Факторлардың өзара әрекеттестігі.
Қолайлы белдем және ағзалардың ортаның қандай да бір факторына қатысты төзімділік шегі бір мезетте басқа факторлардың қандай күшпен және қандай үйлесімділікте әрекет жасауына байланысты араласуы мүмкін. Бұл заңдылық факторлардың өзара әрекеттілігі деген ат алды.
Тежеуші фактор (шарты)−бұл төзімділік шегіне жақын келетін немесе одан жоғары болатын кез келген фактор.
Экологиялық төзімділік (толеранттылық)−ағзаның өзіне қолайлы экологиялық факторлардан ауытқуларға төзу қабілеті, түрдің тұрақты түршілік етуінің және оның қандай да бір функциясының ортаның нақты факторына немесе олардың үйлесімділігіне қатысты іске асырылуының аймағы.
Гомеостаз−табиғи жүйенің (ағзаның, түрдің) оның негізгі құрылымдарының жүйелі жаңаруымен жүретін ішкі динамикалық тепе−теңдігінің, оның құрауыштарының тұрақты функционалды өзін−өзі реттеуінің және заттық−энергетикалық құрамының күйі.
Өздігінен реттелу−жүйенің қызмет ету үрдісінде белгілі бір деңгейде кәдімгі күйін, режимдерін, оның құрауыштарының арасындағы байланыстардың сипатын сақтау қасиеті.
Табиғи жүйенің құрауыштары−оның негізгі өзара тығыз байланысқан құрамдас бөліктері; бір құрауыш өзгергенде басқалары да өзгеріп, «тізбектік реакциялар» пайда болады.
Ортаның шектеуші факторлары түрдің географиялық таралу аймағын анықтайды. Бұл факторлардың табиғаты сан қилы болуы мүмкін. Түрдің солтүстікке жылжуы жылудың жетіспеуімен, ариалды аудандарға ылғалдың жетіспеуімен немесе тым жоғары температурамен себептелуі мүмкін. Мысалы, аймақтың күштірек бәсекелестерімен басып алынуы немесе өсімдіктер үшін тозаңдандырғыштардың жетіспеуі.
Либих заңы (минимум заңы) –«өнім минимумда бар затқа байланысты» жән Шелфорд заңы (төзімділік заңы)−«кез келген ағзаның кез келген экологиялық факторға жоғары және төменгі тұрақтылық шекарасы бар»−экологияның негізге алынатын басты заңдары болып табылады.
Қорытынды
Жалпы қорыта айтқанда, американдық қалым С.Форбс экологияның айқын анықтамасын 1895 жылы берді: «Бұл өте кең, күрделі және маңызды ілім. Алайда оның кеңдігі мен маңызын біз оған бірінші жағынан Дарвиннің барлық ілімдерінің қатыстылығын ұғынғанда, екінші жағынан бүкіл ауыл шаруашылығының соған байланыстылығын ұғынғанда көреміз. Оған шынымен-ақ белсенді өмірдің кең өрісі мен материя мен энергияның тіршілік иелеріне қандай да бір жолмен ықпалы кіреді».
XX жүзжылдықтың басында ботаниктердің, зоологтардың, гидробиологтардың және т.б. экологиялық мектептері қалыптасып, дами бастады.1910 жылы Брюссельде өткен III ботаникалық конгрессте өсімдіктер экологиясы дербес өмір сүретін ағзалар (аутэкология) мен бірге өмір сүретін топтарға (синэкология) бөлінді.Бұл бқлініс жалпы экология мен жануарлар экологиясына таралады.
(1913-1920 жылдары В.Шелфордтың, Ч.Адамстың, С.А.Зерновтың (1871-1945) экологиялық еңбектері шықты, экологиялық ғылыми қоғамдар, журналдар пайда болды, экологияны университеттерде оқыта бастады.
Көптеген көрнекті зерттеушілердің еңбектері экологияның негізі болып табылатын білімдердің, ойлардың, тұжырымдардың, заңдардың жиынтығын жасауға мүмкіндік берді. XX ғасырдың 20-40 жылдары ұғымдық аппараттар қалыптасып,негізгі әдіснамалық тәсілдер жасалды. Соңғы онжылдықта бұл термин ерекше әйгілікке ие болды. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерістерінің ұлғайғандығы соншалық, адамның өзі тікелей немесе жанама түрде солардың құрбандығына айналды.
Академик А.А.Яншиннің (1911ж) айтқанындай, тіпті артына негативті із қалдырған екінші дүниежүзілік соғыстың өзі табиғатта қалыптасқан тепе-теңдікті бұза алған жоқ. Алайда содан кейін жағдай түбегейлі өзгерді.Халықтың саны күрт өсе бастады, әсіресе, қала халқының кіретін урбанизацияланған алаңдардың ұлғаюын тудырды, ол болса табиғаттың жай күйінің нашарлауына әкеліп соқты, ормандарды кесу, мал басының өсуі, гербицидтердің, пестицидтердің, көңнің қолданылуы көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралу аймақтарын төмендетті. Ядролық қалдықтарды көму мәселесі және төменде сөз болатын басқа мәселелер туындады.
1972 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Стогольмде адамды қоршаған антропогенді өзгерген табиғи орта туралы бірінші халықаралық кеңесті шақырып өткізді. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде тұрақты жқмыс жасайтын халықаралық ұйымды (ЮНЕП) –БҰҰ қоршаған орта жөнінде Бағдарламасын құру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі заманғы барлық «экологиялардың» негізі бүтін табиғатты, Жердегі тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін, тірі табиғаттың тұрақтылығын т.б. зерттейтін жалпы экология (негізгі экология) немесе биология болып табылады.
