Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалы тепе-тедік жне экономикалы су СРС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.35 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келе,экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің қайнар көзі экономикалық саясат, инвестиция, ал сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады.Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімі,еңбегін айта аламыз.Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.Нарық - қатаң қаржылық жауапкершілікке толы демократия.Онда өсу және құлдырау қатар жүреді. Экономикалық өсудің қайнар көзі-экономикалық ресурстар,экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады.Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.Нарықтық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер қайраты арқылы дамып,олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады.

Инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, елдер стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағытталады. Бұл орайда, таяудағы жылдарда экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа көңіл аударылады. Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.

Жалпы тепе-тендік теориясының негізгі қорытындысы мынадай: жалпы нарықтық тепе-теңдік болуы мүмкін және ол тұрақты бола алады; бұл жағдайда тұтынушылар алатын пайдалылығын, ал кәсіпкерлер алатын табысын жоғарылатады. Ресурстарды тиімді бөлгенде баға сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Сағындыков Е.Н. Жүнісов Б.А. Байжомартов Ү.С. Комягин Б.И.

Ақтөбе – 2004 ж.

  1. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов Ө.Қ. Байжомартов Ү.С.

Жүнісов Б.А. Комягин Б.И.

Алматы – Ақтөбе 2002 ж.

  1. Чемберлин Э.Г. теория монополистической конкуренции, М., 1959, 38 бет.

13