Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:”Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу ”
Орындаған:Байдильдаев Д.Т
124-топ ЖМФ
Тексерген:Бегимбетова.Р.К.
Қарағанды 2010
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады
2.Экономикалық өсуге әсер етуші факторлар
3.Экономикалық өсудің теориялары
4.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
5. Қазақстан экономикасының дамуының басым бағыттары
6.Экономикалық тепе-теңдіктің теориялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экономикалық өсу көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді. Барлық экономикалық мектептер мен теориялардың басты мәселесі - жеке фирмалардың және бүкіл ұлттық шаруашылықтың пайдасын жоғарылатудың негізі ретінде өндіріс тиімділігінің факторлары мен жағдайларын зерттеу. Бұл мәселені шешудің маңызды шарты макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұраныстың теңесуі макроэкономикалық тепе-теңдік деп аталады.
Жиынтық сұраныс - елдің нақты сатып алу қабілетінің көрсеткіші және белгілі бір баға деңгейіндегі тауарлар мен қызметтердің жалпы көлеміне сұранысты көрсетеді.
Жиынтық ұсыныс - экономикада өндірілген түпкі тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі. Бұл түсінік жалпы ұлттық немесе ішкі өнім синонимі ретінде жиі қолданылады.
Макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілерінің бірі XIX ғ. 70-ші жылдарында Л.Вальрас ұсынған жалпы тепе-тендік теориясы болып табылады. Бұл теорияны XX ғасырда Д.Хикс, К.Эрроу, Д. Патинкин, П. Самуэльсон және басқа да экономистер дамытты.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімінің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдаранан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің эстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақаттандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарықтық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілермен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Экономикалық өсуге бірқатар факторлар әсер етеді:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына ;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт- бағдар жасау: оларға –материалды сақтау, энерияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызымет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады.
Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандык және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішіндегі ақшалай соммасы.
Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.
Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтаңдыру жарнасы - корпорациялар табысына салық-корпорациялар пайдасын қайта бөлу - транспорт төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар = жеке табыс
Ұлттық табыс= Т¥Ө - жанама салык;
Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210млн. теңге құраса, ал алдыңғы да -200млн.теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда -5% құрайды. Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді). Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. Мысалы, Қазақстанда қызмет жасайтын британиялық мұнай компаниясының жыл ішінде өндірген өнімінің құны ҚР-ның ЖІӨ-нің, ¥лыбританияның ЖҰӨ-нің бір бөлігін кұрайды. Егер Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивиденд алып отырса, бұл кезде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҰӨ-н, ал Ресейдің ЖІӨ-н құрайды.
Экономикалық өсудің теориялары.Мультипликатор және Акселератор эффектісі.
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол қол жеткізу үшін Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап,алдағы уақытқа болжау құрды.Өз формуласының негізінде Кейнстің мультипликатор теориясы жатыр.Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырылды.Мультипликатор-көбейткіш,алакселератор-бұл дайын өнім сұранымыны өсуіне деген интенсивті өсушілік коффициенті.Мультипликатор ұғымын ағылшы экономисі Кан 1931 жылы ендірген,кейінірек Дж.М.Кейнс Еңбекпен қамту,өсім және ақшаның жалпы теориясы атты 1936 жылғы кітабында дамытты. А.Хансен,Р.Харрод,Дж.Хикс,П.Самуельсон,Н.Калдор өз еңбектерінде бұл ұғымды қарастырды.Мультипликатор-бұл қолда бар күрделі қаржының өсу кезіндегі ұлттық табыстың қанша есе өсетіндігін көрсетеді.Мысалы,жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн.долл.тен делік.Орташа табыс жылына 1000долл болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады.Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болды.Жұмыстылықтың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түсті,сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келіп,800 адамды қосымша жұмысқа тартады.Демек,инвестициамен тіеклей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде,жұмысшылардың түпкі жэиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн долл табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз.Бұл ждағдайда мультипликатор3-ке тең.Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты:мультипликатор инвестицианың көбеюімен ұлттық табыстың өсуін қарастырады,акселератор-ұлттық табыстың өсуі инвестицианың өсуіне алып келеді.Акселерация принціпін алғашқы рет 1913ж француз экономисі А.Афтальон(1874-1956) және 1919ж американ экономисі Дж.Кларк ұсынған.Мультипликациондық эффекті масштабынболжау үшін Дж.Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор:тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс-орташа тұтынуға бейімділік арасындағы тәуелділік.Орташа тұтынуға бейімділік-(АРС)экономикалық ғылымда психологиялық фактор ретінде түсіндіреді,себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді.Тұтынуға бейімділік дегеніміз-ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің(С)барлық ұлттық табысқа қатынасы.Шектеулі тұтынуға бейімділік-(МРС)кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасының көрсетілуі.АРС ұлттық табыстың жинақтау бөлігінің барлық ұлттық табысқа қатынасымен анықталады.МРС жинақтаудағы кез-келген өзгерудің сондағы табыс өзгеруіне қатынасын көрсетеді.Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялық эффектіні бағалауға ықпал жасады.Қазіргі Батыстық неоклассикалық экономикалық мектебінің өкілдері экономикалық өсудің тым күрделі көп факторлы моделін ұсынды.Нақсы айтатын болсақ,көп факторлы Кобба-Дуглас функциасын айтамыз. Оның формуласы мынадай:Q =dQ\dLxL+dQ\dK+dQ\dSxS мұндағы Q-өнімK-капиталL-еңбек S-жер.
Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері.Экономикалық өсу экономиканың бірқалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді.Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады.Экономикалық прогрестің бастықозғаушы күші-өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық.Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және тұтыныстары артады.Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі тиіс.Ескеретін жай,қоғам ресурстары шексіз емес,сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлы.Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде,еңбек өнімділігінің өсу есебінен қол жеткізіледі.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің ерекшеліктері бар. Оның артта қалуы ХХ- ғасырдың 50- жылдары басталған ҒТР дамуының сәйкестігімен байланысты. Экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады. ҒТР- дің қазіргі дәуірі технология революция айдарымен жүзеге асып, мынаны байқатады:
Еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, робото техниканы қолданатын жұмыскерсіз технология
Ресурсты сақтау технологиясы, қалдықсыз және аз қалдықты технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға қоқыс тастауды жою, яғни қоршаған ортаны ластамау.
Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгерді: бірінші орынға сандық емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі. Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің өзгеруімен экономикалық өсу сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді.
Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің қайнар көзі экономикалық саясат, инвестиция, ал сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады.
«Қазақстан-2030» президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы Қазақстан экономикасы дамуының басымды бағыттары.Біздің салауатты экономикалық өсу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни, меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес нарық пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды көздейді.Біздің еліміз алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:
Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету;
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру;
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсудің нақтылы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу;
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту;
Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өсу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану;
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өсуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту;
Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерінің ықпалды және осы заманға сай жасақтау.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз. Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол - инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бұл Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады. Біздің алдымызға не инфляция, не экономикалық өсу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өсу және макротұрақтандыру арқылы мақсатқа жетудің құралы екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине, басқа процестерге қарағанда қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ жүйелі және құрылымдық қайта құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді.Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ ауыл шаруашылығында, өндірістің бірқатар салалар мен әлеуметтік секторда нарықтық қатынастар төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік сектор бүтіндей дерлік меншік иелері алдында есеп бермейтін және жемқор басшылардың іс-әрекетінен туған төлем жүйесі дағдарысынан зардап шегіп отыр. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда қүруды талап етеді. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру жалғаса береді. Оның мақсаты - экспорттан экономикалық өсумен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесетін табыс алу. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өсуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді.
Біздің инвестициялық ахуалымыз неғүрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Дүниежүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше өңдеуші өндірістің, ең ал-дымен - ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын қажеттігін көрсетіп отыр.
Тұрақты өсуді қамтамасыз етуге бізге өндірісті диверсификациялау көмектеседі. Қазірге импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу процесі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай қүлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бүған тікелей қарама-қарсы бағытта жүріп барады. Өндірістің құлдырауы мен оның керітартпа құрылымы бұдан былай есепке алмауға болмайтын екі есе қауіпті фактор болып табылады. Егер еркін нарық шын мәнінде еркін болса, ол елде жаңа өндірістер туғызады. Біздің міндетіміз Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, неғүрлым маңызды салаларға инвесторларды пәрменді тарту болып табылады.Бірақ әзірге тек нарықтың күшіне ғана сенуге болмайды. Үкімет диверсификацияның индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс. 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, түрғын үй қүрылысы және инфрақұрылым жасау.Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың қүрылымдық мәселелерін ғана емес, жүмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.
Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта жаңғыруларын мемлекеттік басқару жүйесінің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бүған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады. Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған саяды:
Неғұрлым маңызды бірнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.
Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
Нақтылы жолға қойылған ведомство аралық үйлестіру.
Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.
Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес
Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізінде 1998-2000 жылдарға арналған неғұрлым маңызды міндеттерге тоқталып кетемін.
