алып келеді.

Экономикалық цикл, инфляция, жұмыссыздықтың заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуына, шикізат байлықтарына, халықтың менталитеті. халықаралық еңбек бөліністері орны т.б. жағдайларға байланысты.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлуде болып отыр.

Экономикалық цикл-бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

Дағдарыс кезінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия( "depressio"- латын сөзі, төмендеу, тереңдеу). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқтатылады. Жайлап болсада запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі фаза - тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдың келесі фазасы өрлеумен алмасады.

Өрлеу өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді.

Нарықтық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар. Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы несе экономиканы тікелей ретеуі керек.

Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері.Ұзын толқындар

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық рөлінің өсуіменен туындаған.

Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс - инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды. ҒТР жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда. Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар - прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар - көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады. Бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалумен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылысы құрылымдық дағдарыс деп аталады.

Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критериі қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бұл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі механизмін алдын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған:

1. Н.Д. Кондратьевтің циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші- технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикальды өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.

2. Белгілі американ экономисі С. Кузнецтің(1901-1983жж.) циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал қозғаушы күштері - өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы боп табылады.

3. Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12-ші жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сүреді.

Инфляция

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - қампаю , тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдарында орта кезінде көрінді.

Инфляцияның тауар бағаларының өсуімен көрінгенімен , ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс емес.

Инфляцияның себептері:

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына , циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік ретеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Баға өсуінің инфляциялық себептері:

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. ОЛ мемлекеттік бюжеттің ташылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдаланылса, онда байланыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынакта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылықтарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қаупі туады. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі . Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы тауардың бағасын арзандатуға болады. Бірақ револьвация отандық тауарлардың экспорттық бағасында қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзінен өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляциянынәтижесінде" орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ереше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.