Орографиялық- (геморфологиялық) факторлар.
Геоморфология рельеф туралы ғылым.Жердің рельефтері микроклимат және топырақ факторларына (мысалы, тау шатқалдары, арналар, ойпаттар және т.б.) айтарлықтай өсе өтуі мүмкін.
Су ортасының абиотикалық факторларына тығыздық, тұтқырлық, жылу сыйымдылығы, ащылығы, мөлдірлігі, қышқылдығы, ерітілген газдар, қозғалмалық, температуралық стратификация (градиент), температуралық режим жатады.
Антропогендік факторлар бқл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне әкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының әрекеттілігінің түрлері. Адамзат тарихының барысында алдымен аң аулаудың, содан кейін ауыл шаруашылығының, өндірістің, биліктің дамуы біздің ғаламшарымыздың табиғатына шұғыл өзгерістер әкелді.
Адам тірі табиғатқа абиотикалық факторлар мен түрлердің биотикалық байланыстарын өзгерту арқылы әсер етсе де, ғаламшардағы адамдардың әрекеттілігін жіктестіру аясына сыймайтын ерекше күшке бөлген жөн.
Оптимум заңы. Әрбір факторда ағзаға жағымды әсер етудің тек бір шектеулері бар. Ауыспалы фактордың әрекетінің нәтижесі ең алдымен оның айқындалу күшіне байланысты. Фактордың жеткіліксіз сияқты артық әрекеттілігі де дарақтардың тіршілік әрекеттеріне жағымсыз әсер етеді. Әсер етудің жағымды күші экологиялық фактордың оптимум белдемі немесе берілген түрлердің ағзалары үшін жай оптимум деп аталады. Оптимумнан ауытқу неғұрлым күшті болса, берілген фактордың ағзаларды жою әрекеті соғұрлым айқын (пессимум белдемі). Фактордың ең аз және ең көп ауыспалы мәндері−бұл шегінен шыққанда тіршілік ету мүмкін емес, өлім туындайтын дағдарыс нысандарының арасындағы төзімділік шегін ортаның нақты факторына қатысты тірі заттардың экологиялық валенттілігі деп атайды.
Түрлі түрлердің өкілдері бір−бірінен оптимум жағдайы бойынша қалай ерекшеленсе,экологиялық валенттілігі бойынша солай ерекшеленеді. Фактор көрінісінің сол бір ғана күші бір түр үшін қолайлы болса, екіншісі үшін енжар, үшіншісі үшін төзімділік шегінен шығуы мүмкін.
Ортаның абиотикалық факторлары бойынша түрдің кең экологиялық валенттілігінің фактор атына «эври» қсымшасын жалғау арқылы белгілейді. Эвритмдемді түрлер−температураның едәуір ауытқуларына төзімді, эврибатты түрлер,қысымның кең өрісіне, эвригалинді түрлер−ортаның сортаңдануының түрлі деңгейлеріне төзіиді.
Фактордың едәір ауытқуларына төзуге қабілетсіз немесе тар экологиялық валенттілік «стено» қосымшасымен сипатталады−стенотермді, стенобатты, стеногалиді түрлер және т.б. Сөздің кеңірек мағынасында тіршілік етуі үшін нақты анықталған экологиялық жағдайлар қажетті түрлерді стенобатты, ал түрлі экологиялық жағдайларға икемделуге қабілетті түрлерді эврибатта деп атайды.
Фактордың түрлі функцияларға әсерінің көп мағыналылығы.
Әр фактор ағзаның әр түрлі функциясына түрліше әсер етеді. Бір үрдістер үшін оптимум басқа біреулер үшін пессимум болып табылуы мүмкін.
Белгілі бір кезеңдерде ағза қандай да бір функцияларды (қоректену, өсу, көбею, таралу және т.б.) басымдылықпен жүзеге асатын тіршілік циклі әрқашан да орта факторларының кешенінің мезгілдік өзгерістерімен сәйкес келеді. Сондай-ақ еті тірі ағзалар өзінің барлық тіршілік функцияларың табысты жүзеге асыру үшін тіршілік ету ортасын ауыстыра алады.
Ортаның әрбір факторына түрлер біршама тәуелсіз жолмен икемделеді. Қандай да бір факторға төзімділік деңгейі түрдің қалған факторлар бойынша экологиялық валенттілігіне сәйкестігін білдірмейді. Мысалы, температураның көп өзгерісіне төзімді түрлердің сондай-ақ ылғалдылықтың немесе сорттандыру режимінің үлкен ауытқуларына бейімділігінің болуы міндетті емес. Эвритермді немесе стеногалинді,стенобатты және керісінше болуы мүмкін. Түрлі факторларға қатыста түрлердің экологиялық валенттлігі өте сан алуан болуы мүмкін. Бұл табиғатта бейімделулердің өте көп әр алуандығын тудырады. Ортаның түрлі факторларына қатысты экологиялық валенттіліктер жиынтығы түрдің экологиялық спектрін құрайды.
